Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ«Egemen Qazaqstan»
1132 материал табылды

Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Мас пациент ауруханадан изоляторға ауысты

1 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылының полиция бөліміне іргеде орналасқан ауруханадан шақырту түскен. Бірақ, оқиғаға ешқандай күлкі мен қалжың араласпаған. Ауруханда ем алып жатқан науқас шынымен шатақ шығарып, дәрігерлермен төбелескен екен.

Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

Алматы облысының әкімдігі «Асыл Арман» тұрғындарына азық-түлік таратты

Қарасай ауданындағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешені індет таралуына байланысты толықтай оқшауланып, карантинге жабылған болатын. Бұған дейін бұл аумақтан екі адамнан корона вирус инфекция анықталған еді. Ал сыртпен байланысы тоқтаған тұрығндарға Алматы облысының әкімдігі тегін азық-түлік жеткізе бастады.

Білім • 04 Сәуір, 2020

Қашықтан оқу: телеарна терең білім бере ме?

Алматы облысының мектептері қашықтан білім беруге дайын екенін бұған дейін хабарлағанбыз. Бастапқыда мұғалім мен оқушы арасын онлайн байланыс арқылы жалғау жоспарланғанымен, өңірдегі шалғай ауылдардың ғаламторға қосыла алмауынан бұл мүмкін болмады.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Оныншы адамнан жұқпалы індет белгісі анықталды

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған оныншы адам анықталды. Науқас 1950 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны екен.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

103 қызметінің 103-бригадасы: фельдшер Бахаудун

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша отандық медицина қызметкерлерінің еңбегін бағалаудың жаңа жүйесі іске қосылып жатыр. Бұл бағытта жұқпалы індетпен күрес кезеңінде дәрігерлердің табысы қайта есептеліп, қауіп-қатер сатысына байланысты жекелеген сыйақы белгіленбек. 

Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Жетісу оқушылары қашықтан оқуға қаншалықты дайын?

Алматы облысындағы 760 мектепте 411 036 оқушы білім алады. Бүгінде барлық білім ошақтары төтенше жағдайға қатысты қашықтан оқытуды пысықтап жатыр. Дерек бойынша оқушылардың 93 пайызы компьютер, ноутбук, планшет, смартфон арқылы сабаққа қатысуға дайын. Яғни, 380 575 бала үйде отырып оқиды.

Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Алматы облысы: 42 500 теңге өтемақыны қанша адам алады?

Алматы облысында ең төменгі жалақы мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді алатын тұрғындар саны әлі де нақтылануда.

Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Кәсіпорындарда жұмысшыларды ақысыз демалысқа жіберу дерегі тіркелген жоқ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша бюжеттен 1 трлн теңге бөлу туралы шешімі елімізде жаңадан жұмыс орындарын ашуға серпін береді.

Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» Жетісудағы мектеп жетіспеушілігін жоя ма?

Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында бөлінген қаражаттың 54 пайызы өңірдегі әлеуметтік-мәдени саланың мәселесін шешуге бағытталмақ. Мәселен, осы қаржыға өңірдегі мектеп жетіспеушілігін жоюдың сәтті мүмкіндігі туатын сияқты. Өйткені, аймақ бойынша салынып жатқан 16 мектепке қосымша  тағы 7 мектептің құрылысы басталамақшы. Бұл қосымша 10,2 мың баланы орынмен қамтымақ.

Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Төтенше жағдай тәртібі: Жалған ақпарат таратуда WhatsApp топ бастап тұр

Қазір әлеуметтік желі қолданушылары үшін  шынайы хабар мен жалған ақпараттың аражігін ажырату қиындап кеткені рас. Әсіресе, төтенше жағдай кезінде мұндай дәйесіз сөз жылдам таралып жатқаны өкінішті. Өйткені, соңғы күндерде коронавирус  инфекциясының таралуына қатысты желдей ескен жалған ақпарат тәртіп сақшыларын ғана емес, дәрігерлерді де әбігерге салып бітті.