Сүлеймен МӘМЕТ
Сүлеймен МӘМЕТ«Egemen Qazaqstan»
120 материал табылды

03 Сәуір, 2018

Мұғалім мәртебесіз болайын дей ме?

Қазір мұғалімдерге қатысты алуан түрлі әңгімелер айтылудай айтылып келеді. Әлеуметтік желілердегі небір сойқан көріністер жаныңды жаралайды. Мұғалім мен бала арасындағы текетірес тіпті өршіп бара жатқандай.

Руханият • 06 Наурыз, 2018

Бірлік пен тірлік

«...Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда, байлықтан не пайда, кедейліктен не залал?.. Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек...». Бұл – Абайдың сөзі.

27 Ақпан, 2018

Туризм мәселесі санада түлесе, қане!

Туризмді түрлендіргендер, ыңғай­ы­на келтіргендер, тіпті жоқтан бар жасап, жайнатып жібергендер, ең бастысы қалау­ын келтіріп, есебін тапқандар, екі емес бірнеше рет асайтын дәрежеге жет­кенін естіп, біліп жүрміз. Қазір туриз­м­нен түсетін табыс мұнай мен газ, ме­тал­­лургиядан кейінгі орында екен. Бұл – жер қазып, кен қопармай-ақ, егін егіп, су­армай-ақ мол ақшаға кенелуге болады деген сөз.

20 Ақпан, 2018

Тобасыз тойымсыздарға тоқтам бар ма?

Қазаққа адал қызмет етуді парыз да қарыз санаған ұлт көсемі Әли­хан Бөкейханов: «Алаштың баласы, бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгі­ні өзінде бөлек мемлекет болар» деп­ті. 

12 Ақпан, 2018

Ақыл-ой иелерінен көз жазып қалмайық

Мына дүниені құлпыртатын да, құбылтатын да, жаңартатын да, жасартатын да, барыңды жетілдіретін де, орындасам деген мақсатыңа жеткізетін де – бір ғасыр бұрын ұлт ұс­тазы А.Байтұрсынұлы айтып кеткен білім жарысы. Сол жарыста, яғни ақыл-ойдың самғауында қана­тыңды талдырмайтын, ауырыңды жеңіл­дететін – білім мен ғылым. Осы ақиқат жолында ел білімін қайт­сек жақсартамыз, ғылымын қалай өрістетеміз деген ұлы ұғымды Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ақыл та­был­май, ештеңе табылмайды. Ой же­тілмей тұрып, ар-намыс шың­далмайды. Ар-намыссыз азамат, өзге­лердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін кө­герте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл», деп азаттық алғаннан бері айтып келеді.

05 Ақпан, 2018

Бабалар сөзі, елдіктің көзі

Жұрт болып жұмылудың, ұлт болып ұйысудың үлгісіне бабалардан қал­ған сөздерді естіп, өнегелі жазбалар­дан оқып отырғанда көз жеткізесің. Әсі­­ресе, қазақтың төрт құбыласын тү­ген­деп, кемін толтырып, кетігін бітеп отыр­­ған, бір ананың, бір әкенің те­те ұлың­дай үш бидің өнегесін ту етіп тө­беңе көтерсең, көкейіңе шырақ етіп жа­ғып жүрсең, алдыңғының ақыл-парасатын қарынның қамы демей, көңіліңнен кетірмей, қарауылдай баға білсең – береке бірлік салтанат құрып, ұтыл­майды екенсің. 

30 Қаңтар, 2018

Ағылшын тілінде сабақ беретін маман тапшы

«Өз тілімізбен өмір сүрейік. Бұдан артық қалай айтуға болады» деген Елбасы Н.Назарбаев мемлекеттің даму жолында «Кеше болмағаның бүгін болуы мүм­кін, бүгін болмағанның ертең болуы мүм­кін – ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқы­лық­тарға соқтыратыны сөзсіз», деп өмір өзгерістеріне қарай ұлт тілін қалай да сақтап қалуды жүктегені белгілі.

23 Қаңтар, 2018

Донор әке – дүбәра ұрпақ

Біз қазір ұлт болу, мәңгілік ел болу жолында келеміз. Бұл бабалар бағыттаған, бүгінгілер ақ-адал жалғасақ деген ұлы ниеттен туындап отыр. Әлемдік қарбаласта өз бет-бейнемізбен салған сара жолымыз даңғылға айналу үстінде. Ең бастысы, осы жолда ұлттық үрдісімізбен жүрсек, жұтылу мен тұтылудан алыс боларымыз ақиқат.

01 Қаңтар, 2018

Ауыл әкімі: бюджет пен бедел

Анау ғасырдың басында нағыз ұлт жазушысы, Бейімбет Майлин «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз, Ауыл дене, біз – қозғатар жанымыз. Кел, еңбекші, қол ұстасып бір туға, Жиналайық қалмай жасы, кәріміз!», деп ауылды көркейтуге елді шақырғаны алдыңғы толқынның есінде болса керек. Сол үлгі қазір де күн тәртібіне шықты.

14 Желтоқсан, 2017

Дарын мен қарым

Дарын – тағдырдың сыйы. Ұстай алсаң құстай ұшасың, ұстай алмасаң мұрттай ұшасың. Ұстай алғанның қарымы зор. Бағы биік. Затына қарай аты, еңбегіне қарай өнбегі телегей теңіз. Ұстай алмағанның ұсқыны кірмейді. Қадамы ілгері жүрмейді. Қанша жетектегенмен, қамқорлық көрсеткен кері кетіп, күндердің күнінде күлкіге айналып, көлденең «кермеге» ұрына береді. Мұны өмір сабағына көз жібергенде көріп-біліп отырмыз.