Талғат СҮЙІНБАЙ
Талғат СҮЙІНБАЙ«Egemen Qazaqstan»
42 материал табылды

Руханият • 20 Наурыз, 2020

«Халкомдық» атанған, бірақ... қасиеті жоқ!

Коронавирустың бірден-бір емі спирттік ішімдік екен деген хабар дүр еткенде, менің жүрегім дір етеді... Жер-жаһанды дендеп, сағат сайын ұлғайып, өршіп бара жатқан пан­­­д­е­мия­дан сақтанудың алуан амалы жай­лы тәулік бойы тоқтаусыз айтылып, жазылуда.

Абай • 05 Ақпан, 2020

Абай – Жамбыл ауылында

Ұлы Абайдың туғанына 175 жылдығына арналған мемлекеттік маңызды кезекті шара ақындар мен батырлар елі – Жамбыл ауданында, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Ұлы ақынның мұражайында өтті.

Руханият • 15 Қаңтар, 2020

Ой құштырған оқтұмсықтар

Жаңа жыл Таяу Шығыстағы жан түр­шігерлік шиеленісті әскери оқиғалармен басталды. Зымыраған уақыт көшінде тағы да адам өмірін жойғыш зымырандар алға шықты. Алғашқы зымыран (АҚШ) Иранның әскери қайраткері генерал Касем Сулейманидің өмірін қиды. Үшінші дүниежүзілік соғыс басталды деген дабылдың қағылғаны тектен-тек емес еді, күллі Иран елі даңқты генералының кегін қайтару үшін атқа қонған.

Қазақстан • 13 Қаңтар, 2020

Сиднейде мурал салып жүр

Жанна Батырқұлова – Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. Оқу орнының көркемсурет факультетін бітірген. Қазір Аустралияның астанасы Сидней қаласында тұрады. Бір сөзбен айтқанда, жайлы жер, жақсы жалақы іздеп дүние кезген бүгінгі қазақ жастарының легіндегі көптің бірі.

Аймақтар • 24 Қазан, 2019

Көшелер және көшелі істер

Тойбастар көшесін қуалай төмен түскен бойда, күнбатысты бетке алып Тайбурылдың тақтайдай асфальт жолының жиегіндегі түп-түзу тротуармен жүріп келемін... Арт жақтағы Ықылас көшесінің зәулім теректері көз ұшында бұлдырап қалды. Алдымда – Тайбурыл тұйықталған жерден басталатын Жазира көшесі. Міне, оң қанатта Шабыт шағын ауданы деген тайға таңбай басқандай етіп жазылған көрнекі тақтаға көзім түсті, енді бір елу метр­ден соң Атамекен, одан әрі Алмас шағын аудан­дарының еңселі үйлерінің қақпалары қарайып жалғаспақ!..

Руханият • 10 Қыркүйек, 2019

Халықтың Шерағасы туралы естелік

Халықтың Шерағасына айналған халық жазушысы Шерхан Мұртаза бұл күндері арамызда жүрсе ғой, алдағы 28 қыркүйекте 87 жасқа толар еді...

Қоғам • 20 Тамыз, 2019

Ғарыш пен жарыс

Күні кеше ғана ғарыш ілімі тарихи маңызы зор әрі айтулы екі күнді атап өтті. Оның біріншісі – адамзат өкілінің Айға қонып (1969 жыл, 20 шілде), жерге аман оралуына елу жыл толу оқиғасы. Бұл оқиғаны ғарыш игеру саласындағы КСРО мен АҚШ арасында туған «қуып жетеміз, басып озамыз» саяси науқанының ең шырқау шегіне жеткен кезеңі десе болады.

Руханият • 25 Шілде, 2019

Ескерткіштер мен естеліктер

Ұзынағаштағы аудандық Мәдениет үйінің сол жақ бүйірін ала, жасыл нуға малынған жалпақ сайдың ернеуінде найзасын көкке қадап Ер Қарасай батырдың ескерткіші тұр. Батыр бабаның жаныңды рухтандыратын таңғажайып тас мүсінін бір сипап, тәу еткен сайын тарих қойнауына тереңдеп кеткен бір оқиға ылғи еске түсе береді...

Қоғам • 28 Маусым, 2019

Ой үстінде жүретін бір қауым бар...

Кәсіпқой бокстың «жұлдызы» амери­калық Чарльз Сонни Листонның журналистер туралы ертеректе тұжырым­даған бір қызық сөзі бар.

Сұхбат • 17 Мамыр, 2019

Уақытқа төте жол тапқан қаламгер

Республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің Бас редакторы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, белгілі журналист-жазушы Марат ТОҚАШБАЕВ жақында 70 жасқа толды. Ел газеті «Егемен» Марат Бәйділдәұлын мерейлі жасымен құттықтай отырып, осы сұхбатты оқырман назарына ұсынады.