Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20679 материал табылды

Ғылым • 30 Сәуір, 2023

Қосымша ақы көбейді

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бірқатар заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде ғылыми қызметкерлерге қосымша ақы төлеу мәселелері де қаралды.

Руханият • 30 Сәуір, 2023

Сақи жырдың сәнді ордасы

Иә, алдап-сулап әкеліп, сырға басыңды соғып кететін Шимұрындай, уақыт құрмағыр да біздің талай балшырын сәттерімізді ұрлап бағыпты-ау! «Әкудей, шіркін, өтер бір күн, миллион сомдық ойын-күлкің» деп Иса Байзақұлы жырлағандай, қылшылдаған құбарлан кездер білдірмей қыр асып кетіпті-ау!

Қоғам • 28 Сәуір, 2023

Тілдің қолданысына – оң көзқарас

Қостанай облысында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тілді еркін меңгеруге жағдай жасау, қолданыс аясын кеңейту мақсатында жасалып жатқан іс-шаралар аз емес. Бүгінде мемлекеттік қызметтегі құжат айналымы қазақ тілінде жүргізіледі.

Қазақстан • 28 Сәуір, 2023

Келешегін ойлаған KEGOC компаниясы жастарға жанашырлықпен қарайды

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы KEGOC акционерлік қоғамы жастар саясаты мәселелеріне әрдайым жете көңіл бөліп келеді. Компанияда жас мамандардың кәсіби шыңдалуына, мәдени-рухани дамуына және саламатты өмір салтын ұстануына барлық мүмкіндік жасалып отыр.

Мектеп • 28 Сәуір, 2023

Таланттар тоғысқан қарашаңырақ

Тарихы тереңде жатқан білім ордаларының қатарына Алматыдағы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатын жатқызуға болады. Аты алысқа тараған оқу ордасының бүгінгі жағдайына қарап та көңіл тойғандай.

Ұстаз • 27 Сәуір, 2023

Ұстаз ұстанымы

Тәуелсіз еліміздің бәсекеге қабілетті мемлекет болуына, заман ағысымен қатар өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген, «Бейбіт күннің батырлары» деген атқа лайықты, білімді де білікті азаматтар бар арамызда. Солардың бірі – бiлiм беру iсiнiң үздiгi, «Құрмет» орденiнiң иегерi, Ордабасы ауданының Құрметтi азаматы, ұлағатты ұстаз Мәрия Зәйтүнқызы.

Тұлға • 27 Сәуір, 2023

Димекең ерекше қадірлеген азамат

Сөз зергері, журналист, жазушы, баспагер Серік Әбдірайымұлының дүниеден өткеніне он жылға жуықтап қалды. Көзі тірі болса биыл сексенге толар еді... «Мен – «Жас Алаштың» қазанында қайнаған азаматпын. Бұл басылым маған ыстық. Тұңғыш еңбек жолым осы газетте басталған», деп Серік жастар басылымын аузынан тастамай отыратын-ды.

Өнер • 27 Сәуір, 2023

Дәнеш еккен дән

Мен білетін Нұржан Жанпейісов жаны жайсаң, бойында жасандылық жоқ жан. Қарапайым, ашық-жарқын кішіпейіл. Тіршілікте қандай қарапайым болса, сахнада да осы табиғи қасиетін сақтап келеді. Әрдайым ашық жарқын жүреді. Отбасынан алған тәрбие, өнер дарабозы Дәнеш Рақышевтен алған тәлім Нұржанның адамгершілік қасиетін ұштап, өнер өрісін кеңейтіп, бол­мыстық даралығына жол ашқандай.

Жемқорлық • 27 Сәуір, 2023

Қазынашылықтағы мінсіз қызмет

Қазіргі заманғы нарықтық қаты­настар жағдайында Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық тақырыбы және құқықтық мемлекет құру жайы расында да өзекті мәселе болып отыр. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде өмір сүру деңгейіне кері әсерін тигізіп, қазіргі таңда кеңінен таралуда. Бұл құбылыс бірінші кезекте мемлекеттік қызмет органдарының имиджіне теріс әсер етеді, азамат­тардың сеніміне нұқсан кел­тіреді, мемлекеттің нарықтық эко­номи­касының дамуына қауіп төн­діреді және экономикалық және ұлттық қауіпсіздікке зиян кел­тіретіні сөзсіз. Бүгінде сыбайлас жем­­қорлық деңгейін төмендету және жою – өзекті міндеттердің бірі.

Пікір • 27 Сәуір, 2023

Халық бірегейлігінің рәмізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясы форумның еліміздегі маңызды саяси оқиғалардың бірі екенін анық көрсетті.