Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20688 материал табылды

Руханият • 03 Шілде, 2020

Түркі академиясы Ұлттық домбыра күніне арналған онлайн-конференция өткізді

Бүгін, 3 шілде күні Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне арналған "Домбыра мәдениеті: дәстүр сабақтастығы және білім берудегі мәселелер" атты онлайн-конференция өтті. Бұл туралы Egemen.kz Түркі академиясыны баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғам • 03 Шілде, 2020

Тойды ысыра тұрған жөн

Елімізде індет белең алып, эпидемия­лық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты іс-шаралар қолға алынып жатыр. Президент пәрменімен Мемлекеттік комис­сия көптеген нысан­дардың жұмыс істеуін шектейтін, азамат­тар­дың топтанып жү­руіне тыйы­м салатын шешімдер қа­былдады. Бұл – осындай қысылтаяң шақта өте дұрыс қадам болды.

Медицина • 03 Шілде, 2020

Шектеулер отандастарымызға ой салса...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында «Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді», деп жазған еді.

Қоғам • 03 Шілде, 2020

Басты құндылық – адам өмірі

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, әлеуметтік мәселелерге қатысты өткір сөйледі. Бірқатар шенеуніктердің атына әділ сын айтылды. Мемлекет басшысының тапсырмалары бойын­ша қабылданған карантин шараларын күшейту жөніндегі шешімді қолдаймын және орынды деп білемін.

Қоғам • 03 Шілде, 2020

Темірдей тәртіп тығырықтан алып шығады

Қазір коронавирус індеті кеңінен тарап, оның шын мәнінде зор қауіпті екеніне халықтың көзі жете бастады. Біздің елімізді ғана емес, дүйім дүниені дүрбелеңге түсірген бұл дүлейге тойтарыс беру үшін әлем болып жол іздеп жатыр.

Қоғам • 03 Шілде, 2020

Сақтық шараларын орындау керек

Елімізде 5 шілдеден бастап 14 күнге карантиндік шаралар енгізілмек. Осы орайда, барша қазақстандық мемлекет бұл қадамға амалсыз барып отырғанын түсінуі керек. Әсіресе халықтың денсаулығын сақтап қалу, індетті одан әрі таратпау үшін мұндай шаралар қажет. Коронавирус пандемиясы бүгінде Қазақстандағы басты мәселеге айналды.

Қоғам • 03 Шілде, 2020

Негізгі міндет – аурудың таралуын тоқтату

Әлемнің көптеген елдеріндегідей, Қазақстанда да күрделі эпидемиялық жағдай қалыптасты. Мұндай жағдайда мемлекет тарапынан қабылданған шаралар мен жоспарланған іс-шаралар туралы халықты мүмкіндігінше тезірек ақпараттандыруға тырысу керек.

Өнер • 03 Шілде, 2020

Домбыра – дастан

Үн төгілді түрленіп – көк гауһардан кетті аумай,Жарқындығы – күлкідей, мұңдылығы – жоқтаудай.Ащылығы – шындықтай, тәттілігі – шабыттай,Жеңілдігі – көбіктей, ауырлығы – табыттай. Жұмекен Нәжімеденов

Елбасы • 03 Шілде, 2020

Елбасы Қазақстан халқына үндеу жолдады

Қымбатты отандастар! Қадірлі достар! Өздеріңіз білетіндей, коронавирус инфекциясының қатерлі пандемиясы әлемнің көптеген елін, соның ішінде Қазақстанды да шарпыды. Миллиондаған адам осы ауыр дертпен сырқаттанды, ол мені де айналып өткен жоқ. Бірқатар шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының, көр­некті саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің шынайы жанашырлығын танытып, маған моральдық қолдау көрсеткені көңілімді тебірентті. Баршасы қалтқысыз ниеттестігін жеткізіп, сергектік тілеп, тезірек сауығып кетуіме тілектестігін жолдады, сол үшін бәріне зор ризашылығымды білдіремін.

Пікір • 03 Шілде, 2020

Баянды болашақтың бағдаршамы

Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасы Нұрcұлтан Назарбаевтың мақаласын оқып шыққанда, осындай ой түйген едім.