Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20692 материал табылды

Экономика • 20 Қаңтар, 2021

Табыс салығын есептеу мәнісін түсіндірді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Ю.Тлеумұратовтың жеке табыс салығын есептеу тәртібіне өзгерістер енгізу кезінде салық қызметкерлерінің жіберген қателері туралы сөйлеген сөзіне қатысты Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндірме берді.

Пікір • 20 Қаңтар, 2021

Ел пікірі ескерілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің VII шақырылымы бірінші сессиясының ашылуында Қазақстанда саяси реформаларды жүргізуге ниетті екенін жеткізді.

Пікір • 20 Қаңтар, 2021

Жастарға үміт сыйлады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясына қатысты. Отырыста еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму барысын қорытындылап, осы күнге дейінгі атқарылған іс-әрекетке баға берді.

Әлем • 20 Қаңтар, 2021

Меркельсіз Германия ұстанымы

Еуропадағы биылғы жыл бірқатар саяси оқиғамен басталды. Біріншісі – Ұлыбритания ақыры Еуропалық одақ құрамынан шықты. Тұманды Альбион бұл ұйыммен түбегейлі ат құйрығын кесіспегенімен, ендігі жерде экономикалық тұрғыда ешкімге бағынышты емес. Екіншісі – Германиядағы Христиан-демократиялық одағының көшбасшысын таңдау. Яғни саяси тұрғыда канцлер Ангела Меркельдің ізбасары анықталды. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында осы екі оқиға кеңінен талқыланады. Ұлыбританияның Лордтар палатасының мүшесі Роберт Скидельский өз мақаласында Брекситтің себептеріне үңіліп көрген. Автордың пайымдауынша, Тұманды Альбионның одақ құрамынан шығуы уақыт еншісіндегі ғана шаруа еді. Өйткені тарихтағы оқиғалар Брекситтің бүгін болмаса, ертең басталатынын көрсеткен. Стенфорд университеті Гувер институтының ғылыми қызметкері Йозеф Йоффе Христиан-демократиялық одағының жаңадан сайланған төрағасы Армин Лашеттің алдағы саясатына көз жүгірткен. Мақала авторы жаңа төраға канцлер Ангела Меркельдің ұстанған саясатынан ауытқымайды деп есептейді. Сондықтан ол Германия келешекте «Меркель минус Ангела» сая­сатын, яғни Меркель бағытын Ангела ханымның өзінсіз-ақ жалғастыра беретінін айтады. Естеріңізге салайық, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

Пікір • 20 Қаңтар, 2021

Қазақстан эволюциялық жолмен жүреді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында айтылған бастамаларын қоғамды толғандырған өзгерістер деуге болады. Мәселен, партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген пайыздық меже 5 пайызға дейін төмендетілгелі отыр.

Саясат • 20 Қаңтар, 2021

ЕАЭО-ға төрағалық кезеңіндегі міндет-мақсаттар айқындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің басшыларына үндеу жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Пікір • 20 Қаңтар, 2021

Көкейдегіні дөп басқан

Әлемде өзінің азаттығы үшін ғасырлар бойы күресін үзбей жалғастырған және түбінде қолын жеткізген ұлттардың бірі – қазақтар. Сондықтан халқымыз үшін Тәуелсіздік – киелі, қастерлі ұғым! Біз оның қадірі мен киесін түсінген елміз.

Пікір • 20 Қаңтар, 2021

Алдағы бағытымызды айқындап тұр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған ойлар халқымыз үшін аса маңызды. Бәріміз біліп отырғандай, көрші елдегі бірқатар азаматтар Қазақстанның территориясына, жер аумағына қатысты орынсыз пікір білдіріп, бұрыс көзқарас қалыптастырған болатын. Ел Президенті осы мәселені жан-жақты шешу, ақ-қараны ажырату мақсатында нақты саяси ұстанымын жеткізді.

Білім • 19 Қаңтар, 2021

Жоғарғы жылдамдықты интернетке қол жетпей тұр

Қазақстандағы отбасылардың жартысы ғана жоғарғы жылдамдықты интернетке қол жеткізген. Мәселен, Шымкенттегі 5 отбасының тек біреуі ғана кеңжолақты сымды интернетке қолжеткізсе, қала мектептеріндегі бір компьютерге шаққандағы оқушы саны 23-ке тең.

Әлем • 19 Қаңтар, 2021

Шөл далада қар жауды

Алжир мен Марокко территориясындағы шөлде қар жауды, деп хабарлайды Egemen.kz