Сұңғат ӘЛІПБАЙ
Сұңғат ӘЛІПБАЙ«Egemen Qazaqstan»
841 материал табылды

Үкімет • 23 Ақпан, 2022

Кедендік әкімшілендіру жетілдіріледі

Кеше Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай, орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру туралы мәселелер қаралды.

Үкімет • 16 Ақпан, 2022

Басты мақсат – халықтың табысын арттыру

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар қаралды.

Қазақстан • 10 Ақпан, 2022

Туған елдей ел болмас

Жуықта Германиядағы бақуатты өмір­ді бейнелеген бір бейнежазба уатсап әле­мін шарлап кетті. Аталған елдің бір ша­ғын елді мекеніндегі, біздіңше айтсақ, ауылындағы, әдемі көрініс. Қаз-қатар тізілген екі-үш қабатты сәнді коттедж­дер. Жайқалған тал-терек. Жасыл кілем секілді құлпырған шөптер. Жарқыраған асфальт. Ауыл көркіне тамсанып қарай бергің ке­ле­ді.

Үкімет • 02 Ақпан, 2022

Баспаналы болудың жаңа мүмкіндіктері

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай, тұрғын үй саясатындағы және баспананы жалға алу ақысын субсидиялаудағы жаңа механизмдер мен білім мен ғылымды дамытудың жаңа тәсілдері талқыланды.

Қазақстан • 26 Қаңтар, 2022

Назарда – батыс өңірлер

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай және еліміздің батыс өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарлары қаралды.

Қазақстан • 20 Қаңтар, 2022

«Утильдік алым» ақпан айында қайта қаралады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында жариялаған мәлімдеме­сін­де утилизациялық алым мәселесін сынға алып, ӨКМ опе­раторының тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қыз­метін тоқтатуды тапсырған еді. Осыған байланысты Үкімет 2022 жылдың 18 қаңтарында арнайы Қаулы қабылдап, өндіру­ші­лердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функция­сын мемлекеттік ұйым – «Жасыл даму» АҚ-ға тапсырды.

Экономика • 19 Қаңтар, 2022

Жедел іс-қимыл жоспары әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған 51 іс-шараны қамтиды

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай, Әлеуметтік-экономи­ка­лық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспары және инфляцияның өсуіне, азық-түлік пен мұнай өнімдері бағасының көтерілуіне жол бермеу шаралары қаралды.

Экономика • 18 Қаңтар, 2022

Азық-түлік қауіпсіздігінің алғышарттары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентте сөйлеген сөзінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Үкімет пен әкімдер үшін бас­ты басымдық екенін атап өтті, өйткені нарықта өнімдер жет­кіліксіз болса, ешқандай шаралар инфляцияны ұстап тұруға көмектеспейді.

Руханият • 22 Қараша, 2021

Көңіл тапшылығы

Көңіл шіркін шексіз мұхит секілді. Бірақ оның да сарқылатын, таусылатын кезі бола ма деймін. Бәлкім біреулер: «мынау не деп сандырақтап тұр, көңіл таусылушы ма еді, көңіл қалушы еді ғой. Көңілдің таусылғаны несі» деп уәж де айтар. Бәлкім солай да шығар. Бірақ маған қазіргі қазақ өмірінде жүріп жатқан өзгерістер көңілдің тақа тау­сыл­маса да азая түскенін, суала түскенін біл­діретіндей сезіледі. Мұны, әсіресе өткен мен қазіргіні салыстырған кезде айқын көруге болады. Мәселен, кезіндегі қазақ көңілімен бай қазақ еді. Оның көңіл кеңдігі өзінің шетсіз-шексіз сайын даласындай, ал тазалығы көк аспанындай болатын. Сол көңіл қазір бар ма? Жоқ секілді...

Экономика • 10 Қараша, 2021

Экономиканың қалпына келуі жеделдей түсті

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бірінші кезекте әдеттегідей елдегі санитарлық-эпидемиялық ахуал қаралды.