Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
18676 материал табылды

Қоғам • 07 Сәуір, 2021

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы қаралды

Президент Әкімшілігінің бастамасымен «Жа­нуарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы талқыланды. Іс-шараға Пре­зидент Әкімшілігі өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Премьер-Ми­нис­тр Кеңсесінің, Экология, геология және та­биғи ресурстар министрлігінің және бас­қа да мемлекеттік органның өкіл­дері, зообел­сенділер қатысты.

Экология • 07 Сәуір, 2021

Шыны сынығынан да өрт шығады

Жаз айында өрт қаупі өте күшті. Әсіресе, бұл кезде орман, дала алқаптарын өрттен көздің қарашығындай сақтауға тура келеді. Өрт шығу себептерін сараптағанда, көбінесе адамдардың кінәсінен болатыны анықталды. Сондықтан өрт қауіпсіздігінің ережелерін үйрететін үгіт-насихат жұмыс­тарын тек өрт сөндіру қызметкерлері ғана емес, қоғамдық мекемелер де жүргізуі тиіс.

Руханият • 07 Сәуір, 2021

Раджандай батыр бар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен құрылғанына биыл 30 жыл толатын ҰҚК Шекара қызметінің батылдық пен табандылық танытқан өз батырлары бар. 1994 жылдың қыркүйегінде тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан кіші сержант Раджан Батырханов сол батырларымыздың көшін бастап тұр.

Пікір • 07 Сәуір, 2021

Еліміз жаңа, ал стандарттарымыз ескі...

Отыз жылдан бері егеменді елге айналған Қазақстан қаншама қиындыққа жолықса да, тастай берік төзімділігі арқылы жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты. Осы жылдар ішінде еліміз сан белестен өтіп, талай жетістікке қол жеткізді.

Қазақстан • 07 Сәуір, 2021

Тарих толқынындағы сабақтастық

Көргісі келмес қасақы біреу болмаса, бүгінгі Түркістанның кісі танымастай зәулімденіп, тарихи жәдігер шаһардың бір демде ақ шаңқан жаңа қалаға айналып, мүлде тың өріске шыққанын көрер еді. Ақ шаңқан үйлерге қарап отырып, Түркістан­ның осындай сәтке қалай жет­кенін ойлайсың. Облыс орталығын қолмен құрып жатқан басшы, қосшы азаматтарға ризашылық айтқың келеді. Кейбір сәтіне өзің қатысқан, тағы бір сәттерді архив айғақтайтын қуанышты кезеңдер картинаға айналып, елес болып көз алдыңнан өтеді.

Қоғам • 07 Сәуір, 2021

Бес тауықтан – елу сиырға

Ділдәмен алғаш танысып, әңгімеге тартқанымызда жеңін тартқылап, қолын тыққыштап бақты. Жанарымыз еріксіз сол жең жасырған қолға ауды. Өзі де сезді білем:

Әлем • 06 Сәуір, 2021

Қытайдың кезекті бесжылдық жоспары

ЛОНДОН. Қытайдың заң шы­ғару­шы органы Бүкілқытайлық халықтық конгрестің биылғы жиы­ны – кейінгі кезеңдегі маңызды оқиғаның бірі. Қазіргі таңда Қытай сыртқы саясатта қиын жағдайға тап келіп отыр. Яғни елдің саяси қуғын-сүргіні мен мәжбүрлі дипломатиясына қарсы мемлекеттердің саны күннен-күнге артып келеді. Сондықтан экономикалық даму моделіне тиісті өзгертулер енгізу бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Бүгінде Қытай көшбасшылары «орта таптың табыс тұзағы» деп аталатын ұғымды айтудан қанша жерден басын алып қашқанымен, олардың бұл қауіптен құтылуға кіріскені айдан анық аңғарылады.

Қоғам • 06 Сәуір, 2021

Қонақжайлық – қазақтың бренді

Қазақ деген халықтың бір ерекшелігі, қазіргіше айтсақ бренді – қонақжайлық. Ұлтымыздың осынау дарқан пейілімен мақтануымызға да болар. Рас, біреулер оны орынсыз көреді, дарақылыққа да балайды. Сол қонақжайлық тегінге түспейді, әрине. Қонақ келсе, жалғыз атын соя­ды демей-ақ қояйық, қолда барын аямайтыны анық. Есептеулі дүниеде сол қонаққа шығынданатыны біраз қиындық та туғызады. Бірақ біреуге жақсылық жасау, риза ету де тегінге түспейді. Соған барған соң да, басқалар халқымыздың жомарттығын бағалайды.

Әлем • 06 Сәуір, 2021

Африка мектептердегі жағдайды қалай реттеуі керек?

АБИДЖАН. 15 жастағы сенегалдық қыз Хадидиату Фолл қайта­дан мектепке барғысы келеді. Коронавирус пандемиясына байланысты оның мектебі былтыр жыл бойы жабық болған-ды. Сабақ онлайн түрде өткенімен, ол мекендейтін кішігірім қала Руфисте интернет дұрыс ұстамайды. Сондықтан ол маңызды сабақтарды жиі өткізіп алады. Осылайша, білім алуға деген үмітінің күлі көкке ұшты. 

Руханият • 06 Сәуір, 2021

Айтыс – алуан қырлы өнер

Тегінде бұл, бұлбұлдай ән салған, қырандай қалықтаған, нөсердей төккен, ақтүтек борандай ұйытқып соққан, найзағайдай көкке тік шаншылған, бұлттан шыққан күндей ашылған, сарқырамадай төгіліп аққан ағыл-тегіл төкпе өнерді ойлап тапқан ата-бабаларға мың сан алғыс айтуымыз керек. ЮНЕСКО айтыс өнерін тегіннен тегін «мәдени шедевр» деп танымаған да болар.