Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20665 материал табылды

Сұхбат • 04 Шілде, 2022

Қайрат Айтуғанов: «Зерттеу университеті – өндірістік базасы нығыз университет»

Өзінің дербес өндірістік базасы бар университет болашақта әйгілі Силикон алқабы сияқты болуы әбден мүмкін. Неге болмасқа? Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (ҚАТУ) соңғы екі жыл ішінде ғылымды өндіріспен интеграциялауда қуатты серпіліс жасады. Елімізде ғылымға ерекше көңіл бөлініп отырған қазіргі кезде ҚАТУ қызметі «дұрыс» зерттеу университетінің үлгісі бола алады. Мұндағы оқу бағдарламаларының көпшілігі тәжірибеге бағытталған. Бұл аталған жоғары оқу орнынан болашақ мамандығының қыр-сырын жақсы білетін түлектер даярланып шығатыны сенім ұялатады. Алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы университеттерінің бірінің басшысы – ҚАТУ Басқармасының Төрағасы Қайрат Айтуғанов баспасөз бетінде жиі көрінгенді ұнатпайды екен. Бірақ біз жолдаған сұрақтармен танысқаннан кейін, олардың университеттің бірінші басшысына қатысты екенін түсініп, өзі жауап берді.

Аймақтар • 04 Шілде, 2022

Алматыдағы Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды

Алматыдағы Сайран су қоймасынан ішек таяқшалары анықталды. Мамандар енді көлге түсу өте қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы • 04 Шілде, 2022

Өнеркәсіптік пайдалануға берді

Ұлттық банк Төлем кар­точка­ларының банк­ара­лық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға қосқанын хабарлайды. Бұл жүйе Қазақстан аумағында төлем карточкалары арқылы жасалатын банкаралық транзакцияларды өңдеуге арналған.

Тарих • 03 Шілде, 2022

Таңдайдың тарланы

Адамзат тарихында үлкенді-кішілі 15 мыңға жуық соғыс өткен екен. Бірақ солардың ауқымы, алапаттығы мен құрбандықтары жағынан ең жантүршігерлігі Екінші дүниежүзілік соғыс болды. Осындай от пен зулаған оқтың ортасынан аман-есен оралса да, елдің береке-бірлігін көздеп бейбіт еңбекке араласса да пешенесіне жазылған биігінен әсте пәс тартпайтын бірегей бітімді адамдар болады.

Тарих • 03 Шілде, 2022

Жоғалған солдат

Екінші дүниежүзілік соғыста И.В.Сталин 6 миллион адамнан айырылдық десе, Н.С.Хрущев АҚШ Президенті Дуайт Эйзенхауермен кездескен кезде 12 миллион шығын болды деп көрсетеді. Ал Л.И. Брежнев 1975 жылы Ұлы Жеңісті тойлағанда кеңес халқы 20 миллион адамынан айырылды деген болатын. Соғыстан қайтпаған солдаттар туралы ақпарат 1985 жылғы «бетбұрыс» саясатынан кейін ғана ашық айтыла бастады. 1991 жылғы КСРО Қорғаныс министрлігінің ресми ақпараты бойынша Кеңес Одағы 28 600 мыңдай адамнан айырылған екен. Сұрапыл соғысқа аттанып, сүйегі жат жерде қалған қазақ жауынгерлерінің тағдыры туралы көптеп мысал келтіруге болады. Туған топырақтан жырақ кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен қызыл әскердің бірі – Қасым Аяғанов.

Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Шілде, 2022

Санадағы сілкініс немесе күрескердің қалыптасуы

Өткен ғасырдың басында ұлттық мүддені бірінші кезекке қойып, елдің сол кезеңдегі жағдайына шынайы бет бұрып, ұлт мұраты үшін қызмет етуге бел байлаған қазақ азаматтарының тобы қалыптаса бастады. Ресейдің қазақ еліне дендеп ене бастаған отарлық саясатының мәнін түсініп, оған қарсы ішкі наразылықтары оянып, елдің өз ішіндегі талас-тартыс пен патшалық биліктің зорлық-зомбылығына қарсы не істеу қажет деген сұрақтарға жауап іздей бас­тады. Осы жылдары басқа да қазақ тұлғалары секілді, А.Байтұрсынұлының да дүниетанымында түбегейлі өзгеріс туды.

Әлем • 01 Шілде, 2022

Перуде лай көшкінінен 150 үй қирады

Перудің солтүстігінде лай көшкіні 150 үйді қиратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 01 Шілде, 2022

Орталық Азия елдері ынтымақтастық туралы шартқа қол қояды

Орталық Азия елдері ХХІ ғасырда аймақты дамыту мақсатында достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қояды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 01 Шілде, 2022

Есірткімен ұсталған ақтөбелік 10 жылға сотталды

Ақтөбе облысында есірткімен ұсталып, 10 жылға түрмеге қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 01 Шілде, 2022

Алматыда заңсыз салынып жатқан көпқабатты үй сүріледі

Сот шешімі бойынша Шұғыла шағынауданындағы заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін сүру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.