Қарашаш ТОҚСАНБАЙ
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ«Egemen Qazaqstan»
137 материал табылды

Сұхбат • 25 Қыркүйек, 2020

Гүлмира Сарина: «Туған жерге деген сағыныш мені осындай ақ қанат әсем әндерге ғашық етті»...

Қазақтың қасиетті қара домбырасы күмбірімен жараса өрілген халқымыздың дәстүрлі ән мұрасы әсем де күрделі иірімімен, даладай кең диапазонымен, ұлттық сипатымен ерекшеленеді десек, бүгінде сол дәстүрді әуендік, орындаушылық тұрғыдан жаңғыртып, ән мәдениетінің үздік үлгісіне айналдыра білген тұлғалар некен-саяқ. Соның бірі де бірегейі – Арқа дәстүрлі ән мектебінің өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы, әнші-термеші әрі сазгер Гүлмира САРИНА.

Руханият • 22 Қыркүйек, 2020

Мінезді орта қалыптастырады

Қилы-қилы тағдырлар болатыны сияқты адам мінезі де сан алуан. Ол – жеке тұлғаның болмысынан, сөзінен, күн­делікті қарым-қатынасынан көрініс табатын ерекше мәнге ие құбылыс. Ісіне ұқыптылық, сыпайы­лық, сезімталдық, қайырымдылық, мейірім­ділік, адалдық, сабырлық, жайдарылық, кешірімшілдік, қарапайымдылық сияқты асыл қасиет­тер­ді бойына дарытып, жан-жағына шұғыла-нұрын себелеп жүретін ішкі мәдениетке бай жанды қазақ ежелден көркем мінезді адам деп айрықша бағалаған.

Театр • 18 Қыркүйек, 2020

"Дон Паскуале" спектаклінің премьерасы онлайн форматта өтеді

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының Камералық залы сахнасында Г.Доницеттидің "Дон Паскуале" операсының премьерасы өтпек. Спектакль көрерменге 2-3 қазанда Tengri TV-ден онлайн-режимде ұсынылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2020

Композиторлар одағының кезекті ХVII съезі өтті

Карантин талаптарына сай онлайн режимінде өткізілген жиынға еліміздің барлық өңірлерінен композиторлар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 10 Қыркүйек, 2020

Арбамен табылған адал ас

Балалары мен немере-шөберелерінің қуанышы мен қызығына марқайып, өмірдің алтын арқауы – ата-баба дәстүрін үзіп алмай, ұлы көшті ұрпақ жарастығымен жалғастыру, ешнәрсеге мұқтаж болмау, айналасындағы үлкен-кішінің құрметіне бөленіп, абырой биігінен табылу – үлкен ғанибет!

Өнер • 08 Қыркүйек, 2020

«Астана Опера» театрының сегізінші маусымы

Театрдың баспасөз қызметі жаңа маусым 18 қыркүйекте белгілі дирижер Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен «Опералық классикаға саяхат» гала-операсымен ашылатынын мәлімдеді. Бағдарлама Tengri TV мен «Астана Операның» YouTube арнасынан ұсынылмақ.

Руханият • 29 Тамыз, 2020

Мерекелік көңіл күй сыйлайды

"Астана Опера" театры Tengri TV мен театрдың YouTube арнасынан Атазаңның 25 жылдығына арнап мерекелік концерт ұсынбақ, деп хабарлайды Egemen.kz

Экология • 29 Тамыз, 2020

Сүйе білуді үйрететін үлгі

Жақында "Жануарлар – менің достарым!" республикалық байқауының жеңімпаздары анықталған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz

Театр • 23 Шілде, 2020

Жетінші маусымның жетістігі

«Астана Опера» театрының жетінші маусымы жарқын әрі есте қаларлық премьералар мен халықаралық жобаларға толы болды. Өкінішке қарай, маусымның нағыз қызған шағында коронавирус салдарынан көп жұмыс кейінге шегеріліп, сахналық қойылымдар мен концерттік бағдарламаларды онлайн-режімде көрсетуге тура келді. Бірқатар премьералар, атап айтқанда, Г.Доницеттидің «Дон Паскуале», «Махаббат сусыны» опералары, Т.Қажығалиевтің музыкасына жазылған «Дала үні» балетінің өтетін күндері алдағы сегізінші маусымға ауыстырылды.

Қоғам • 15 Шілде, 2020

Тартынатын, аянатын кез емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жария­лап, фармацевтика саласында орын алған кем­­шіліктерді жою мен алдағы уақытта шұғыл қол­­ға алынуы тиіс бірқатар іс-шараларды атап көр­­сеткен еді.