Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20432 материал табылды

Қоғам • 11 Маусым, 2020

Қатерлі дерттен сақтаған, халық сенімін ақтаған

Адамзат баласы үшін бағзы заманнан бергі басты байлық – мықты денсаулық. Бұрын басы ауырып, балтыры сыздаса, халық емшілерінің көмегіне жүгінетін, қазір медицинаның қарыштап, қарқындап дамыған заманында білікті дәрігерлерге арқа сүйейді. Адам жанының арашасы саналар ақ халаттылар мамандығы – жылдар жылжып өтсе де замана көшінен қалмай, қоғамнан ойып орын алатын, әрдайым жоғары сұранысқа ие, өз биігін сақтап қалар мерейі үстем мамандық.

Экономика • 11 Маусым, 2020

Кооперациялар агроөнімді көбейтеді

Статистика мәліметтеріне қарағанда 2018 жылдың 1 қаң­тарына дейін елімізде 62 мың адамның басын бірік­тір­ген 2849 кооператив тіркеліпті. Алайда құрылған кооперативтердің проблемалары да жетерлік. Осыған байланыс­ты агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда қолданып жатқан мемлекеттік бағдарламаны өзектендіру мақсатында алты негізгі бағыт анықталды: еңбек өнімділігі, өнімнің бәсе­к­­еге қабілеттілігі, техникалық жабдықтар, білімі, өнімді сату­дан түскен табысы, үстеме шығыстарын салыстырмалы түр­де қолданып, нысаналы жұмыс істеуші индикаторларды ауыс­тырып тұру қажет.

Пікір • 11 Маусым, 2020

Экономикалық шараларға басымдық берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік лауазымға сайланғалы бір жыл өтті. Осы уақыт аралығында ел игілігі үшін көптеген іс-шаралар атқарылып, маңызды шешімдер қабылданды. Әсіресе бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға басымдық берілді.

Ең қысқа әңгіме • 11 Маусым, 2020

Суырлы тау

Ертеде моңғолдар мекен еткен Тарбағатай тауының Суырлы тау аталуының бірнеше мағынасы бар. Суырлар көп мекендеген өлкені сол кезде жоңғар­лардың мекені болғандығына байланысты, суырлардың шыңғырған да­уысы жоңғарларға маза бермегендіктен, сондай-ақ суыр терісінен тігілген бөрік кигеніне байланысты «Суырлы тау» атаған деседі. Негізінен Тарбағатайдың ежелгі атауы Барқытбел болған екен.

Қоғам • 11 Маусым, 2020

Жұмылған істің жүгі жеңіл

Сырдың бойы – табиғаты қатал, тал-дарақтың өзі қиындықпен шығатын өңір. Бірақ еңбектенсең бізде де жасыл бақ жасауға болады. Біз соған бастамашы болдық, тұрғындардың ынта-ықыласын ояттық. Осы көктемде отбасының әр мүшесі үшін «Үш тал» акциясын бастадық. Әлеуметтік желі арқылы таралған бұл акцияға алыс аудан тұрғындары да үн қосты.

Руханият • 11 Маусым, 2020

Қара қыз...

Жанат – үркек жан. Дауыс кө­тер­сең, көздері бақырайып, ұзын кір­пік­тері дірілдеп, бидай өңі бір ағарып, бір бозарып кетеді. Есіме бір оқиға түседі... Біздің театр­дың 25 жылдық тойына орай қала әкіміне де, оның орынбасары­на да кірдім. «Академиялық театрдың ескі ғимаратында отырмыз, кө­рер­мен залы 190-дай орын ғана. Ал қойылымдарымыз жақсы. Ал­айд­а көрерменге жетпей жатады. Тойдың алдында бізге бір ав­тобус сыйласаңыздар жақсы бо­лар еді» деген өтініш айттым. Маңайдағы облыстарға, аудан­дар­ға гастрольге барып тұратын едік. Той өтті. Әкім сахнада сөй­ле­ді. Автобус берген жоқ. Бірақ ішімде бір сұрақ қалып қой­ды. Көп ұзамай, шамасы 4-5 ай өткенде Жастар театрына әкім­нің орынбасары автобус сыйлады. Жалпы, әкімнің орынбасарының осы «Жастар театры» десе ылғи бүй­регі бұрып тұратын... Опера және балет театрының ғимаратын да, атақ-абырой, орден-медаль, пә­тер­ді де көбіне соларға беріп жү­р­ді. Мен соған ашуланамын. Білген адам­ға бұл да моральдық коррупция... Соған күйемін...

Оқиға • 11 Маусым, 2020

Тағылымды тарих – жарқын болашақ бастауы

Бүгінде Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті – еліміздегі жоғары білім беру жүйесінде өзіндік орны бар, уақыт талабына сай бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлайтын оқу орны. Сексен бес жылдық тарихында талай тағдырлы кезеңдердің, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің куәсі болды. Бүгінде халықаралық байланыстары нығайған университет әлемдік білім кеңістігінен өз орнын айқындап, еліміздегі көпсалалы жоғары оқу орындары арасында көшбасшылық межені сақтап келеді.

Коронавирус • 10 Маусым, 2020

Коронавирустен 6 науқас көз жұмды

Коронавирустен 6 науқас көз жұмды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Үкімет • 10 Маусым, 2020

А. Мамин Қырғызстан Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды Egemen.kz

Әлем • 10 Маусым, 2020

Жапонияның инвесторларға ұсынысы бар

Әлемдік экономикалық ахуал тез қалпына келген жағдайда халықаралық нарықта жұмыс істейтін жапон компанияларының акцияларының бағасы өседі. Дегенмен, жағдай нашарлаcа, жапон компанияларының ірі ақша қоры бар.