Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20427 материал табылды

Ғылым • 02 Желтоқсан, 2022

Жас ғалымның жетістігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Камила Егізбек «Ғылым» аталымы бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды. Жас ғалым биомедицина саласы және су ортасын тазарту үшін наноқұрылымды темір бар материалдарды қолдану технологиясын зерттеп жатыр. Ол 15-тен астам ғылыми жария­ланымның авторы, оның ішінде 10 мақала импакт факторы жоғары халықаралық басылымдарда жарияланған. Scopus базасы бойынша 23 жастағы ғалымның Хирш индексі 4-ке тең.

Саясат • 02 Желтоқсан, 2022

Жедел шараларды жүзеге асыру тапсырылды

Кеше Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен қысқы жылыту маусымына дайындық жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.

Қаржы • 02 Желтоқсан, 2022

Инфляцияны тежеудің амалы

Экономикамыз өте күрделі сәтті бастан кешіріп жатыр. Жылдан астам уақыт инфляция салтанат құрып тұр. Биліктің бағалауынша, біздегі инфляцияның себебі сыртқы факторлардың әсерінен туындап өрбіп отыр. Осындай сілтеме жасау Үкіметіміз үшін өте ыңғайлы. «Инфляция қарқынын тапсырылған дәлізге мал қораға қуып тыққандай қылар едік, әттең, егер ол ішкі экономиканың мәселесі болса. Ал бұл жолғы инфляция әлемдік экономиканың дүмпуінен туындап отырған жоқ па, сондықтан ол бізге бағынышты емес. Біз әлемдік экономиканың тәртібін өзгерте алмаймыз» дей салу ұтымды амал, әрине.

Экология • 02 Желтоқсан, 2022

Экологиялық төлем мардымсыз

Семей ядролық сынақ полигонының салдары мен зардабын, тауқыметін таяу жылдары айтып, тауыса алмайтын тәріздіміз. Радиацияға әбден уланған өңір жұрты жылдар бойы түрлі дертке шалдығып, жарық жалғаннан ерте өтіп жатқандары қаншама. Кемтар болып туған сәбилер аз емес. Ғалымдар бұл сынақтың салдары әлі де жылдарға жалғасатынын айтады. Адам қолымен жасалып, қазақ даласына ажал уын сепкен алапат сынақты түпкілікті жоя алмасақ та, оны көзбен көрген, дүмпуін естіген өңір халқына, өкінішке қарай, әлеуметтік көмек көрсетуде Үкіметтің кежегесі кейін тартып тұрғаны қынжылтады. Қырық жыл қырғыннан көз ашпай, атом сынақтарының қасіретін көрген Семей өңірінің халқы әлі де лайықты әлеуметтік көмек ала алмай келе жатқаны жайында жылдар бойы айтылып та, жазылып та жүр.

Білім • 02 Желтоқсан, 2022

Сыр білімі мен ғылымының қара шаңырағы

«Жер үстінде адам өмір өткізер, бар нәрсеге білім қолды жеткізер» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, адамның білімді болуы өзі білім алған оқу орнына, ұстаздарына, өскен ортасына, өмірден тоқығанына байланысты. Орта білім алған әрбір мектеп түлегі қалаған мамандығы мен жоғары оқу орнын таңдайды. Міне, осы сәт – адам өміріндегі ең бір шешуші, жауапты кезеңнің бірі. Өйткені мамандық таңдағаннан кейін, студент атанып, мықты оқу орнында терең білім алу – әрбір білім қуған жастың асыл арманы, мақсат-мұраты.

Пікір • 01 Желтоқсан, 2022

Әлеумет зәрулігіне мән берген жөн

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 қарашада өткен ұлықтау рәсімінде айтқан сөздері, көтерген мәселелері – жұртшылықтың жіті назарында жүрген маңызды сұрақтар екені даусыз. Салтанатты рәсімде әуелі өзін қолдаған барша қазақстандықтарға ризашылығын білдірген Президент алдағы уақытта іске асырылатын басым бағыттарды жіктеп көрсетті. Әсіресе Қасым-Жомарт Кемелұлының ауылды өркендетуге қатысты пікірлері аса маңызды деп білемін.

Пікір • 01 Желтоқсан, 2022

Ұмытылмас тарихи сәт

Елорда төрінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұлықтау салтанатты рәсімі өтті. Айтулы іс-шарада Мемлекет басшысы ант беріп, президенттік қызметіне ресми кірісті. Біз де ұлықтау рәсіміне қатысу құрметіне ие болып, қасиетті Сыр елінен Астанада өткен алқалы жиынға зор ықыласпен келдік.

Пікір • 01 Желтоқсан, 2022

Батыл көзқарас, байыпты жол

Қайта сайланған Мемлекет басшысы мінберден мәлімдеме жасап, бірқатар міндетті атап көрсеткеніне барлығымыз куә болдық. Оның бірі – шетелге заңсыз кеткен қаражатты елге қайтару мәселесі. Бұл халық күткен, ел назарында тұрған өзекті мәселе болғандықтан, бұл істің жүзеге асу процестері де ашық түрде жүргізілуі керек.

Пікір • 01 Желтоқсан, 2022

Ел сенімін арттырған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі елдің алдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік бағдарын айқындап берді. Қазір еліміз қиын-қыстау кезеңде тұр дей келе Мемлекет басшысы қазақ­стан­дықтарды әділетті мемлекет, әділет­ті экономика, әділетті қоғам құруға шақырды. Әрі сайлауалды тұ­ғырнамада ерекше тоқталған мәсе­лелеріне жеке-жеке тоқталып өтті.

Пікір • 01 Желтоқсан, 2022

Қапысыз халық қалауы

Күні кеше сайлау қорытындысы шығып, дана халқымыз өзінің конституциялық құқығын пайдалана отырып, дұрыс таңдау жасағанына қуанып жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне деген халықтың сенімі – ең құнды нәрсе екенін айтып, алғысын білдірді. Ал еш дарақысыз, қарапайым өткен ұлықтау рәсімінде Президент сайлауалды бағдарламасында берген уәделерін орындау үшін бірден жұмысқа кірісу керек екенін айтты.