Жүйелі жұмыс жүйкені жұқартпайды

Биылғы оқу жылы да аяқталды. Жыл бойы көп мәселе көтерілді. Мұға­лім жайы да қозғалды. Оқу­лық­тың ой-қыры, бары мен жоғы талқыға түс­ті. Оның жүйесіз тұстары туралы ащы да, ашық та айтылып жатты. Тіл төңі­регіндегі түйт­кілдер де жан-жақты тілге тиек бол­ды. 
Егемен Қазақстан
16.06.2017 72
2

«Баламасы жоқ, жегі құрт – жем­қорлықтан қорған», деп он жыл­дан аса «қолпаштаған» ҰБТ да өзге­ріске ұшырады. Үштілділік, оның ішінде ағылшын тілін оқыту, мұға­лім­дерді қысқа мерзімде әзірліктен өткізу жайы да назардан тыс қалмады. 
Сөйтіп, тоғыз айды артқа тастап, оқушыларды үш айлық демалысқа жі­бердік. Ендігі көкейде тұрған бір мәселе: «Алдағы оқу жылы қалай бас­талады, қандай өзгерістер күтіп тұр, айтылған сындар ескеріле ме, нәтижесі бола ма, оқулықтағы түйткіл түзеле ме?». Осы секілді сұрақтар кімнің де болса алдынан шығары хақ.
Әрине, реформа өз нәтижесін беріп жатса жақсы. Керісінше өзгелердің үлгісін өз мемлекетіміздің ерекшелігін ескермей, ұлттық менталитетімізді елемей, жаңалық деп жапсыра салудан, ақиқатына жүгінсек, ұтқанымыз онша көп болмаса керек. Содан да шығар әр-алуан пікірдің өріс алып жатқаны. 
Жалпы, азаттығымызды алғалы бері білім саласы реформадан көз ашпай келеді. Оның оң нәтижесі де, осы қа­лай дейтін тұстары да болмай қалған жоқ. Кемелдікке бет алған ұрпақтың білім нәрін алуына септігінен гөрі, кері әсері тигені көп. Оны бүгіп қалып қайтеміз?! Алдағы оқу жылында ондай олқылықтарды оң ниетпен ойластырсақ, оң шешімін тапса, нұр үстіне нұр болары ақиқат.
Мұндай игілікті жұмыста бірінші ойластыратын іс: мұғалім беделін яғни, мәртебесін көтеру жайын алға оздырсақ, қанеки. Реформаны іске асыратын, жаңалықты жалғастыратын, ең бастысы, балаға білім беретін мұғалім екені бесенеден белгілі. Мұғалім алаңсыз жұ­мыс істесе, біреуге тәуелділіктен құ­тылса, ол ұрпаққа бар зейінімен ден қойып, сауатты да саналы, білімді болып шығуына жол ашады. Тәуелділік сөзі − қаржы жағынан, баспанадан олқылық көрмесе, пәтер жалдаудан құтылса сөйтіп, ауқатты отбасы балаларының алдында биік тұрса деген ойдан туып отыр. Қазір мұғалімге айлық төлеудің әртүрлі жолы бекітілген. Оның бастысы, бірінші жұмыс өтілі,  санаты, қоғамдық жұмысқа қатысуы, тағы басқа қырлары ескеріледі. Айталық, 38-40 сағатпен екі ауысымда жұмыс істейтіндер 200 мың теңгеден аса айлық алады. Мұндай көп сағат мұғалім жетпейтін жерде болмаса, басқа білім орындарында, әсіресе, ауылды жерде 18-20 сағаттың өзін бөліп, еңбек етіп жүргендер қаншама?.. 
Мектеп табалдырығын жаңадан аттап, жұмыс бастаған жас мамандар 40-50 әрі кетсе, 60 мың теңге айлық алатын көрінеді. Сынып жетекшілігіне төленетін бір айдағы ақы 45-50 мың теңгені құрайды екен. Бұл қай жыртыққа жамау болады? Кейбір азаматтардың тойып ішетін түскі асына әрең жетеді емес пе? 
Осы арада мына бір ойымызды да ортаға сала кетсек дейміз. Бүгін­гі­дей қырық құбылған заманда сынып жетекшісі туралы арнайы мәр­тебе бе­кітілсе, кәдімгідей қаржы қарас­ты­рыл­са ол баламен, ата-анамен тікелей жұмыс істеп, оқушылар арасын­дағы әт­теген-айлар болмас па еді? Егер бұл орын­далмаған күннің өзінде, сынып жетек­шісіне төленетін қаржыны алда айт­қанымыздай көбейтсе, ұстаздар алакөз  болмай, көп сағат алуға ұмтылмай, білім мен тәрбиені ұштастырып жүргізер еді. 
Иә, біз көбінде білім беру мәселесін айтамыз да тәрбиені қағыс қалдырып қоямыз. Бұл баланың бетімен кетуіне әкелмей қоймайтынын көріп те, естіп те, куә болып та жүрміз. Осы мәселені әл-Фараби бабамыз: «Тәрбиесіз берілген білім құмға құйған сумен бірдей», деп айтып кеткенін әр кез еске ұстай бермейтініміз өкінішті-ақ. Ал өткен ғасырда Ұлыбританияның премьер-министрі болған Уинстон Черчилль: «Мектеп мұғалімдерінің қолындағы билігін премьер-министрлер тек армандай алады», депті. Бұл мұғалімді құрметтеудің, оның еңбегін бағалаудың, беделін көтерудің бір әдемі көрінісі деп білеміз. Бір кездері бізде де мұғалімге деген ілтипат ерекше болған. Мектеп бітіргендердің көбі мұғалім болуды аңсайтын. Бүгінгі түлектердің арасынан мұғалім болам дейтіндер бірлі – екілі шыға ма, шықпай ма, ол жағы жұмбақ. 
Ауылдың бүгінгі тұтқасы да, зия­лысы да мұғалім қауымы. Әрине, тұтқа деп отырған мұғалімнің бәрі де кір­шіксіз, білімі ұшан-теңіз десек, артық айтқандық болар. Араларында ақ қайыңға біткен без секілді жандар да кездеседі. Олардың да айтары барын білеміз. Бірақ ұрпақ тағдырын қолына сеніп тапсырған адамның, теріс басуға қақысы жоқ. Әйтпесе, Ота­нымыздың ұлы мен қызының обалына қалмау керек. 
Сонымен, алдағы оқу жылы биыл­ғыдай сүреңсіз сөздерден құтылып, ай­тылған сындардан қорытынды шығып, жұрт тілектері орындалып, жүйкені жұқартып жүрген жүйесіздіктен арылып, рухани жаңғыру тұсында әдемі үрдіспен басталса, балаларымыздың шырайы кіріп, білімді терең меңгеріп, бәсеке бәсінде ұрпақ та, ұлт та ұтылмас еді.

Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.10.2018

Брексит: келісімге қол жетпеді

15.10.2018

Геннадий Шиповских: Мұғалім мәртебесін асқақтату еліміз үшін аса маңызды (ВИДЕО)

15.10.2018

Сенаторлар Атырау қалалық Бизнес және құқық колледжінде кездесу өткізді

15.10.2018

Станимир Стоилов: Әлеуетін толық көрсете алмай жүрген футболшылар бар

15.10.2018

Павлодарда құрылысы ұзаққа созылған 25 нысан анықталды

15.10.2018

Елбасы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

15.10.2018

Қыздар университеті «Туған жерге тағзым» жобасын жүзеге асыруға кірісті

15.10.2018

«Ұстаз мәртебесі туралы» заңды әзірлеуге салалық кәсіподақ белсенді түрде атсалысады

15.10.2018

Өзбекстанда импорт өсіп, экспорт көрсеткіші төмендеді

15.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

15.10.2018

Мұратхан Шүкеев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

15.10.2018

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

15.10.2018

Ұшқындағы үшем

15.10.2018

Армения әскері Таулы Қарабаққа қатысты атысты тоқтату режимін бұзды

15.10.2018

Жан тебіренісінен туған картиналар

15.10.2018

Ел анасы жайлы еңбек

15.10.2018

Боксшы Сабыржан Бекбергенов Минскіде топ жарды

15.10.2018

«Жебе тартқан сөз бен жыр қосынынан...»

15.10.2018

Мегаполис медицинасын алға жетелейтін орталық

15.10.2018

Өмір сыйлар Azurion

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Týrızmdi damytý qonaqjaılyqtan bastalady

Tetigin tapqan elder týrızm salasyn sarqylmaıtyn tabys kózine aınaldyryp alǵan. Qyzyǵa qarap otyrsaq, bul saladan qyrýar qarajat túsetinin aıtpaǵanda, kóptegen jumys orny ashylyp,  eldiń tórtkúl álemge jaqsy aty shyǵyp jatady eken.  Al kez kelgen qonaqtyń kóńilin tabýǵa eń birinshi ashyq-jarqyn qabaǵyń, odan keıin dámdi tamaǵyń kerek ekeni álmısaqtan belgili aksıoma emes pe.  

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу