Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20724 материал табылды

Энергетика • 20 Сәуір, 2023

Жаңғырмалы энергетиканы дамыту мүмкіндігі

Президент айтқан «орташа табыс тұзағына» біз 2013-2014 жылдары жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 13 мың долларға жеткеннен кейін түсіп қалдық. Негізі Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі өзекті экономикалық проблемаларды көтерді. Оны экономикалық өсім және нарықтық рельске көшу деп екіге бөліп қарастыруға болады. Еліміз әлі күнге мұнай секторынан түсетін табысқа тәуелді болып қалып отыр.

Қаржы • 20 Сәуір, 2023

Табыс тұзағынан құтылу жолы

Президент айтқан «Орташа табыс тұзағы» деген не? Нақты бір адамды мысалға келтіріп айтсақ, табысың кедейліктен сәл жоғары, бірақ одан әрі өсуге жол жоқ деген сөз. Былай қарасақ, жаман өмір сүріп жатқан жоқпыз. Бәрі бар сияқты. Бірақ осы «орташа табыс тұзағынан» құтыла алмай отырмыз.

Еңбек • 20 Сәуір, 2023

Еңбектегі бәсекенің бәсі жоғары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкімет үйінде өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте көтерілген мәселелер өте ауқымды әрі өзекті. Алқалы жиыннан түйгенім – Мемлекет басшысы осы жолы әкімдерге соңғы ескерту бергендей болды.

Пікір • 20 Сәуір, 2023

Мәслихат іскерлігімен маңызды

Елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте, сонымен қатар Үкімет отырыстары мен халыққа жолдаулары, өңірлерді дамыту мәселелері жөніндегі кеңестерде сөйлеген сөздерінен Мемлекет басшысының елдегі жағдайдан жан-жақты хабардар екенін байқауға болады.

Руханият • 20 Сәуір, 2023

Алаш рухты ақын

Қытай қазақ жазба әдебиетінің не­гі­­зін салушылардың бірі, әйгілі ақын Таң­жарық Жолды­ұлының (1903-1947) туу, өсу жолы Алаш кезеңімен тұспа- тұс келді. Оның он жасқа шыққан жылы:Жолды әкем еді бас қалқам,Жиылмай қапты-ау дастарқан.Қас қаққанша болғаны-ай,Аузы-басы тас-талқан, – деп өлең шы­ғарғанын ескерсек, Алаш рухы қанат қақ­­қан­ 1917-1918 жылдар Таңжарықтың боз­балалықты борандатқан дер шағы еді.

Фотогалерея • 20 Сәуір, 2023

Қадыр ақынды қастерледі

Жақында Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, кәсіпқой фотосуретші Рафхат Халеловтің «Қазақтың Қадыры» атты фотокөрмесі ашылды.

Пікір • 20 Сәуір, 2023

Әкімдерге жүктелген міндет зор

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде өткен кеңейтілген кеңес жаңа форматтағы жиын болды. Тұңғыш рет мұндай деңгейдегі іс-шараға мәслихаттардың басшылары қатысып, аудан әкімдері жиналды.

Сенат • 20 Сәуір, 2023

Тұрмыс сапасын арттыру ерекше бақылауда

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өтті. Жиын барысында Президентіміз жуырда өткен Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы саяси реформалардың маңызды кезеңі болғанын айтты. Осылайша, билік тармақтарының тепе-теңдігі орнықты.

Білім • 20 Сәуір, 2023

Сапалы білім – ел дамуының діңгегі

Қоғамның даму көрсеткіші білім саласының деңгейіне байланыс­ты екені белгілі. Сондықтан білім саласына келгенде әуелі қоғамды бай-кедей деп жік-жікке бөлмей, білім алуына теңдей мүмкіндік қарастыру қажет деп есептеймін. Білім қазіргі заманға сай болса, онда келешекте жас өскіндеріміз бәсекеге қабілетті болып жетіледі. PISA халықаралық зерттеуіне үңілсек, кейінгі 10 жылдың көлемінде еліміз орта білім сапасы бойынша 80 елдің ішінде елуінші-алпысыншы орыннан аспаған. Мұның салдарын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте тарқатып айтып берді.

Саясат • 20 Сәуір, 2023

Андрей Чеботарев, қаржы сарапшысы: Алдағы міндет – «Орташа табыс тұзағынан» құтылу

Мемлекет басшысы экономиканың өсімі туралы айта келіп, соңғы 10 жылда еліміздің «орташа табыс тұзағына» түсіп қалғанын айтты.