Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20439 материал табылды

Білім • 15 Маусым, 2023

Ауыл мектебі түзелмей, білім көші оңалмайды

Кез келген қоғамда өске­лең ұрпақтың білім дең­гейі мен сапасына қа­тысты мәселе күн тәрті­бінен түскен емес. Жас жеткіншектің қа­зір алған білімі ертең ел игілігі үшін кәдеге жарайтыны талассыз ақиқат. Білім – ұлттың келешегін қуат­тай­тын, дамытатын негізгі құрал. Бүгінгі таңда еліміздің даласы мен қаласындағы орта білім сапа­сының алшақтап тұр­ған­дығы айқын. Сол бір ал­шақ­тықты қысқарту – өзекті мәселе.

Егемен Қазақстан • 14 Маусым, 2023

«Хат қоржын»

Тұлға • 14 Маусым, 2023

Еге

«Ержан Бекбауұлы Исақұловқа кең саяси ой-өріс, өткірлігі лазер сәулесінің қуатты жарқылындай биік деңгейлі кәсібилік, қашанда, қай істе де Құдай бере салған терең түйсік, сирек кездесетін моральдық-жігерлілік және іскерлік қасиеттер тән, кейбір адамдар мұны байқай да бермейді. Аралас-құраласта қарапайым, аналитикалық ойлауға бейім, басшы ретінде кесімді де шешімді, салқын сабырлы, дәйім тап-тұйнақтай, сарабдал, өте зиялы, үйренуден жалықпайды. Оның дара тұлғасының ерекшелігі мен сипаттарын осындай көтеріңкі сөздермен әлі талай айта беруге болады. Сөйткен күннің өзінде, менің ойымша, оның бейнесін толық күйде ешкім де, ешқашан ашып бере алмайды» – бұл сөзді осыдан екі жыл бұрын өмірден өткен ҰҚК ардагері, генерал-майор Есенгелді Мұстафетов жазыпты.

Әдебиет • 14 Маусым, 2023

Тәрбие көзі – көркем әдебиет

Көркем әдебиетті оқыған адам үлкен адамгершілік мектептен өтеді. Көркем шығарма жүрекке сәуле түсіріп, ар-ұжданыңды оятатын қасиетке ие әрі жақсылыққа үндейтін ізгі досың секілді.

Қазақстан • 14 Маусым, 2023

АҚШ-тан жүлдемен оралды

«US Open FIRST LEGO League» халықаралық роботтехника чемпионатында Қарағанды облысының «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты және Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қола медаль жеңіп алды. Чемпионатқа әлемнің 20 елінен 700-ден астам оқушы қатысты.

Тұлға • 14 Маусым, 2023

Қарасөздің хас шебері

Осыдан жарты ғасыр бұрын ару қала Алматы жаз шыға ерекше құлпырып кететін. Оқтай түзу көшелердегі жап-жасыл ағаштар, көздің жауын алатын алқызыл гүлдер алыстан менмұндалайтын. Арықтардағы сылдырлап ағып жатқан мөлдір су қандай еді. Ол кезде қазіргідей көшелерде кептеліс жоқ, трамвай, автобустар толассыз жолаушыларды қалаған жеріне жеткізетін. Алматының сұлу көрінісіне тамсана қарап келе жатқанымда Киров көшесінің бойындағы түшпараханаға келіп қалыппын. Енді бір сағаттан кейін емтихан. Арманымыз – журналист болу. Ол кезде еліміздегі бірден-бір журналис­тер әзірлейтін оқу орны – С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетіне оқуға түсу қиынның қияметі болғаны да белгілі.

Ғылым • 14 Маусым, 2023

Ғылым – дамудың басты кілті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен өткен жиында адамзат жетістіктердің барлығына білімнің арқасында қол жеткізгенін және қазір, әсіресе озық технология дәуірінде ғылымсыз алға жылжу мүмкін емес екенін айтқан еді. Бұл ретте мемлекетіміздің саясатында ғылым мен технология, инновациялық даму ел экономикасын өркендетудегі басым бағыттардың бірі ретінде айқындалып отыр.

Экономика • 14 Маусым, 2023

Астана экономикасы: Тақ келген жерге бақ келді ме?

Елорданың экономикалық әлеуе­тіне тоқталғанда «Тақ келген жерге­ – бақ келеді» деген тегеурінді тәм­сіл­ тіл ұшына оралды. Ширек ға­сыр­ ішінде бас қаланың аумағы ана­­ғұрлым ұлғайып, абыройы ал­ты­ құрлыққа жеткені – бағы жан­­ға­­ны деген ойдамыз. Әу баста Астана мәртебесін ие­лен­­ген кезеңнен бастап бұл қала­ға елі­міздің әкімшілік басқару нүк­те­сі,­ мәдени-рухани орталығы ғана емес, экономикалық локомотиві бо­лу сынды маңызды миссия­ жүк­­­­те­л­ген болатын. Олай болса,­ 25 жыл ішінде қаланың негізгі әлеу­мет­тік-экономикалық көрсет­кіш­те­рі қалай өзгерді?

Таным • 13 Маусым, 2023

Бақыт индексі қай деңгейде?

Жыл сайын тәуелсіз сарапшылар тобы әлем халықтары арасында сауалнама жүргізе отырып, Бақыт индексінің көрсеткіштерін анықтайды. Бұл индексті анықтайтын зерттеулердің ішінде «World Happiness Report 2023» және «Global Happiness 2023» есептері бар.

Халық • 13 Маусым, 2023

Батагөйлер бәйгесі

Ұлттық құндылықтарымыздың бірі де бірегейі – бата беру дәстүрін дәріптеу, уақытпен үн­дес­тіре жаңғырту, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақ­сатында Тараз қала­сында дәстүрлі «Батаменен ел көгерер» атты байқау өтті.