Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20721 материал табылды

Аймақтар • 22 Қараша, 2022

Бірлігі бекем Шымқала

Шымкент – еліміздегі өзіндік орны бар, тамыры тереңде жатқан көне шаһар. «Ұлысымның ұйытқысы – оңтүстік» деп қарымды қаламгер Қалтай Мұхамеджанов айтқандай, қазағы қалың, халқы қонақжай қала бекем бірлігімен, ырысты ынтымағымен мақтана алады.

Қоғам • 22 Қараша, 2022

Қыз тәрбиесіне қоғам жауапты

Қыз баланы тәрбиелеу – тұтас ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесі­гіңді түзе» деген аталы сөзі бар. Ал бесікті тербетер, дүние­ге ұрпақ әкелетін қыз тәр­биесіне тек отбасы емес, бүкіл қоғам атсалысуы қажет.

Қазақстан • 22 Қараша, 2022

«Қаражорға» – қазақ биі

Әлеуметтік желіде «Қаражорға» қазақ биі емес» деген теріс дақпырт тарап жүр. Айтушының уәжі: «моңғол биіне ұқсайды екен», «орыс-ағылшын ғалымдары ол туралы ештеңе айтпапты», «бидің үлгі, құрылымы да қазаққа келмейді...».

Руханият • 22 Қараша, 2022

Ұстаз парасаты

Күнделікті күйбең тіршілікте адамдармен араласу, қызметтес болу қоршаған орта төңірегінде ой түюге, пікір қалыптастыруға, сондай-ақ толғамды тұжырымдар мен кереғар көзқарастардың даралануына бастайды. Біз әңгіме ауанын арнайы бұрып отырған аяулы ұстазымыз, академик-жазушы, қазақтың мақтаныш тұтатын айтулы перзенті Зейнолла Қабдолов алыптар шоғырынан кейін іле шыққан бірегей тұлға еді.

Таным • 22 Қараша, 2022

Даналық тұғыры

Қай халықтың болсын арғы-бергісін салмақтап, болмысы мен бітімін толық танып алу үшін міндетті түрде оның өткен тарихына көз салу қажет. Ал тарих дегеніміз не? Ол бірегей оқиғалар мен таусылмас текетірестердің жиынтығы ма? Әлбетте, олай емес. Тарих, ой беріп қарасақ, өте ауқымды түсінік, кең мағыналы арна. Тарих туралы ой қозғағанда, оны екі негізгі салаға бөліп қарастырсақ, шамамызда, мәселеге тереңірек бойлай аламыз. Олар: біріншісі – мемлекеттік-құрылымдық тарих; екіншісі – рухани-мәдени тарих. Әлбетте, екеуін бірінен-бірін бөліп алуға еш болмайды, олар өзара тығыз байланыста, тіпті барынша кірігіп кеткен. Мемлекеттік-құрылымдық тарих әр заман, әр кезеңдерде барынша байыпталып, мейлінше қазбаланып, зерделі зерттеушілер назарында болып келді. Ақсап жатқаны – рухани-мәдени тарих.

Руханият • 22 Қараша, 2022

Әнес Сарай әлемі

Романшылық өнердің хас шебері (мысалы «Еділ – Жайық», «Тосқауыл», «Атырау» романдары), сондай-ақ тарихи-ғұла­ма­лық зердемен, білімпаздықпен пайымдаған «Көнеліктер», «Ноғайлы», «Асылдың сынығы», «Мұхаммед пайғамбардың өмірі», «Исатай мен Махамбет», «Бес мейрам» дейтін кесек-кесек зерт­теулері – сөз зергері Әнес Сарайдың интел­лектуалдық-шы­ғар­машылық, суреткерлік, тарихшылдық әлеуетін танытады.

Пікір • 22 Қараша, 2022

Сайлау сапасы – сәтті ұйымдастырудан

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы орайымен өтті. Жалпы сайлау сая­си үдеріс ретінде бірнеше маңызды қызметті атқарады.

Пікір • 22 Қараша, 2022

Сайлау бәсекесіндегі айқын жеңіс

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды науқаны әу бастан таза идеологиялық деңгейге көшті. Шын­дығында, сайлаушыға билік иесінің әлдебір даралан­ғаны емес, өз тәжірибесі бар, қазіргі жағдайға кең көзқарасы мен алдағы жылдарға арналған жұмыс жоспары бар басшы ұсынылды.

Пікір • 22 Қараша, 2022

Азаматтардың сенімі жоғары

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, сайлаушылардың 80 пайыздан астамы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Азаматтардың басым бөлігі Президенттің мемлекеттік жүйені реформалау саясатын, тиімді басқару үлгісін, экономиканы монополиясыздандыруды және әділ әлеуметтік саясатты қолдады. Халқымыз Мемлекет басшысына зор сенім артып отыр. Бұл озық идеяларды жүзеге асыру және басталған реформаларды тереңдетуге жол ашады.

Пікір • 22 Қараша, 2022

Әр дауыс маңызды

Кезектен тыс президент сайлауында қазақстандықтар дауыс берудің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізіп, осылайша, саяси мәдениеттің биіктігін байқатты.