Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20688 материал табылды

Тарих • 15 Қаңтар, 2023

Түркияда бас сауғалаған «Түркістан легионы» қазақтары

Екінші дүниежүзілік соғыс тарихының зерттелмеген тұстары өте көп. Соның бірі – «Түркістан легионы». «Түркістан легионының» әскерлеріне немістер тарапынан Үлкен Түркістан мемлекетін құру уәде етіледі. Сонымен қатар оның құрамына Орта Азия, Башқұртстан, Еділ бойы, Әзербайжан, Солтүстік Кавказ, Шыңжаң өлкесі қосылады деп жоспарланады.

Қоғам • 15 Қаңтар, 2023

Саиданың саз сиқыры

Терезедегі аппақ шілтерді еркелей ашқан самал жел шаңқай түстегі күн нұрын бөлмеге аямай төгіп тұр. Бөлмеге кіріп келгенде төргі қабырғаға ілінген плакаттан аппақ көйлегінің етегі еденге құлай төгіле қоңыр пианиноға сүйеніп тұрған ұзын бойлы сұлу бойжеткеннің бейнесі мен мөлдірей қараған жанары бірден көзге түседі. «Бұл 2019 жылы Саиданың Ыстамбұлға барғандағы жеке концертіне жасалған жарнама плакаты ғой», деді суреттегі сұлу жанның анасы Люба таңырқай қарап тұрған маған.

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2023

«Медеу» рекордтарды жалғастыра ала ма?

Төрткүл дүниеге «әлемдік рекордтар ұстаханасы» ретінде танылған «Медеу» спорт кешенінің қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Жаһандық спорт саң­лақтарының ең сүйікті мұзайдыны бүгінде алматылықтардың, қала қонақ­тарының конькимен сырғанайтын демалыс орнына айналған. Ал осындай керемет кешені бар еліміздің спортшылары мұхиттың арғы бетіндегі елдерге сабылып, сонда жаттығып жүр. Қазақстанда қысқы спорт түрлерін дамытамыз, спортшыларымыз ақ Олимпиадада олжалы болсын десек, «Медеу» спорт кешенін өзінің әу бастағы мақсатына пайдалануға тиіспіз. «Медеу» кешенінің арғы-бергі тарихын терең білетін Дулат Кейкин мырзамен әңгімеміз де осы жайында өрбіді.

Қоғам • 15 Қаңтар, 2023

Құжат саны 1 миллионнан асты

Қазақта «Тарихсыз ел болмайды» деген тәмсіл бар, сөздің төркіні де түсінікті. Тасқа қашалып, жазылып басталған тарих, кейіннен қағаздарға түсіріліп сақталып келеді. Халықтың тарихы сонау сақтардан бастау алып, бүгінгі күні құпиясы мен сыры көп іргелі ілімге айналды.

Қаржы • 13 Қаңтар, 2023

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтап қалды

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 13 Қаңтар, 2023

Алматыда рекордтық аяз тіркелді

Еліміздің оңтүстік астанасында орнаған аяз 54 жылдан кейін қайта қайталанып отыр. Синоптиктердің мәліметінше, 12 қаңтарда Алматыда екі температулық рекорд тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 13 Қаңтар, 2023

«Хат қоржын»

..ұсыныс айтады Қайыр ханға ескерткіш қою керек Тарлан тарих сыр ғып, жыр ғып шертеді: Шыңғыс ханның аяуды білмес қатыгез де қайсар ұлы Шағатай 200 мың әскерімен кіп-кішкентай Отырарды алты ай бойы ала алмады. Ала алмаған себебі – Отырар халқының бірлігі бекем, рухы асқақ, ел басқарған көсемі – Қайыр хан дара туған дана еді, қайсарлығымен де, ерлігімен де дара еді.

Таным • 13 Қаңтар, 2023

Болмысы – ғылым даналығы

Ғалым және жоғары білім саласы ардагері ретінде 2022 жыл мен үшін екі оқиғамен есімде қалды. Біріншісі – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы, екіншісі – Ломоносов атындағы Мәскеу университетінде өзімізбен қатар оқыған азамат, математикадан тұңғыш Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтарбай Өтелбаевтың 80 жылдығы. Ел әркез Ақаң деп қадірлеген біртуар тұлғамыз: «Ғылым мен өнер көбейген сайын бейнет кемиді» деген екен. Біреулерге дерексіз, тылсым көрінетін математика – әлемнің бейнетін кемітудің басында тұрған ғылым саласы.

Ғылым • 13 Қаңтар, 2023

Бабы бөлек бидай

Қоғамда қоршаған орта мен табиғи ресурстың жай-күйі мамандарды алаңдатып отыр. Елдегі ауылшаруашылық алқаптың үштен біріне жуығы деградацияға ұшыраған, бүліну қаупі төнген. Ал 10 млн гектардан астам егістік жер игерілмей, елеусіз қалып отыр.

Ғылым • 13 Қаңтар, 2023

Төрт түлікті кім емдейді?

«Egemen Qazaqstan» газетінде 2022 жылы 30 қарашада Өмірзақ Сұлтановтың «Зоотехник мамандығы келмеске кете ме?» атты мақа­ласы жарияланып, онда көрсетілген мәліметтер осы маман­дық­тың еліміздегі мал шаруашылығын өркендетуде ерек­ше орны бар екенін көрсетті. Бұл тақырып мені де көптен тол­ған­дырып жүр­ген еді.