Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20439 материал табылды

Руханият • 07 Қаңтар, 2021

Түркі академиясы Мұстафа Шоқайдың 130 жылдығына орай халықаралық конференция өткізді

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы «Мұстафа Шоқай және Түркістан идеясы» атты халықаралық онлайн-бейнеконференция өткізді. Алқалы жиын түркі әлемінің көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш арысы, Түркістан автономиясының жетекшісі Мұстафа Шоқайдың 130 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Пікір • 07 Қаңтар, 2021

Ел де, ер де жақсы атқа лайық!

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тұсында, мемлекеттілік жаңғырып орныққан кезде, көптің көкейінде жүрген мәселені қайта қараудың қисыны бар. Алғаш рет сонау 1993 жылы түрлі геосаяси, басқа да қиындықтарға қарамай, Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев осы бағыттағы сауапты қадамға ұйтқы болғанын білеміз. Сонда «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылданып, оларды еске алу күні белгіленген. Одан бері көп нәрсе өзгерді, ең бастысы – еркін сана-сезім орнықты.

Пікір • 07 Қаңтар, 2021

Бізді біріктіретін мықты ұғымдар бар

Қазақ – тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күрескен халық. Бұл күрес 1991 жылмен аяқталған жоқ. Қазір де жалғасып келеді. Тіпті қазіргі күрестің өз ерекшеліктері бар. Біз, ең алдымен, азаматтарымыз бен өскелең ұрпақтың тарихи санасын, заманауи, азат көзқарасын нығайтуымыз қажет. Міне, осы бағыттағы күрес тоқтамауы шарт.

Пікір • 07 Қаңтар, 2021

Төл тарихымызды тұғырлы етеді

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінің 2021 жылдың 5 қаңтардағы санында жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласымен таныса отыра, Президент айтқан ойларға қатысты жеке пікірімді білдірсем деймін.

Пікір • 07 Қаңтар, 2021

Тәуелсіздік тірегі – тіл

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мақаласынан исі Алаш баласы қастер тұтар аяулы Азаттықтың, тәу етер қасиетті кие Тәуелсіздіктің асқақ бейнесі айрықша көрінді. Мерейлі мемлекетіміздің бұл ілгері қадамға қалай жеткені көз алдымызда дегенмен, отыз жылдың оңай уақыт емес екені айтпаса да түсінікті. Оны беделді саясаткер, зияткер тұлға ретінде мемлекет басшысы бізден гөрі көбірек сезінеді. Азаттықты алудан гөрі қорғап қалу қашан да қиын.

Пікір • 07 Қаңтар, 2021

Егемендік – елдік пен мемлекеттілік арқауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы елім, жұртым деген жұрттың көңілінен шықты деп ойлаймын. Жаңа жылдық құттықтауында Мемлекет басшысы «елімізді аспен де, таспен де қорғаймыз» деген болатын.

Оқиға • 07 Қаңтар, 2021

Талдықорған әуе базасына – 50 жыл

Талдықорған авиациялық базасы өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті. Осыдан 50 жыл бұрын Талдықорған қаласына жойғыш-бомбалаушы авиациялық полкі көшірілді, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары бұл база қайтадан авиабаза ретінде ұйымдастырылды.

Медицина • 07 Қаңтар, 2021

Вакциналау – өмір талабы

Соңғы уақытта көпшілік арасында вакцинация, яғни екпе туралы әңгіме жиі айтыла бастады. Бұл, әрине, бүкіл әлемді дүрбелеңге салған коронавирус инфекциясының адамзатқа тажал сеуіп, ауыр зардап шектіріп, айы­лын жимай отырғанына тікелей байланысты туындап отыр. Вакциналау көптеген инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында ертеден-ақ кең қолданылып келеді.

Қаржы • 07 Қаңтар, 2021

Акциздік салықтар өзгертіледі

Қаржы министрлігі Мем­лекет­­тік кірістер комитетінің хабарлауын­ша, Қазақстан Рес­пуб­ликасының салық заң­намасына акциз­де­­летін тауарларға салынатын салыққа қа­тыс­ты бірқатар өзге­ріс­ енгізіледі.

Президент • 07 Қаңтар, 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы

Қымбатты отандастар! Барша православие христиандарын Рож­дество мерекесімен шын жүректен құттық­таймын!