Талғат СҮЙІНБАЙ
Талғат СҮЙІНБАЙ«Egemen Qazaqstan»
42 материал табылды

Тұлға • 05 Сәуір, 2023

Құбылыс еді Қыдекең...

Қолына қалам ұстаған әріптестер арасында Қыдекеңнің – Қыдыралы Қойтайдың есімі өте жақсы таныс. Оның шынайы шығармашылық өмірде шын мәнінде құбылыс болғаны да онымен қатар жүріп қызметтес болған көпшілігімізге ақиқат. Газет индустриясының ұңғыл-шұңғылына қанық әрбір басылымның маманы үшін саладағы хатшылық (секретариат) қызметінің ерекшелігі болатыны бесенеден белгілі жайт. Қыдекең сол секретариаттың сұңғыласы еді.

Тарих • 30 Қыркүйек, 2021

Алғаш өткен баспасөз мәслихаты

...Алатаудың етегінен қар тез көшіп, Алматыда көктем де ерте шыққан 1992 жыл еді. «Арал-Азия-Қазақстан» Халықаралық қоғамының төрағасы, ақын Мұхтар Шаханов бір күні өзі басқарып отырған «Жалын» журналының редак­циясына алматылық тілшілерді шұғыл шақырсын...

Таным • 27 Шілде, 2021

Ер Тоқтар

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры, еңбек сіңірген сынақшы-ұшқыш Тоқтар Әубәкіров – 75 жаста

Қоғам • 19 Шілде, 2021

Есте қалған езутартарлар

Өмір бойы жан серігіңе айналған кәсібіңнің шексіз кеңістігінде бастан кешкен сан алуан оқиға санаңнан еш өшпейді екен. Кейде бір көңіл толқыны үстінде езу тартқызар естеліктер еске түсе кетіп, ой иірімдерінде шыр айналып, шарқ ұратының да бар... Сағым-сағыныш боп қалған қоғамның құбылу сатысындағы өткен сол бір ұмытылмас ыстық сәттерді оқырман назарына ілтипатпен ұсынғанды құп көрдік!

Аймақтар • 17 Наурыз, 2021

«Жамбыл менің жәй атым...»

Жаңадан салынған Наурызбай ауданы әкімдігінің ғимаратына орналасқан отбасылық оқу-кітапханасының директоры Бақыт Саурамбаева мұнда елдегі панде­мияға қатысты карантиндік талаптардың әр кез сақталып отырғанын, сол ар­қылы ауданда өтетін кезектегі ұлағатты шаралардың да еш үзілмегенін алға тартты.

Оқиға • 25 Қаңтар, 2021

Қас-қағым сәт. Алпыс жыл. Хас шебер

«Суреттерді түсірген Н.Қизатов. Суретті түсірген Нұрманбет Қизатұлы...». Өткен кеңестік кезеңде де, бүгінгі егемендіктің дәуірінде де бұл аты-жөні көзіқарақты газет оқырмандарына өте жақсы таныс екені айдан анық.

Медицина • 21 Қаңтар, 2021

Арпалыстың ащы сабағы ұмытылмайды

Дүниенің төрт бұрышын түгел шар­пып, өрттей қаулап өршіген пан­демия, әсіресе қоғамдық өмір­де дәрігерлер армиясын үл­кен сынаққа салғаны баршаға аян. Дүние жүзінің ақ желеңді аб­зал жандар қауымдастығы «Ендігі болашақ – пандемия мен­ пандемия емдеушілердің ие­лігінде» деген, бәлкім, асы­ғыс, бәл­кім, ақиқаты солай, тұжы­рым жасап үлгерді. Бір сөз­бен айт­­қанда, кездейсоқ өгеріс­терді қауіп­тене күткен адам­заттың тағ­дыры таразыға салын­ды да қал­ды.

Қоғам • 24 Желтоқсан, 2020

Бауыржантанудың тұнығы мен тұңғиығы

Журфакқа дейінгі тілшілік қызметін Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінен бастаған көсемсөзші-қаламгер, Қазақстанның құрметті журналисі Бекет МОМЫНҚҰЛ көп жылдар бойы Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетін, «Қазақстан» РТРК Жамбыл облыстық филиалын басқарды. Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүниесін», Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметтің «Қазақ қалай орыстанды?» атты ғылыми еңбегін орыс тіліне аударған. Бауыржан Момышұлы туралы жазылған «Ерлік жалғасады» (орыс тілінде) атты кітаптың авторы. Ол бұл күндері Тараздағы «Бауыржантану ғылыми-зерттеу орталығында» жемісті еңбек етіп келеді.

Оқиға • 02 Қазан, 2020

Қазақтар ғарыш есігін ашқан күн

2 қазан – қазақтардың ғарыш есігін ашқан күні саналады. Тарихта солай жазылған. Тарихи деректердің бұл күннің маңыздылығын бір ұлттың саяси-қоғамдық формациялық сатыдағы басынан кешкен құбылыс, қимыл-қозғалыстарымен астас­тыруы да тектен-тек емес.

Оқиға • 03 Шілде, 2020

Бүгін газет жақсы шығыпты...

Кеңес Одағының «соқадан ракетаға» (У.С.Черчилль айтқандай) дейінгі басынан кешірген дәуірі секілді, газеттің де «қорғасыннан компьютерге» дейінгі бір ғасырлық кезеңді өткеріп тастаған өз тарихы бар. Оның жай-жапсарын осы салада табан аудармай қызмет еткен, қызмет етіп келе жатқан журналист әріптестеріміз жақсы біледі. Ел газеті «Egemen Qazaqstan» газетінің жауапты хатшысы Самат Сабағатұлы Мұса сараланған әлгі сайыпқырандардың алдыңғы сапында тұр! Кәсіби газетші Сәкеңнің «Талтүсінде» (Шерағам айтқандай), оның 40 жылдық кәсіби саладағы саналы ғұмырының бізге мәлім қырлары мен сырлары туралы әріден әңгіме қозғаудың сәті бүгін түскендей!..