Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20432 материал табылды

Қоғам • 30 Сәуір, 2020

Жасылелдіктер үндеу жолдады

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы Премьер-Министр Асқар Маминге жолдаған үндеуінде мемлекеттік маңыздағы жолдар мен үйлер құрылысы жұмыстарына қатысуға дайындығын мәлімдеді.

Қоғам • 30 Сәуір, 2020

«Ауыл» ХДПП мәлімдемесі

Қадірлі отандастар! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты тағы бір маңызды мәлімдеме жасады. Мәлімдемеге сәйкес ел көлемінде төтенше жағдай мерзімі 11 мамырға дейін ұзартылды. Ірі қалалар мен облыс орталықтары карантинге алынғалы бір айдан асты. Алайда әлемдегі коронавирус індетінің уыты әзірге қайта қойған жоқ. Эпидемиялық ахуал ел билігін жаңадан шешімдер қабылдап, шұғыл шаралар қолдануға мәжбүрлейтіні анық. Президент мәлімдемесі арқылы мемлекет үшін ең маңыздысы – отандастарымыздың амандығы мен денсаулығы екенін тағы бір мәрте атап өтті. Сондықтан да жарияланған шешімдерді мемлекет толықтай мойнына алып отырған осы маңызды міндет тұрғысынан қабылдауға тиіспіз. Әрине карантин шаралары азаматтардың үйреншікті тірліктерінен бас тартып, күнделікті қажеттіліктерін шектеуге мәжбүрлейді. Десек те, індеттің аты індет. Дауасы белгісіз дерттің бетін қайтарып алмайынша ел болып карантиндік шарттарды сақтауға тиіспіз.  

Абай • 30 Сәуір, 2020

Ұлттың өре өлшемі

Озық ұлттар бәйгесі басталған ХХІ ға­сыр көшінде мемлекет құрушы ұлт­тың жасампаздық болмысы замана таразысына тартылуда. Бұл орайда адамзат өркениетіне көшпенділер әлемінің бірегей моделін жеткізген түркі текті қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі көтерер жүгі салмақтана түседі. Өз тарихында сан түрлі мемлекеттік биліктің дамуы, өркендеуі мен құлдырауын және қайта жаңғыру кезеңдерін бастан өткізіп, рухани-мәдени, ділдік ерекшелігі табиғат пен қоғамның үйлесімінде қалыптасқан халқымыз өз арасынан шыққан ұлы перзенттерімен де дараланады.

Абай • 30 Сәуір, 2020

Абайдың жүрек айнасы

Ұлы Абай жайында сөз айту, ой толғау әр қазаққа оңай секілді сезілгенімен, тап бермеде қиналып қалатыныңыз өтірік емес. Абайды білмейтін қазақ жоқ. Арғы-бергі уақыттың мінберінен Абай жайында сөз қозғап, ой тербемеген қазақ зиялысы аз. Оның басында Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы жазған «Қазақтың бас ақыны» деген әйгілі мақаласы тұр.

Қоғам • 30 Сәуір, 2020

Қолдауды сезінудеміз

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясының аясында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсетілуде. Аты жаман індеттің кезінде берілген бұл көмек өзіміз сынды аз қамтылған немесе әртүлі жағдайы бар отбасылар үшін шын мәнінде үлкен қолдау.

Коронавирус • 29 Сәуір, 2020

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 33 адам тіркелді

Қазақстандағы 2020 жылғы 29 сəуір сағат 22:25-тегі эпидемиологиялық ахуал бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 33 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 5, Алматы қ. – 11, Батыс Қазақстан облысында – 8, Павлодар облысында – 5, Атырау облысында – 4.

Қазақстан • 29 Сәуір, 2020

Қазақстанда тағы 21 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Қазақстанда тағы 21 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Алматы қаласында – 3, Шымкент қаласында – 1, Алматы облысында – 2, Павлодар облысында – 2, Ақмола облысында – 1, Қызылорда облысында – 1, Түркістан облысында – 9, Шығыс Қазақстан облысында – 1.

Елорда • 29 Сәуір, 2020

А. Көлгіновтің басшылығымен қала мен аулаларды абаттандыру мәселелері талқыланды

Елорда әкімдігінде қала әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен қала мен аулаларды абаттандыру, санитарлық тазалау және жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды. Қала әкімі аудан әкімдіктерінде жауапкершілікті бір-біріне сілтеу фактілері бар екенін айтты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда • 29 Сәуір, 2020

Алтай Көлгінов азаматтармен онлайн қабылдау өткізді

Карантин режімін ескере отырып, Елорда азаматтарын қабылдау онлайн режімінде өтті. 

Қазақстан • 29 Сәуір, 2020

Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық көмек Бішкекке жеткізілді

2020 жылғы 29 сәуірде Қазақстаннан ұн түрінде жіберілген гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы (800 тонна) Қырғыз Республикасына жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.