Талғат СҮЙІНБАЙ
Талғат СҮЙІНБАЙ«Egemen Qazaqstan»
42 материал табылды

01 Наурыз, 2018

Марк Мудидің өнегесі

Сол күні Алматыда біздің ана тілімізге сондайлық шынайы құрмет көрсетілді, сіз білесіз бе?!. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстанда тұңғыш ашылған өкілдігінің ширек ғасырлық мерейтой-жиыны өтіп жатқан... Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің БҰҰ-ның қызмет тілінде, яғни ағылшын тілінде еркін сөйлей алатындықтарына ешкімнің де күмәні болмаса керек-ті. Бірақ жаңа Қазақстанның білікті бұл азаматтары мінбеге шыққанда мемлекеттік тілде, қазақ тілінде төгілтіп баяндама жасады.

11 Қаңтар, 2018

«Мемлекеттік тілді білмек – елшіден...»

Қазақстанға танымал тұлға, сенатор Икрам Адырбеков «Елші­лер­дің шетелде болу мерзімін 5 жыл­­дан арттырмау мәселесі өзекті бо­­лып отыр, себебі қазіргі кезде 20 жыл­дан астам уақыт бойы елге орал­­маған елшілер, дипломаттар бар. Олар елден қарым-қатынасын үзді деп айтуға болмайды, дегенмен де соны нашарлатқан, елдегі жағ­­дайды те­рең түсінбейді» деді («Сөз­бе-сөз» – «ҚазАқпарат»). 

08 Желтоқсан, 2017

Астана мен Алматы арасында «222»-нің азабы бар

Көлігінің доңғалағы тақтайдай асфальт жолға түскенде көңілінің дом­бырасы күй ойнап қоя беретін жүр­гізушінің жайын кім ұғар, шіркін?! Бұл жұмыр басты пендеңіз жыл­дамдыққа неге сонша құмар болды екен?! Ат жалын ұстап желмен жа­рыс­қан ата-бабадан жұққан, қанға сің­ген қасиет-ау, пай-пай... 

22 Қараша, 2017

Қаралы жиын басында имам сөзі хақ болар

Жаназаға сап түзеген халықтың алдына шыққан имам жұртқа арқа­сын беріп, екі қолын айқастыра ұс­тап іштей дұғасын оқып, бір сәт үн­сіз қалды. Күллі әлем мүлгіді. Кенет ең алдыңғы қатарда тұрған әлде­кімнің қалта телефоны безілдеп қоя берді.

18 Қазан, 2017

Қарсылық па, таршылық па?

«Біреу Алматыға бір «КамАЗ» сәбіз әкеліп төгіп, елге тегін таратты» деген хабардың шығуы мұң екен, веб-сайттар ақырғы жаңа­лықтың айналасына шыбындай үймеледі. 

11 Қыркүйек, 2017

Өтінемін, тіліме тіл тигізбеңіз!

Троллейбуста келеміз. Құрта­қан­дай қыздың тілі балдай тәтті шығыпты, әжесі екеуі орысша «сөй­лесіп» отырды. Баланың қылы­ғын қызықтап жақын тұрған жас жұп ерлі-зайыпты екен, кенет жігі­ті сәл илігіп: «Апай, келін­шегі­м­нің аяғы ауыр еді. Немереңізді ал­дыңызға алып, орын бересіз бе?» де­ді қысыла үн қатып. Апамыз мо­й­нын да бұрмастан «Ну и что... у нее тоже ноги болят» деп немересінің басынан сипап, міз бақпай еміреніп отыра берді. 

08 Тамыз, 2017

Қазақ аты-жөнінің жазылуы

Ауыл балалары алқа-қотан отыра қалып даңқты Бауыржан Момыш­ұлының соғыстағы ерлік-хикаясын қыз­дырғанда жерлесімізге Батыр ата­ғын қазақша фамилиясы үшін бер­мепті деп қызыл кеңірдек болып қа­лушы ек!..

26 Маусым, 2017

Кәденің қадірін білейік

КСРО-ның бір қиырындағы Мурманнан екінші қиырындағы Владивостокқа бет алған 66 жастағы желаяқ жүгіріп келе жатқан жолынан бұрылып, Ұзынағашта екі сағат аялдады. Тайлы-таяғымыз қалмай ғажап жанды көрмекке аудандық партия комитетіне – қазіргіше, аудан әкімдігіне жиналдық. Орыс ақсақалы жүгіруді 20 жыл бұрын бастапты, кереметі – бір заманда алпыс екі тамырына құрсау салған 10 шақты ауруынан құлан таза айыққан.

10 Мамыр, 2017

Құрыш қалқан –  аға ұрпақ аманаты

Даңқы қолбасшы Бауыржан Момышұлының соғыстан кейінгі бір кезеңде Қазақ Кеңестік Социа­листік Республикасының Әскери комиссариатын басқаруға құлықты болғанын ғалымдарымыз, әсіре­се, тарихшыларымыз айтып та, жа­зып та жүр. Кеңестік атты әскер­дің – ка­валерияның үздігі Баукең нағыз Қы­зыл Армияның таңға­жайып қол­басшыларының бірі – жауын­герлік «Қызыл Ту» орденінің ең бірінші иегері (1918 ж.), Кеңес Ода­ғының маршалы (1935 ж.) Василий Блюхердің сынынан өткені белгілі. 

27 Наурыз, 2017

Алматы – тоқ қала!..

Алматыда туған, тұрған, бі­лім қуған, қызмет істеген, қазір тұрып жатқан, алыста-а-а-н елегі­зіп қаланы сағынып жүрген... бар­­ша­ңыз – осындағы кеңестік асхана­лардан жеген сірке суының өткір иісі мұрын қабатын лағман тағамының қышқылтым дәмін ұмыта қоймаған шығарсыздар-ау!