Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20750 материал табылды

Технология • 15 Шілде, 2020

Өкпені жасанды желдету аппараттарын шығарады

Түрік инвесторлары Қазақстанда өкпені жасанды жел­дету аппараттарының өндірісін жолға қоймақшы. Мем­лекетаралық келіссөздер аясында Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Түрік Республикасындағы Елшілі­гі­нің белсенді қатысуымен Biosys компаниясынан Biyovent ӨЖЖ аппаратының өндірісін игеру мүмкіндігі қа­рас­ты­рылуда.

Білім • 15 Шілде, 2020

Келешегі кемел бастама

Волонтерлік бастамалар бүгінде Қазақстан үшін өте өзекті тақырыпқа айналып отыр. Қазақстандықтарда, әсіресе жастарда қоғам игілігі үшін ерікті еңбекке әркімнің атсалысуы қажет екені, сонымен бірге бүкіл елдің табыс­ты өмірінің алғышарты деген түсінік қалыптаса бастады. Біз де қарағандылық жастардың қоғам өміріне белсенді араласып, азаматтардың өміріне бейжай қарамауларына баулып жатырмыз.

Ең қысқа әңгіме • 15 Шілде, 2020

Тарихи мұраны зерттеуге кірісті

Волонтер жылы аясында ел жастары қайырымдылықтан бөлек мемлекеттің тарихи құндылықтарын дәріптеп, оған үлес қосып жүр. «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы шеңберінде Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бақалы ауылы маңындағы «Жылқышы төбе» археологиялық қазба орнына волонтерлер жұмылдырылды.

Таным • 15 Шілде, 2020

Жүректің батырлығы

Ертеңгі күннің бүгінгіден жарқын болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білімге ғана тән. Демек, қай елдің де өркен­де­уі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы – білім са­ла­сының даму бағытына тікелей байланысты.

Таным • 15 Шілде, 2020

Полуторка және көшкен аудан

Дарьинскіге барған сапарымда даңқты жазушы М.Шолоховтың мемориалдық музейінде болғанда, музей ауласындағы биік тұғырда тұрған шынжыр табанды «ДТ-54» тракторы мен полуторка машинасын көргенмін. Ұлы Отан соғысы жылдарында «Правда» газетінің тілшісі ретінде жазушымыз осы полуторкамен майдан даласындағы әскери бөлімшелерді аралап, отты жылдардың шежіресін тарқатқаны күмәнсіз.

Руханият • 15 Шілде, 2020

Қажығали Мұқамбетқалиұлы

Қазақ елі қажырлы қаламгер, қас­терлі перзентімен қоштасты. Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Қа­жы­ғали Мұқамбетқалиұлының жет­піс сегіз жасында жер бетіндегі сапа­ры аяқталды. Ақтөбе өңірінің Қызыл­бұлақ ауылынан басталған жас­тық­тың жалғызаяқ соқпағы ерен еңбек­тің, елдік мұраттың, елге деген махаб­баттың, кеңдік пен кісіліктің, тазалық пен тұлға­лық болмыстың, толғамы толымды, жазғаны мол үлкен жүректі жазушының жолына айналды.  

Үкімет • 14 Шілде, 2020

Тұрақтандыру шаралары қабылданды

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешім қабылданды.

Руханият • 14 Шілде, 2020

Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуі

Әлемді жайлаған COVID-19 індеті, өкінішке қарай, біздің елімізде де белең алып, ауруға шалдыққандар саны күрт өсіп отыр. Кісі өлімі көбейіп, арыстай азаматтарымыздың ортамыздан кетіп жатқаны жанымызға батады.

Руханият • 14 Шілде, 2020

Ақыл-парасатқа жүгінейік

Біз қазір қиын кезге тап болып отырмыз. Тып-тыныш жатқан елге тұтқиылдан жау шап­қандай күйдеміз. Алматыдағы ағайындарды былай қойғанда, сонау Шымкент, Тараз жақ­тан қаралы хабарлар кө­бейді. Осы бір індеттен ба­қилық болған барша отан­дастарымыздың жандары жәннатта шалқысын.

Пікір • 14 Шілде, 2020

Бұл – мылтықсыз майдан

Бұл – қазақтың басына ғана емес, барша адамзат баласына келген зұлмат болып отыр. Шартарапты шарлаған індеттен қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамын.