Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20717 материал табылды

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2022

Қазақ боксын әлемге танытты

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев отандасымыз Геннадий Головкинге қолдау білдіріп, өзінің Instagram парақшасына пікір қалдырды.

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2022

Құқық жүйесін қайтсек қазақшалаймыз?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» стратегиясы қоғам мен мемлекет қарым-қатынасының жаңа жүйесін қалыптастырып, мемлекетіміздің дамуына тың серпін берген идея болды. «Қоғамдық келісімшарттың» бұл жаңа нұсқасы халықты біріктіретін, бір мақсатқа жұмылдыратын, қоғамымыздың дамуында шешуші рөлге ие қозғаушы күш болары хақ. Ал бұл идеяның біріктіруші элементтерінің бірі әрі бірегейі – қазақ тілі екенін Мемлекет басшысы да, зиялыларымыз да айтып жүр.

Пікір • 16 Қыркүйек, 2022

Ауылдағылар денсаулығына алаңдайды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды тапсырмаларының бірі – ауылдық жерлердегі медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған денсаулық сақтау саласын жаңғырту.

Пікір • 16 Қыркүйек, 2022

Көрпемізге қарап көсілсек те...

Жаңа Жолдаудың бастауында ел Президенті «Біз көрпеге қарай көсілу керек екенін ұмытпауымыз керек» деп халық даналығын алға тартты. Жөн сөз, реформа мен экономикаға орай айтылған пайым.

Пікір • 16 Қыркүйек, 2022

Болашаққа салынған инвестиция

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы халықтың көкейінде көптен жүрген мүдделерімен дөп түсті. Жарияланған бағыт-бағдарлар мен мақсатты істерден біз «Әділетті Қазақстан» қағидатын көріп отырмыз. Жұрттың осы уақытқа дейін айтып келген өтініш-тілектері ескерілді.

Экономика • 16 Қыркүйек, 2022

ЕАЭО елдерімен өзара сауда артты

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2022 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 14 781 млн долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 3,6%-ға көбейді.

Қоғам • 16 Қыркүйек, 2022

Саябақты итшабарға айналдырмайық

Таңертеңгісін 28 панфиловшылар атындағы паркте таза ауамен дем алып, қыдырыстап жүретінім бар. Алайда саябақ ішінде әрі-бері шапқылаған иттер мазаңды алады. Жақын маңайдағы ит ұстайтындардың бәрі осы жерге жиналады.

Пікір • 15 Қыркүйек, 2022

Жан жарасымын іздесеңіз...

Қазақстанда ұйымдастырылған діндер съезіне бұған дейін де қатысқан едім. Әр келген сайын бейбітшілікті насихаттау мақсатындағы тың идея­лар айтылады. Татулықты, әсіресе дін арқылы дәріптеудің өз нәтижесін беретініне көзіміз жетті. Бүгінде әлемде адамдардың зор ынтамен дінге бет бұруы байқалады.

Әдебиет • 15 Қыркүйек, 2022

Жүз жылдық жылылық

Көрнекті қаламгердің тұлғалық тағылымы мен шығармашылық шеберлігі хақында.

Медицина • 15 Қыркүйек, 2022

Алғыс арқалаған ағайынды дәрігерлер

Қазбековтер отбасы жайлы жазуды талайдан ойлап жүрген едім. Оның себептері де бар. Алдымен, әңгімені Гүлнардан бастасам. Гүлнар екеуіміз Семей мемлекеттік медицина инс­ти­тутына 1970 жылы қабылданған студентердің бірі едік. Біз емдеу факультетінде болсақ, Гүлнар педиатрия факультетінің студенті еді. Жатақханалары да бөлек орналасқан, оқу жүйелеріміз де әртүрлі. Оның үстіне педиатрия саласында білім алатындар өздері де бала сияқты болатыны белгілі. Сырттай, оқу корпустарында бірлі-екілі көргенім болмаса, Гүлнардың студенттік кездерінен ешқандай есте қаларлықтай көріністер таба алмадым.