Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20641 материал табылды

Руханият • 18 Ақпан, 2021

Созаққа Сәбит келгенде

1965 жылдың қоңыр күзі, қыркүйек айының 28-і күні кештетіп аудандық комсомол комитетінің хатшысы Адырбек Көлбаев Құмкент ауылында тұратын, мектеп мұғалімі Файзулла Үрмізовтің үйіне келеді. Кезекті кәдуілгі өкіметтің таусылмайтын шұғыл шаруасы болатын. Файзулла көкемізді тура үйінен дас­тарқан басынан тапқанына қуанып кетеді.

Руханият • 18 Ақпан, 2021

«АЙҚАП» журналының алғашқы саны шыққанына – 110 жыл

Мұхамеджан Сералин десе, қазақ журналистері ішкен асын жерге қояды. Мұхаңа басын иеді. Өйткені ол – шынайы қазақ басылымының не екенін еліне тұңғыш көрсетіп, халқының ой-санасын ашқан, халқын мәдениетке сүйреген алғашқы кәсіби журналист, редактор. «Айқап» журналы – Мұхаңның басты еңбегі, оның атын даңққа бөлеген, қаламгердің көркем шығармасы іспетті бірегей туынды.

Білім • 18 Ақпан, 2021

Кәсіптік білім беру жайы қалай?

Жастарға кәсіптік білім беру, оларды жұмысшы мамандықтарына даярлау, мамандарды қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру – мемлекетіміздің білім беру саясатының негізгі бағыттарының бірі. Ел экономикасының қуаты кәсіптік білім беру жүйесінің өндіріс орындарын білікті жұмысшылармен жеткілікті қамтамасыз етуіне тікелей тәуелді. Маман даярлау жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік колледждерде жүзеге асырылады. Ал кәсіптік колледждерде жұмыс жасайтын жоғары білімді оқытушы-педагогтерді даярлау ісі қандай жағдайда?

Қоғам • 18 Ақпан, 2021

Көңіл керуені көтеріліп қалды

Ұлт тарихын жаңғыртып, ұрпағына жеткізуде өлшеусіз қызмет жасап, еліміздің рухани көшін алға сүйреп жүрген ата газетіміз «Egemen Qazaqstan»-ның 2021 жылдың 29 қаңтарындағы №20 санында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің халқымыздың Екінші дүниежүзілік соғыста қайтпас ерлік көрсеткен қаһарман ұлы, құралайды көзге атқан сұр мергені Ыбрайым Сүлейменов жайлы тың деректерге толы «Өшпес ерлік» атты мақаласы көңілде жүрген көп ойға қозғау салып, көңіл керуенін көтеріп тастады.

Қазақстан • 18 Ақпан, 2021

Өңірдегі өзекті мәселе: Трансшекаралық су ресурстары

Су – планета мен адамзат өміріндегі ең құнды ресурс. Орталық Азия үшін бұл ресурсты өңірді біртұтас жүйе ретінде қалыптастыратын маңызды табиғи-гео­графиялық фактор деп айтуға болады. Тарихта кезінде Окс және Яксарт деген атпен белгілі болған қазіргі Әмудария және Сырдария өзендерінің бассейндері бұл өңірдегі ертеде әртүрлі мемлекеттердің пайда болып, әрі қарай дамуында ма­ңызды рөл атқарды, осы жердегі елдердің тарихи және мәдени ортақ сипатын орнатып, жергілікті экономиканың ерекшеліктеріне әсер етті. Тау бөктері, осы ірі өзендердің алқаптары мен айналасындағы тіршілікке қолайлы жағдай алғаш­қы адам қауымы кезеңінде отырықшы егіншіліктің пайда болуына себеп болды.

Спорт • 18 Ақпан, 2021

Халық мұрасы қайта жаңғырған шақ

Көшпенді бабаларымыздан қалған жекпе-жек сайыс өнерінің бір тармағы – қазақ күресінің де өзіндік тарихы бар. Бірақ өткен ХХ ғасырдың басына дейін қазақ күресінің бірізді жүйеленген тәртібі болған жоқ. Сондықтан да әрбір өңірде күрес жергілікті ерекшеліктерін сақтай отырып қалыптасқан. Айталық, еліміздің шығыс және орталық өлкелерінде «Арысқа түсу» дейтін сайыс түрі кең дамыған. Бұл жайлы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің шығарамаларында көркем баяндалады.

18 Ақпан, 2021

Еліне қызмет кеткен Ардақты ана, Асыл әже

Қазақ халқында «Өткенге – құрмет, бүгінге – өнеге» деген қанатты сөз бар. Осы айтылғандай әр халықтың, әр елдің, әр жердің атын шығаратын тұлғалары болады. Жәмила Мизамқұлқызы Есенгелдиева да сондай белгілі де жарқын тұлғалардың бірі болатын.

Қоғам • 17 Ақпан, 2021

Кәсіптік білім беру жайы қалай?

Жастарға кәсіптік білім беру, оларды жұмысшы мамандықтарына даярлау, мамандарды қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру – мемлекетіміздің білім беру саясатының негізгі бағыттарының бірі. Ел экономикасының қуаты кәсіптік білім беру жүйесінің өндіріс орындарын білікті жұмысшылармен жеткілікті қамтамасыз етуіне тікелей тәуелді. Маман даярлау жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік колледждерде жүзеге асырылады. Ал кәсіптік колледждерде жұмыс жасайтын жоғары білімді оқытушы-педагогтерді даярлау ісі қандай жағдайда?

Руханият • 17 Ақпан, 2021

«Асыл түліктің» берері мол

«Асыл түлік» республикалық мал асылдандыру орталығының құрылғанына жиырма жыл толды. Бұл ұйым мал шаруашылығы саласын өркендетуге үлес қосып, осы бағыттағы пәрменді істерді жандандыруға ұйытқы болып келеді.    

Білім • 17 Ақпан, 2021

Заман талабына сай жаңашыл ұстаз

Шымкент қаласында өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, ғылымға баулып отырған ұлағатты ұстаздың бірі - Жадыра Шәбден. Қазіргі таңда А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназияда  химия,биология пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істейді.