Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
97 материал табылды

Қазақстан • 21 Мамыр, 2020

1,3 млн қазақстандық «Birgemiz» қорынан көмек алды (видео)

Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы және Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен «Birgemiz» қоры мұқтаж қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетуді жалғастыруда. Бүгінге дейін 200 мыңнан астам отбасы азық-түлік себеттері мен бірінші кезекте қажетті тауарлар алды. 362 мың отбасына 50 000 теңгеден төленіп, бұл жалпы 1,3 млн астам қазақстандықты қамтыды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың аралық нәтижелері туралы бейнероликті «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Қазақстан • 20 Мамыр, 2020

«ҚазАқпарат» АҚ карантин туралы деректі фильм түсірді (видео)

«ҚазАқпарат» ХАА» АҚ «мультимедиа» бөлімінің түсіру тобы «Карантин» атты деректі фильм түсірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қоғам • 20 Мамыр, 2020

Елорда тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді (видео)

2020 жылғы 13 мамырда ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жасырын тергеу іс-қимылдарын жүргізу кезінде уақытша тұрғылықты жерінде синтетикалық есірткі жасауды және оларды «қойылма» деп аталатын жолмен сатуды ұйымдастырған «С» деген азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 19 Мамыр, 2020

Енді «Астана Балет» театрына экскурсияны онлайн режимде өткізуге болады (видео)

«Астана Балет» театры Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен театр мен оның тарихы жайлы онлайн-экскурсия топтамасын шығарды. «OnStage/Online» деп аталатын жоба осы заңғар өнердің қалыптасу тарихы, оның этикасы, көрермендері мен бастау бұлағында тұрған жандар жайлы баяндап береді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады. 

Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Алматыда нөсер жауыннан аулаларды су басты (видео)

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті толассыз жауған жауыннан қала көшелерін су басып, ағаштар құлағанын хабарлады.

Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Мұрат Әйтенов: Алдын ала болжам жасап, қауіптің алдын алуға міндеттісіздер (видео)

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатты жауын-шашын салдарынан су басқан Елтай елдімекеніне барып, жағдай барысымен танысты. Су шайған жерлерді аралап көрген қала әкімі тез арада осы салаға жауапты орынбасарының төрағалығымен тасқын зардаптарын жою және алдын алу жұмыстары жөнінде арнайы комиссия құруды тапсырды.

Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Төлеби ауданы: Қасқасу ауылындағы көпір қалпына келтіріліп жатыр (видео)

13 мамыр күні қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округіндегі Қасқасу өзені суының деңгейі көтеріліп, арнасынан тасыды. Салдарынан 4 көпірді су алып, 8 ірі қара және уақ мал суға батқан. Екпінді ауылында 4 үйді және 15 үй ауласын су басты. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 12 Мамыр, 2020

Президенттің Алматы қаласына жасаған жұмыс сапарына бейнешолу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жасаған жұмыс сапарына бейнешолу. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады.

Президент • 12 Мамыр, 2020

Мемлекет басшысы жеке табыс салығына қатысты тапсырмасының мәнін түсіндірді (видео)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында Үкіметке берген жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы тапсырмасының мәнін түсіндірді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Президент • 12 Мамыр, 2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді (видео)

Мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.