Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20439 материал табылды

Руханият • 23 Тамыз, 2022

Идеялық тереңдік пен көркемдік мұрат

Қазіргі қазақ көркемөнерінде ұлттық көркем дәстүрлерді терең меңгерген, тәуелсіздік рухынан нәр алған жас суретшілердің алғашқы буыны да кемелдену кезеңіне келді. Бұл өзі қазақ кескіндемесінің қатарына жаңа қуатты толқын қосылған шақ, олар бүгінде үлкен күшке айналған. Сол дүбірлі уақыттың алдыңғы легінде, аға буынға да, орта буынға да бірдей ықпал еткен, қазақ көркемөнеріне шығармашылық қуатымен ұйытқы болып, тыңнан жол бастаған Қазақбай Әжібек – заманауи қазақ өнерінің алапасын асырып, дүйім әлемге танытқан шығармашылық феномен.

Руханият • 23 Тамыз, 2022

Бабалар салған сара жолмен

2018, 2020 және 2021 жылдары ұйымдастырылған «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы биыл еліміздің Батыс өңірлерін аралап қайтты.

Таным • 23 Тамыз, 2022

«Кейкі батыр» шоқпары

Жақында Қостанай облысы Амангелді ауданындағы халық батыры А.Иманов атындағы мемориалдық музейге белгілі спортшы, қолөнер шебері Нұрлыбек Бұлжанның Кейкі батырға арнап жасаған шоқпарын аталған мұражайға белгілі айтыскер ақын Айбек Қалиев табыс етті.

Аймақтар • 23 Тамыз, 2022

Ауыз судан тарыққан ауыл

Мойынқұм ауданы – Жамбыл облысының 44 пайызын алып жатқан отыз мыңға жуық тұрғыны бар өңір. Аудан орталығы Мойынқұм ауылында ауыз су мәселесі өте өзекті. Кестеге сәйкес күніне екі мезгіл берілетін ауыз су сапасы да сын көтермейді.

Технология • 23 Тамыз, 2022

Фармацевтикалық компаниялар дәрілік заттарды цифрлық таңбалауға дайын

Биыл Қазақстанда дәрілік заттардың міндетті цифрлық таңбалануы енгізіле бастады. Цифрлық экономиканы дамыту орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрілік заттарды цифрлық таңбалау кезең-кезеңімен енгізіледі. Биыл бірінші кезең басталды, 2023 жылдың соңына дейін фармацевтикалық нарықтың барлық кезеңінен өту жоспарлануда.

Руханият • 23 Тамыз, 2022

Кең тынысты Кенжеғали

Иншалла деп айтайық, халқымыз арғы заманда да, бергі заманда да жүрегі сезімтал, кең тынысты, күміс көмей әншіден кенде болған емес. Операдағы жарқын бей­нелері және жекелеген концерттік бағдар­ламаларымен халықтың ыстық ықыласына бөленіп келе жатқан бүгінгі күннің әншісі Кенжеғали Мыржықбаев солардың бірі ғана емес, бірегейі болып табылады десек, еш артық айтқандық болмас.

Білім • 23 Тамыз, 2022

Жаңа оқу жылында 81 жаңа мектеп ашылады

Amanat партиясының баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында партияның білім беру саласындағы сайлауалды уәделері қалай орындалып жатқаны жөнінде айтылып, нақты мәліметтер берілді.

Қазақстан • 23 Тамыз, 2022

Сот жүйесінен нақты өзгерістер күтіледі

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Алматы облысы Талғар ауданында құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті. Бұл жөнінде Жоғарғы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 23 Тамыз, 2022

Жаңа тұғырнаманың негізі – Президент реформаларын қолдау

Amanat төрағасы Ерлан Қошанов партияның жаңа саяси тұғырнамасын әзірлеу жөнінде кеңес өткізді. Іс-шараға Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты. Сондай-ақ бейне-конференц байланыс арқылы партияның аймақтық филиалдары қосылды.

Саясат • 23 Тамыз, 2022

Түйткілдің түп себебі заңның шикілігінде жатыр

Мәжіліс депутаттары Мәди Елюбаев пен Юлия Кучинская Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты «Жібек жолы» ауылындағы 300 орындық мектептің құрылыс барысымен танысты. Бұл жөнінде палатаның баспасөз қызметі хабарлады.