Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20699 материал табылды

Тұлға • 29 Наурыз, 2023

Тұңғыш контр-адмирал

Кеңес одағы кезінде Қазақстан аумағында КСРО Әскери-теңіз флотының бірде-бір бөлімшесі болған жоқ. Еліміз егемендік алып, Президенттің Әскери-теңiз күштерiн құру туралы Жарлығы шыққан уақыты 1993 жылдың екінші сәуірі еді. Алайда бұл кезде әскери теңізшілердің жауынгерлік және күнделікті қызметін реттейтін құжаттама да, техника да, кадрлар да болмаған.

Қоғам • 29 Наурыз, 2023

Көшет егу – көшелі іс

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деген сөздің түпкі мәні тереңде жатқаны даусыз. Жасыл желегі жайқалған Жамбыл өңірінің көркі – саясы биік-биік талдар. Көктем келе сала жергілікті атқарушы билік көктемгі дала жұмыстарымен қатар көшет егу ісіне айрықша назар аударады. Ауыл-ауылдағы жергілікті халық та ауласына тал-дарақ отырғызуды парызы санайды.

Қазақстан • 29 Наурыз, 2023

Тұрақтылықты қамтамасыз ету

Нью-Делиде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының он сегізінші кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Пікір • 29 Наурыз, 2023

Халық әртісі – халықтың құрметі

«Қазақстанның халық әртісі» деген құрметті атақты иеленуді барша өнер адамдары армандайды. Алайда бұл атақты алудың бір-ақ қана шарты болуға тиіс. Ол – адал еңбек. Атақ баз біреулердің өмірінің мағынасы, қоғамға ықпалы жүретін биік мансаппен тең дәрежеде болуы мүмкін, бірақ ол өнердің, өзінің алдында адал болып, халыққа қалтқысыз қызмет еткен жанкешті жанға берілгенде ғана өзін ақтайды.

Қоғам • 29 Наурыз, 2023

Ақмолалықтар тамақ қалдығын француз үлгісінде кәдеге жаратып отыр

Осыдан бес ай бұрын Ақмола облысының Ақкөл ауданында тамақ қалдықтарын өңдейтін жаңа жоба іске қосылған еді. Онда француздық компания органикалық қалдықты шірітуге арналған 5 бірдей электрокомпостер құрылғысын орнатты. Жылына 125 тонна тамақ қалдығын өңдей алатын заманауи құрылғы Ақкөл ауданындағы балалар үйіне, орталық ауруханаға, ғарыштық байланыс орталығы кешеніне және «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ғимаратына қойылды.

Ғылым • 29 Наурыз, 2023

Хорезми, Гаспар Монж және қазақ оқулығы

Жоғары техникалық мектепте классикалық міндетті пән саналған сызба геометриясы бүгінде күрделі жағдайды бастан кешіп отыр. Бұл сала білім алушының кеңістікте ойлау қабілетін қалыптастырып, дамытып, сауатты сызуға баулыса, өкінішке қарай, қазіргі техникалық мамандықта оқитын студенттер сызбадан өте әлсіз. Себебі орта мектепте сызу пәні, ал жоғары оқу орындарында сызба геометрия өтпейді. Болашақта өндірісте жұмыс істейтін мамандар бұларсыз қалай жетілмек?

Үкімет • 28 Наурыз, 2023

Мәжілістің VIII шақырылымы: Депутаттар тіркелді

Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымы депутаттарын тіркеу мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Парламент Мәжілісінің жаңадан сайланған депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан отырыс ОСК интернет-ресурсында көрсетілді.

Пікір • 28 Наурыз, 2023

Артылатын үміт зор

Сонымен Мәжілістің су жаңа 98 депутаты анықталды. Тізімге қарасаңыз, көбі ел алдында жүрген азаматтар. Әрине, алдын ала тон пішуге болмас. Елдің қамы мен мұң-мұқтажы жолында тер төгіп, жоғары билік алдында халықтың сөзін сөйлей ала ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді.

Пікір • 28 Наурыз, 2023

Әділетті болу – басты бағдар

Парламент мен мәслихатқа жаңа депутаттар 7 партияның қатысуымен сайланып қана қоймай, олардың бір бөлігінің өзін-өзі ұсыну жолымен бәсекеге түсуі сындарлы қадам.

Мәселе • 28 Наурыз, 2023

Мәшһүр қонысы абаттануға тиіс

Алмағайып заманның ыңғайына қарай Мәшһүр Жүсіптің зираты үш рет бұзылып, үшіншісінде 2006 жылы Ескелді жотасына үлкен кесене тұрғызылғаны жұртқа аян. Алайда сол маңаттағы ата қонысы – Сарыбұлақты үйінің маңын жаңғырту, көріктендіру ескерілмеді. 2000 жылы Мәшһүр Жүсіптің шөберелері Абай Шарапиев пен Жастілек Көпеев төбесі құлап, іргесі ғана қалған орынға шатырлы үй салумен ғана шектелді.