Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20442 материал табылды

Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2024

IT саласының айымдары

Әйел – қай салада жүрсе де сұлу. Ирландия жазушысы Джеймс Джоистің ойынша, сұлулық – білім мен көрік, ар мен сән, жарық пен сауық. Яғни барша ғаламаттың үйлесімі. Бұл сөзге әркім әртүрлі баға береді. Әртүрлі қабылдайды. Ал ғаламды жаулап алған цифрлық үдеріс сұлулықтың символы әйелдерді қалай қабылдады? Цифрлық сала, оның ішінде IT ерлер ғана айналысатын мамандық сияқты көрінгенімен, іс жүзінде олай емес. Иә, дүниежүзілік статистикаға сәйкес қазір бұл бағыттағы мамандардың 92 пайызы – ер-азаматтар. Алайда әйелдер қатары да көбейіп келеді. Олар экономикалық мүмкіндігін кеңейтіп, жобаларын жандандырып жүр. Онлайн жұмыс істеп, соның арқасында үйін ұядай ұстап отырғандар баршылық. Төзімі мен білімін көркіне серік еткен цифрлық саланың сұлуларын сөзге тарттық. Өздері айтсын.

Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2024

Өсімдік сүтінің авторы

Гүлназым Оспанқұлова – биология ғылымдары­ның кандидаты, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, өсімдік сүтін ойлап тапқан ғалым.

Ғылым • 07 Наурыз, 2024

Зерттеуді емдеуге ұштастырған

Ләззат Ералиева – Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, педиатр, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Сонымен қатар ол – 150-ден аса мақаланың, 2 ұлттық нұсқаулықтың, монографиялар мен әдістемелік нұсқаулықтардың, 4 өнертабыс патентінің авторы.

Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2024

Ым тілі жүйесін жасаған маман

Нұрзада Амангелді – ІТ маманы, PhD, ерекше қажеттілігі бар жандар үшін бірегей жоба дайындаған ғалым. Қазір Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінде сабақ беріп, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Өзекті тақырыпты таңдауы халыққа пайдалы іс болсын деген ниетінен туғанын айтады.

Егемен Қазақстан • 07 Наурыз, 2024

«Хат қоржын»

Елорда • 07 Наурыз, 2024

Елордалық еріктілер мереке иелеріне қызғалдақ сыйлап жүр

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап, гүл мен шоколадпен қуантып жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 07 Наурыз, 2024

Гүлшара Әбдіқалықованы «ханның қызы» деп атаған әйел ұсталды

Бірнеше жыл бұрын Гүлшара Әбдіқалықованы «ханның қызы» деп атаған әйел ұсталды. Әлеуметтік желіде оның қамауға алынған сәтінен түсірілген сурет тарады, деп жазады Egemen.kz.

Тарих • 07 Наурыз, 2024

Жазушының шығармашылық қазынасы

Көрнекті ақын, жазушы, драматург, публицист, педагог, психолог, сыншы, аудармашы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Айма­уы­тұлы 1889 жылы 8 наурызда Семей губер­ниясына қарасты Кереку уезінің Қы­зыл­тау болысын­дағы №1 аулында (қазіргі Павлодар облысының Баян­ауыл ауда­нын­­­дағы Жүсіпбек Аймауыт атындағы ауыл) дүниеге келген. Жер­гілікті адамдардың айтуына қарағанда, әкесінің азан шақы­рып қойған аты Оймауыт екен. Жазушының өзі: «Мен Сиыр жы­лы­ның аяғында (1890 жыл­дар) Қызылтаудың баурындағы Қара­ның адыры деген жерде Дәндебай ау­лында тусам керек. Руым Сүйіндік, соның ішінде Күлік. Айдабол мен Күлік бір туы­сады. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғырұлы – Айдаболдан. Екеуміз сегі­­зін­ші атадан қосыламыз. Қазақтың фольклоршы публицисі, ше­жіреші ақыны Мәш­һүр-Жүсіп Көпейұлымен жетінші атадан қосы­ламыз. Кереку уезі, Семей губер­ниясы», дейді.

Білім • 07 Наурыз, 2024

Көшбасшы болу оңай ма?

«Алты Алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі» деп Мағ­жан Жұмабаев айтқандай, қазақ ұғымында ұстаздың орны бөлек. Бүгінде мәртебелі мамандық иелеріне жүктелетін жауап­кер­ші­лік­ жүгі ауыр. Әсіресе мектеп директорының жұмысы қиын. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, ата-аналардың көңілінен шығу, тұтас ұжымды басқару оңай емес.

Әдебиет • 07 Наурыз, 2024

Сәкеннің соңғы күндері

Тар жол, тайғақ кешуден тайсалмаған тұлға ақын, ірі мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің биыл 130 жылдығы. 28 жасында қазақ өкіметін басқарған жаңа бағыттағы әдеби дәстүрдің негізін салған ақынның өмірі небәрі 44 жасында «Үлкен террор» саясатымен қиылды.