Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20442 материал табылды

Қазақстан • 15 Сәуір, 2020

Қазақстанда қаңтар-ақпанда 150 мыңға жуық көлік тіркелген

2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында елімізде 149938 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 15 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтан қаласының Заң кеңесшілер палатасы тегін онлайн көмек көрсетуде

Білікті құқықтанушылар әлеуметтік жәрдемақы алу, азаматтық құқықтар бойынша сауалдарға жауап береді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Елордада екі супермаркетке айыппұл салынды

Екі супермаркетке алыпсатарлық үшін 277 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Олар кейбір бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер бағасын 60 теңгеден аса қымбаттатқан, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қоғам • 15 Сәуір, 2020

Оңтүстіктің орамжапырақтарын еліміздің барлық өңірлері сатып алуда

Түркістан облысының аграрийлері биылғы жылы 8 мың гектар алқапқа ерте шығатын орамжапырақты егіп, сәуір және мамыр айларында 300 мың тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап отыр. Шаруалар Төтенше жағдай кезінде өсірілген өнімді сақтау және сату барысында қиындыққа тап боламыз деп алаңдаушылық білдірген болатын. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 15 Сәуір, 2020

Кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 36 млрд теңге бағытталады

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге жеңілдетілген шағын несие беру үшін 36 миллиард теңге қаржы бағыттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 15 Сәуір, 2020

Ақмоладағы алғашқы діни нысандар қашан және қалай салынды?

Бала кезімізден бастап әуелі туған тілімізді, тарихымыз бен мәдениетімізді қастерлеуге үйрендік. Тарихты білу үшін әр адам өзі тұрып жатқан өлкенің, қаланың тарихын білуі маңызды. Өлкенің тарихын білмей, басқа елдердің тарихын айтқаннан еш пайда жоқ. Айтайын деп отырғаным, біз өлкетану мәселесіне көбірек мән беруіміз керек. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында осы мәселеге баса назар аударып, «Туған жер» бағдарламасын ұсынғаны мәлім. Бағдарламаның басты мақсаты өскелең ұрпақты туған жердің тарихын білуге, өлкетану жұмыстарын жүргізіп, отансүйгіштікке тәрбиелеу еді. Бұл мақаланы қолға алудағы мақсатымыз да сол идеядан туып отыр. Өткеніңді білмей болашаққа болжам жасау мүмкін емес. Нұр-Сұлтан қалалық мемлекеттік архивінде сақтаулы  жүз жыл бұрынғы деректер мен фотосуреттерді тілге тиек ете отырып, тоғыз жолдың торабындағы қалада алғашқы салынған мешіттер мен шіркеулер  тарихы туралы аз-кем әңгіме қозғамақпыз.

Коронавирус • 15 Сәуір, 2020

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6 адам тіркелді

Қазақстандағы 2020 жылғы 15 сəуір сағат 10:00-дегі эпидемиологиялық ахуал бойынша Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6 адам тіркелді.

Қазақстан • 15 Сәуір, 2020

«Самұрық-Қазына» ІІМ қызметкерлеріне 1 млн медициналық маска тікті

Бұл туралы «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаментіның баспасөз қызметі хабарлады. 

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Қызылордада коронавирусқа шалдыққан 3 науқас - Сырдария ауданының тұрғындары

15.04.2020 жылғы мәлімет бойынша Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Атырау: Бұзақылар ма, әлде басқа ма?

Атырау облысында балық қорын заңсыз аулау тыйылар емес. Бадық қорына «барымта» жасаушылар инспекторларға  қарсылық та танытады. Сондай оқиғаның біріне қатысушылардың мотоциклді өртеп жібергені жайлы  видео  әлеуметтік желіде тарады.