Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20756 материал табылды

Спорт • 18 Ақпан, 2021

Халық мұрасы қайта жаңғырған шақ

Көшпенді бабаларымыздан қалған жекпе-жек сайыс өнерінің бір тармағы – қазақ күресінің де өзіндік тарихы бар. Бірақ өткен ХХ ғасырдың басына дейін қазақ күресінің бірізді жүйеленген тәртібі болған жоқ. Сондықтан да әрбір өңірде күрес жергілікті ерекшеліктерін сақтай отырып қалыптасқан. Айталық, еліміздің шығыс және орталық өлкелерінде «Арысқа түсу» дейтін сайыс түрі кең дамыған. Бұл жайлы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің шығарамаларында көркем баяндалады.

18 Ақпан, 2021

Еліне қызмет кеткен Ардақты ана, Асыл әже

Қазақ халқында «Өткенге – құрмет, бүгінге – өнеге» деген қанатты сөз бар. Осы айтылғандай әр халықтың, әр елдің, әр жердің атын шығаратын тұлғалары болады. Жәмила Мизамқұлқызы Есенгелдиева да сондай белгілі де жарқын тұлғалардың бірі болатын.

Қоғам • 17 Ақпан, 2021

Кәсіптік білім беру жайы қалай?

Жастарға кәсіптік білім беру, оларды жұмысшы мамандықтарына даярлау, мамандарды қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру – мемлекетіміздің білім беру саясатының негізгі бағыттарының бірі. Ел экономикасының қуаты кәсіптік білім беру жүйесінің өндіріс орындарын білікті жұмысшылармен жеткілікті қамтамасыз етуіне тікелей тәуелді. Маман даярлау жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік колледждерде жүзеге асырылады. Ал кәсіптік колледждерде жұмыс жасайтын жоғары білімді оқытушы-педагогтерді даярлау ісі қандай жағдайда?

Руханият • 17 Ақпан, 2021

«Асыл түліктің» берері мол

«Асыл түлік» республикалық мал асылдандыру орталығының құрылғанына жиырма жыл толды. Бұл ұйым мал шаруашылығы саласын өркендетуге үлес қосып, осы бағыттағы пәрменді істерді жандандыруға ұйытқы болып келеді.    

Білім • 17 Ақпан, 2021

Заман талабына сай жаңашыл ұстаз

Шымкент қаласында өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, ғылымға баулып отырған ұлағатты ұстаздың бірі - Жадыра Шәбден. Қазіргі таңда А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназияда  химия,биология пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

Қоғам • 17 Ақпан, 2021

«Мен және менің құқығым» атты ой-пікір сағаты өтті

Қазіргі заман талабына сай әрбір Қазақстан азаматы, еңбектеген сәби мен еңкейген қартқа дейін өз құқығын жете біліп, оны қажетіне сай өмір сүру дағдысында қолдана білуі керек. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам - басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді: отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті: мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу.

Руханият • 17 Ақпан, 2021

Ашаршылықты эмоциясыз, ғылыми феномен ретінде зерттеу қажет

«Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: Ашаршылық зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбына арналған дөңгелек үстелде Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл пікір білдірді.

Саясат • 17 Ақпан, 2021

ADAL партиясы әкімдіктердің бюджетін халықпен келісуді ұсынды

 ADAL партиясы еліміздің 148 ауданы мен 34 қала әкімдіктеріне азаматтарды толғандыратын проблемалар туралы деректерге сәйкес жергілікті бюджеттерді түзету мүмкіндігін қарастыру ұсынысымен ресми хаттар жолдады. Қазақстандықтардың шағымдары мен өтініштері көбінесе жолдардың сапасына, ұялы байланысқа, интернетке қосылу, сумен жабдықтауға және жұмыссыздыққа қатысты. Сондай-ақ кей елді мекендердің тұрғындары медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты шағымданған.

Руханият • 17 Ақпан, 2021

Латын әліпбиіне көшу – ұлтжандылықты ояту кілті

Неге әлем картасынан ойып тұрып орын алған Аргентина мен Мексика испанша, Бразилия португал тілінде, Бельгия голландша сөйлейді? Байырғы халықтар қайда, тіл қайда? Жер бетінде осылай басқа мемлекеттердің тілінде сөйлейтін жұрт қаншама? Әлде бұл жерлерде байырғы тұрғындар болмады ма?

Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Соңғы сарматтардың ізі табылды

Өткен жылы Ақтөбе облыстық музейінің археологиялық экспедициясы Ойыл, Шалқар, Ырғыз аудандарында қазба жұмыстарын жүргізіп, бұрын тізімге енгізілмеген бірқатар этнографиялық ескерткіштерді анықтады. Мұның қатарында ежелгі адамдар тұрағы, қорғандар, орта ғасырлық кесене орны, мешіт, қоршаулар сияқты этнографиялық ескерткіштермен бірге ежелгі өркениеттің материалдық дүниелері де бар.