Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20640 материал табылды

Қазақстан • 14 Қараша, 2021

Қазақ тіл білімін әлемдік лингвистика деңгейіне көтеру маңызды

Қарқынды дамып келе жатқан қазіргі әлемде, ықпалы артып келе жатқан жаһандану мен дәуірдің жаңа сын-қатерлері жағдайында рухани басымдықтар мен бағдарларды жоғалтпау, ең бастысы, өзінің ұлттық бірегейлігін сақтау өте маңызды. Осы орайда тіл ғылымының теориялық және қолданбалы мәселелерін зерттеу қоғамның бірлігі мен рухани жаңғыруына қол жеткізудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Өз мәдениетін, тілін, өз ұлттық кодын сақтауға арналған ізденістер қатарын тіл білімінсіз елестету мүмкін емес.

Елбасы • 14 Қараша, 2021

Елбасы Н.Ә.Назарбаев – Қазақстан Қарулы Күштерінің негізін қалаушы

Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бас­тап, елі­міз­дің әскери қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету ең басым міндеттердің біріне айналды. Бұл міндетті жү­зе­ге асыру тек төл Қару­лы Күштерімізді құрып, оның күш-қуатын барынша арт­тырғанда ғана мүмкін болатын. Кеңес Одағы келмеске кеткен соң тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік институттарын мүлде жаңадан құруға тура келді. Бұрынғы біртұтас қорғаныс кеңістігі бұзылып, әсіресе әскери мамандар мәселесі күн тәртібінде өткір тұрды. Офицерлер мен прапорщиктер жаппай тарихи отандарына қоныс аударып, жекелеген бөлімшелердің басшысыз қалуы, жауынгерлердің әскерден қашу жағдайлары жиі орын ала бастады.

Тарих • 11 Қараша, 2021

Азаттық туын алғаш көтерген

Жер бетінде найза шыңдары көк тіреген небір биік таулар бар... бірақ олардың ешқайсысы да өздігінен пайда бола қалмаған. Олардың бәрі жеті қат жер астындағы ғаламат тектоникалық дүмпулердің әсерінен дүниеге келді. Сол секілді адамзат қоғамында атағы әлемге мәшhүр тұлғалар бар... бірақ бұлар да өмірге оп-оңай келе салмаған. Олардың да бәрі – сол өздері өмір сүрген қоғамның тығырыққа тірелген тұстарында, ірі-ірі әлеуметтік сілкіністер кезінде тарих сахнасына шыққан саңлақтар. Толғағы қысқан тарих, уақыты жеткен кезде мұндай тұлғалардың талайын өмірге әкелген, бұдан былай да әкеле берер деп ойлаймыз.

Қазақстан • 11 Қараша, 2021

«Кері кететін елдің кеңесі көп болады»

«Бұл не деген бітпейтін жиын?» дегенді халық айтады. Қалт айтпайды. «Не шешіпті?» деген сұрақ көпті күмілжітетіні де бар. Расында, түрлі мәселе сөз болады, алуан тақырып талқыланады. Кейде ұзаққа созылып, онсыз да тапшы уақыттың қадірі кетеді. Сондай кезде бұрынғының үлгі-өнегесіне еріксіз үңілесің. Талай ғасыр бұрын Ұлы дала төсінде өткен жиындардың жөн-жоралғысы туралы аңыз-әңгімені ой елегінен өткізесің.

Таным • 10 Қараша, 2021

Ғибрат тұтар ғұмырлар

XIX ғасырда өмір сүрген америкалық философ Джон Мильдан «Мемлекеттің қадір-қасиеті оны құрайтын тұлғалардың қадір-қасиетіне байланысты» деген сөз қалыпты. Ал Франческо Петрарка «Нағыз асыл адам дүниеге келмейді, ол ұлы істері арқылы қалыптасады» деген екен. Ертеде айтылған есті сөздер әлі күнге маңыздылығын жойған жоқ. Жоймайды да. Бұл ретте ағайынды Әшімбаевтардың өмір жолы жоғарыда айтылған даналықтармен үндесіп жатқандай көрінеді.

Аймақтар • 10 Қараша, 2021

Жазушының жәдігерлері

Биыл 110 жылдығы аталып өтіліп жатқан жазушы Зейтін Ақышевтың Баянауыл ауылындағы мұражайы қаламгердің атын иеленген мектепте орналасқан.

Руханият • 10 Қараша, 2021

Ағайынның татулығы – ұлттың олжасы

«Egemen Qazaqstan» газетінде 29 қыркүйек күні жарияланған Бекен Қайратұлының «Қазақтың ағайынгершілігі» атты мақаласын қызыға оқып шықтым. Маған қатты әсер етті. Автор қазағымыздың қанына сіңген жақсы қасиеттерді дәлел-дәйекпен тамаша баяндап берген.

Өнер • 09 Қараша, 2021

Халің қалай, театрым?!

ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылы деп жариялады. Осыған орай туындаған оймен бөліскім келді. Себебі ХХІ ғасыр – той тойлаумен емес, ой ойлаумен, сөзден іске көшетін кезең. Қарап отырсақ, 20 жылдан астам уақыт театр саласында еңбек етіп келе жатыр екенбіз.

Қоғам • 09 Қараша, 2021

Топжарған

Қоғамның қай саласын алмаңыз, өз көшбасшысы, үздігі, жүзден жүйрігі, мыңнан тұлпары болады. Бұл – ықылым заманнан бері келе жатқан заңдылық. Бұларсыз дүниені қара түнек басар еді. Ілгерілей даму, бәсекелік қабілет, ұлттық ерекшелік дегендеріміздің кілті осынау топжарғандардың қолында. Кеңестік дәуірдің соңғы ширек ғасырында, тәуелсіздігіміздің алғашқы он жылында отандық тарих ғылымында топжарған деуге лайық зерттеушілер шо­ғы­ры ерекше көзге түсті. Олар – Манаш Қозыбаев, Рамазан Сүлейменов, Оразақ Ысмағұлов, Кеңес Нұрпейісов. Бәрі ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында дүниеге келгендер.

Қоғам • 07 Қараша, 2021

Озық ойлы Оразалы аға

Ғалым – ғылыммен айналысатын, жаңалық ойлап табатын, ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік жолында болатын ізденімпаз, жаратылысынан білімге құмар жан. Мұндай қасиет иесі үнемі оқу мен іздену, талпыну мен тану, тәжірибе жинау арқылы өмірдің сан қырлы мектебінен өте отырып, ғылым биігін бағындыра алады. Ұлттық ғылым академиясының академигі Оразалы Сәтімбекұлы Балабеков өз саласының нағыз ғалымы еді. Ұстазымыздың ұшқыр ойы мен асқан ақылының, өткір сезім, қуат-қайратының, қайтпас қайсар батылдығының арқасында химия технологиясы мен экология ғылымында Балабеков мектебі қалыптасты.