Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20733 материал табылды

Дін • 11 Сәуір, 2023

Ораза – отыз күндік медресе

Рамазан – рухани тәрбие алатын ай, бейнелеп айтқанда, отыз күндік медресе. Бұл айда Аллаға жақындауды ниет етіп, ауыз бекіткен адам рухани азық алумен қатар мінезі мен өмірін өзгертеді. Осы ретте оразаның рухани пайдасы жайлы айтып кеткенді жөн көрдік.

Ғылым • 11 Сәуір, 2023

Жоғары білім – ғылым мен мәдениеттің арқауы

Осы жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Президенті жанынан Ғылым мен технология мәселелері жөнінде ұлттық кеңес құру туралы Мемлекет басшысының Жарлығы шықты. Кеңестің құрамына Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, елімізге белгілі ғалымдар қатарынан 42 адам мүше болып, үш жыл мерзімге сайланды.

Маман • 10 Сәуір, 2023

Нанобөлшекті алу жолы

Биомедицина медицина саласымен тікелей байланысты. Бұл бір спецификалық аспектіде ерекшеленетін мамандық. Биомедицина медицина саласындағы инновациялар мен прогреске күш береді.

Ғалым • 10 Сәуір, 2023

Ядролық физика мектебі

Ғылымдағы негізгі айналысатын салам – ядролық физикадағы заманауи материалтанудың жаңа бағыттарының дамуы. Кейбір адамдар ғылымның төркінін түсіне бермейді. Ал ядролық физика тіпті таңсық. 10-сыныпта оқып жүргенімде-ақ өзімнің кәсіби қызметімді физикамен, дәлірек айтсақ, ядролық физикамен байланыстырамын деп шешкен едім.

Пікір • 10 Сәуір, 2023

Әлемдік деңгейге ұмтылған абзал

Қазіргі күннің экономикасын ғылымсыз елестету мүмкін емес. Бұл тұрғыда зерттеу университеттеріне ерекше миссия жүктеледі. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ зерттеу университеті деген мәртебе алды. Ендігі кезекте ғылыми зерттеу университетін құрудың басты мақсаты және оның бағдарламасының стратегиясы уақыттың жаңа сын-қатерлеріне төтеп беру, сайып келгенде, ел экономикасына ықпал ету болуы керек.

Ғылым • 10 Сәуір, 2023

Ғылым өзгеріспен құнды

Ғылым деген шынымен де «инемен құдық қазғандай». Ғылым жолы – ауыр әрі қауіп-қатерлі жол. Ерінбей, жалықпай жұмыс істеу керек. Ғылым деген – еңбек. Бірақ ғылымға деген адамның ең бастысы табиғатынан, болмысынан ынтаcы болуы керек.

Білім • 10 Сәуір, 2023

Элитарлық білім жолында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы халыққа Жолдауында «...мек­­тептердегі орта білімнің сапасын көтеруде, білікті педагог кадрларды даярлауды жетілдіруде дарынды жастарды іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына даярлау» міндетін күн тәртібіне қойған еді.

Сенат • 10 Сәуір, 2023

Іс-шаралар жоспары

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті. Онда VIIІ сайланған Парламенттің І сессиясына арналған Сенаттың негізгі іс-шаралар жоспары және 11 сәуірде өтетін Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді.

Туризм • 10 Сәуір, 2023

Көрікті жерлеріміз көп, бірақ келушілер аз. Неге?

Бүгінде әлем бойынша ішкі жалпы өнімнің 10%-ы туризмнен түсетіні белгілі. Бұл әлемнің дамыған ел­дері қызмет көрсету саласының кілтін таба білгенін аң­ғар­тады. Кейінгі жылдары елімізде де туризм сала­сы­на ерекше көңіл бөлініп келеді. Мысалы, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сай­ланған Парламенттің бірінші сессиясында ел дамуына үлес қосатын бірнеше маңызды бағытқа тоқталып, соның ішінде Үкімет пен Парламент туризмді дамыту мәсе­лесіне баса назар аударуға тиіс екенін жеткізді.«Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ сол жерлерге барып демалуға әлі де жұрт­тың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет. Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен және сырттан келген туристердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болмақ», деді Президент. Осы орайда туризм саласын ілгерілету ісіне тікелей қатысы бар сала мамандарының басын қосып, ұсыныс-пікірлерін, түйдек-түйдек ойларын оқырманға ұсынып отырмыз.

Ұстаз • 09 Сәуір, 2023

Ұстаз

Ұстаздық – ұлы мамандық. Адамзат жаралғалы, аспан мен жердің арасындағы әрекеттік, сөздік, іс-қимылдық, дәнекерлік пен дәргейлік қарым-қатынастардың бәрінде біреу үлгі, екінші біреу үлгі алушы. Қасиетті кітапта «әуелі сөз болған» деген тұжырым бар. Ал ол сөз күллі адамзат қауымының өмір сүру қасиеттерінің түпқазықтық қағидаты. Демек, қасиетті кітап сөзі – ұстаздық дастан. Ұстазымыз, академик Зейнолла Қабдоловтың: «Ұстаздық – ұлы нәрсе» деуінде ықылым заманнан келе жатқан ықылас пен ынтымақтың әр заманда уақыттық категорияға сай мазмұндық жағынан байып, пішіндік жағынан жаңғырып жатуы ойтірек болған.