Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20718 материал табылды

Қоғам • 25 Қаңтар, 2021

Шымкент циркі жабайы жануарларды босатты

Шымкенттегі цирк жануарлар қолданылатын қойылымдардан бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz

Саясат • 25 Қаңтар, 2021

Қызметтердің қолжетімділігі оң бағаланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованың және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰ ДБ) тұрақты өкілі Якуп Бериштің қатысуымен «Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» жобасын басқару жөнінде онлайн отырыс өтті. Онда үш жылдық бірлескен жобаны іске асырудың қорытындылары шығарылды.

Пікір • 25 Қаңтар, 2021

Кедергілерді жою – келелі мәселе

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ төрағалығын қабылдауына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің басшыларына жолдаған Үндеуінде бірқатар маңызды ұстанымдарға тоқталды.

Таным • 25 Қаңтар, 2021

Әлібек-әлем немесе суретшіліктен – суреткерлікке

Қарымды қаламгер, көрнекті жазушы Әлібек Асқаров жайында айтар әңгімемізді бірер әлқиссамен бастаудың реті келіп тұрғандай. Әрине, қай ләміміздің де астар-ағысы, сайып келгенде,оның шығармашылық сыр-сипатына саятындығына еш шүбә болмаса керек. «Мона Лизаның портреті» атты, тақырыбы бір арнада тоғысқан сарындас әңгімелер жинағын оқи отырып, бізге қызық көрінген бір жайт – бүгінде сөз өнеріндегі суреткерлік шеберліктің қыр-сырын қапысыз меңгерген қаламгердің өмірдегі жолын суретшіліктен бастауы еді. Иә, жас талап алғашында төрт жыл көз майын тауысып Алматы көркемсурет училищесін бітіріпті. Түрлі бояулармен сурет салудың бақытын бастан кешіре жүріп, кейіннен өмір суретін сөзбен салу өнеріне ауысыпты. Бұл талпыныс-талаптың табыссыз болмағандығына Асқаровтың әдебиет аламанындағы алтайлық әдемі дүбірі, әсем жорғасы айғақ.

Қоғам • 25 Қаңтар, 2021

Тik Tok-пен тақ-тұқ күрес пайда бермейді

Соңғы кезде сайттар мен түрлі газет беттерінде Тіk Тоk әлеуметтік желісі туралы жарияланым көбейді. Барлығының айтары Тіk Тоk-ты қадағалау керек, ол жердегі контент ұят, жастарды бұзуда» дегеннен әрі аспайды. Бірақ онымен күрес желіні жабумен немесе қатаң қадағалаумен шешілмейді. Өйткені ол мүмкін емес.

Пікір • 25 Қаңтар, 2021

Ынтымақтастық жалғаса береді

Қазақстан биылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ органдарында төрағалық етуді қабыл алғаны белгілі. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің басшыларына Үндеу жолдап, алдағы қадамдарды айқындады.

Әлем • 22 Қаңтар, 2021

Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады

Tesla және ЅрасеХ компанияларының негізін қалаушы Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлем • 22 Қаңтар, 2021

Вакцина өндірушісіндегі өрт бес адамның өмірін қиды

Әлемнің ең ірі вакцина өндірушісі – Үндістан сарысу институтының ғимаратында өрт шығып бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC NEWS агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға • 22 Қаңтар, 2021

Әкімдіктерде бетбұрыс бар (Ол – министрліктерге өнеге)

Adaldyq alany жалпы республикалық жобасы аясында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері бойын­ша кеңес өтті, деп ха­барлай­ды Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің бас­па­сөз қыз­меті.

Әлем • 22 Қаңтар, 2021

Жарылыстан 28 адам мерт болды

Бейсенбі күні таңертең Бағдадтың орталығындағы екі жарылыстан кем дегенде 28 адам мерт болып, тағы 73 адам жарақаттанды. Бұл – елдегі соңғы екі жылда болған алғашқы оқиға.