Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ«Egemen Qazaqstan»
1132 материал табылды

Сайлау • 16 Наурыз, 2023

Көшпелі кеңес жұмысы аяқталды

19 наурызға тағайындалған Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутат­тарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу шеңберінде Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Жамбыл облысында, ал комиссия мүшесі Шавқат Өтемісов Атырау облысында жұмыс сапарымен болды.

Пікір • 12 Наурыз, 2023

«Сужылаған»

Бірнеше жыл бұрын еді. Бірде қала іргесіндегі ауылдың тұрғыны хабарлас­ты.­ Әр сөзіне екпін беріп сөйлетін адам екен, округ әкімнің үстінен шағым айтып,­ оны газетке жазуымызды талап етті. Журналистік кәсіпте түрлі адаммен тілдесіп, небір оқиғамен бетпе-бет келесің ғой, мұндай «талап» бізді аса таңғалдыра қоймады. Дегенмен істің мән-жайын білмек болдық.

Қоғам • 10 Наурыз, 2023

69 мың теңге айыппұл балағатты азайта ма?

Өкінішке қарай, былапыт сөз айтып, балағаттай жөнелу күнделікті тұрмысымызға әбден кірігіп кетті. Әуелгіде «қағаз көтермейтін...» деп сипаттайтын әдепсіз әдетке бойымыздың үйренгені соншалық, күліп қана тұратын жағдайға жеттік. Неге?

Сенат • 10 Наурыз, 2023

Қабылданған заңдар адам құқығын қорғау тетіктерін жетілдіреді

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіндегі бірқатар мәселені қарап, депутаттық сауал­дарын жолдады.

Форум • 09 Наурыз, 2023

Жаһандық форумға қатысты

Әзербайжанда «Бүгінгі әлем: сындар мен үміттер» тақырыбындағы Х Баку жаһандық форумы өтті. Форум жұмысына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысып, сөз сөйледі.

Әскер • 08 Наурыз, 2023

Ұлттық ұлан арулары

Шындығында әйел – отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы. Көктемнің ең әдемі әрі әсерлі мерекесі қарсаңында Ұлттық ұлан арулары туралы бірер жылы сөз айтқанды жөн санадық. Құқықтық тәртіп әскерінің нәзік жанды арулары ерлермен бірге иық тіресе қызмет ете отырып, отбасының да жылулығын сақтап жүрген асыл жандар. Сондай сұлу да ақылды әскери қызметші-әйелдер Ұлттық ұлан қатарында абыройлы қызмет етіп жүр.

Сұхбат • 07 Наурыз, 2023

Қорғаныс саласы қазақша сөйлейді

Қорғаныс саласында да қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін қомақты жұмыс жасалып жатқаны анық. Осы бағытқа өз қызметін арнап, үздіксіз еңбек етіп келе жатқан жанның бірі – Қорғаныс министрлігі Әкімшілік департаменті лингвистикалық сараптама басқармасының басшысы, полковник  Айнұр Оразғалиева. Мемлекеттік тілдің дамуына жауапты маманнан әскери саладағы қазақ тілінің жай-күйі туралы сұрап білген едік.

Қазақстан • 06 Наурыз, 2023

Қатерлі жылдар қателігі ғылыми зерделеніп, хатқа түсті

Қазақстанға 1 млн 207 мыңнан астам әртүрлі ұлт өкілінің күшпен жер аударылуы, тың және тыңайған жерлерді игеру барысындағы бассыздықтар, биліктегі қасаң бюрократия мен жемқорлық – әлеумет­тік және этностық қақтығыстардың туындауына себеп болды.

Төтенше жағдай • 02 Наурыз, 2023

Су тасқынының қаупі сейілген жоқ

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері көктемгі су тасқынына дайындық мәселелерін талқыға салды. Жиынға мемлекеттік органдар және өңірлер әкімдіктерінің орынбасарлары қатысты.

Пікір • 28 Ақпан, 2023

Депортация. Дерек пен дәйек

Бірден айтайық, біз Қазақстандағы депор­тацияға ұшыраған ұлт пен ұлыс­тар­дың тарихын түзген кезде мұндай сұр­қия әдістің әуелі қазақтарға қатысты қолданылғанын білуіміз керек. Яғни қазақ ұлтына қатысты жазалау мен жер аудару саясаты кеңес одағындағы азамат соғысы аяқталысымен-ақ басталып кеткен болатын.