Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20679 материал табылды

Қоғам • 28 Маусым, 2022

Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының саны жыл сайын артып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қоғам • 28 Маусым, 2022

Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін

Сарапшылар Ресейге қарсы санкциялардың күшеюі, Иранның ядролық келісімін жасаудағы қиындықтар және ОПЕК-ке мүше елдер мен оның одақтастарының еркін өндіріс қуатының қысқаруы аясында биыл мұнай бағасының өсуін болжап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 28 Маусым, 2022

Мүлікті цифрлы қолтаңбасыз тіркейді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚО операторларын BI Group және G-Park құрылыс компанияларының кеңселеріне орналастырды.

Руханият • 27 Маусым, 2022

Қоңырқай болмыс

Синестезия деген термин бар. Ол – адамдардың нәрсені сезім мү­ше­лерінің біреуімен қабылдап, екін­шісімен сезінуі. Мәселен, дыбыстан бейне көру немесе керісінше бейнеден үн есту. Бұл – көбінесе шы­ғар­машылық адамдарға тән құбы­лыс. Кейде ақындар өлең жазғанда әуелі әлдебір әуен келеді деседі.

Әдебиет • 27 Маусым, 2022

Падиша-жырға ғашық шайыр

Есіл дүниенің есігін іңгәлап ашқан сәбидің бәрі өскеннен кейін өмірге емірене қарайтын адамға айналмайтыны өкінішті. Я тіршілік қалыбы, я өскен орта, көрген тәрбие, туған топыраққа байланысты адам баласы әр­түрлі қалыптасады. Тауға қа­рап тебірене алмайтын, жел гуілін, су сылдырын естімейтін, гүл сұлуын көрмейтін, адамдар қарым-қатынасындағы жүздеген, бәлкім, мыңдаған нәзік ағыстарды сезбейтін жүректер тым көбейіп кеткендей әсер қалдырады. Кейде өзге түгілі өзің де мына жарық әлемнен адасып қалғандай, бар сезу мүшеңнен айырылғандай, әйтеуір қозғалатын тасқа айна­лып бара жатқандай бола­­сың. Сырласуға жарамайтын, мұң­дасуға татымайтын, қуа­ныш-қай­ғыңды түсінбейтін ұрпаққа ұқсап барамыз. Кейде осындай жиілеп кет­кен құбылыстарды ойлағанда, жан дү­ниеңді жұмсартатын, сәулесін түсі­­­ретін, жүрегіңді қозғайтын себеп із­дей­сің. Біздіңше, екі нәрсе бар: Жа­­рат­­­қанның аяты, жаратылғанның өлеңі.

Қазақстан • 27 Маусым, 2022

Желтоқсандық журналист

Байырғы журналист Құттыбек Аймаханмен «Алматы ақшамына» қызметке келгенде таныстым. Алғашқы кезде газет тіршілігіне кірігіп кету үшін: «Қай журналист қандай тақырыпты көтеріп жүр екен?» деген оймен тігіндіні ақтарғанда Құттыбектің аты-жөні жиі кезікті. Газеттің күрмеуі қиын жетекші - экономика және құрылыс саласына қалам тербеген көлемді мақалаларын шолып шықтым. Күрделі тақырыптың өзін тігісін жатқызып, қазақтың шұрайлы тілімен ұғынықты етіп жазады. Қаламы ұшқыр, айтар ойы айқын, оңды-солды көсілтіп жазатын Құттыбектің еңбекқорлығына тәнті болған едім.

Қоғам • 27 Маусым, 2022

Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады

Көкшетауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 630 орындық заманауи көпбейінді аурухана салынады. Бұл туралы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 27 Маусым, 2022

Колледждерге құжат қабылдау басталды

Елімізде колледждерге құжат қабылдау басталды. Балалар жылында 128 мың грант бөлініп, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 45 мыңға артық, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға • 27 Маусым, 2022

Шымкентте күннің ыстығынан көлік өртенді

Шымкентте қатты ыстықтан көліктің жүксалғышындағы газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 27 Маусым, 2022

Түркістан облысы тұрғынының ауласынан 30 түп сора табылды

Түркістан облысында тұрғынның ауласынан 30 түп сора есірткі өсімдігі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.