Азамат ҚАСЫМ
Азамат ҚАСЫМ«Egemen Qazaqstan»
434 материал табылды

Аймақтар • 15 Маусым, 2020

Семейлік жауынгердің сүйегі 78 жылдан кейін туған жеріне жеткізілді

Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында Смоленск түбінде қаза тапқан  Өмірзақ Қазанқаповтың сүйегі арнайы борт арқылы әуелі Ресейге, Ресейден жауынгердің туған жері – Семей қаласына жеткізіліп, қайта жерленді. Туыстарына оның жеке заттарын да табыс етіпті, - деп жазады Egemen.kz

Абай • 12 Маусым, 2020

«Толық адам» ілімі мектептерде оқытылмақ

Жақында Өскемендегі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай және әлемдік өркениет» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты онлайн-режімде ұйымдастырылған шараға Түркия, Нидерланд, Польша мемлекеттерінің ғалымдарымен қатар еліміздегі көрнекті абайтанушылар қатысып, ойларын ортаға салды.

Аймақтар • 11 Маусым, 2020

Алакөлге келу үшін қандай тест тапсыру қажет?

Алакөлдің Шығыс Қазақстан аумағындағы бөлігі туристерді қабылдауға әзірленіп жатыр. Биыл әлемдегі ахуалға байланысты демалушыларға да, демалыс орындарының иелеріне де талап күшейген, - деп жазады Egemen.kz

Қоғам • 11 Маусым, 2020

Браконьерлер жазасыз қалмайды

Шығыс Қазақстанда тамылжыған табиғаты бар көрікті мекендер аз емес. Соның бірі де бірегейі – Марқакөл. Алайда соңғы жылдары осы ғажайып көлде балықты заңсыз аулау фактілері тым көбейіп, жағдай әбден ушыққан. Бұл мәселеге Президенттің өзі назар аударғаннан кейін ғана балық аулауға тыйым салынды. Қазір тек көл жағалауындағы тұрғындарға ғана балық аулауға рұқсат берілген.

Қоғам • 10 Маусым, 2020

Қырық сегіз адамды қызыл жалыннан құтқарған

«...Алаңсыз ұйықтап жат­қанымда орындығымның асты жып-жылы болып кетті. Көзімді ашсам, астымда от жанып жатыр. Бірден жүргізушіге жүгіріп барып, автобуста өрт шыққанын ха­барлап, көлікті тоқтатуын сұ­радым. Бірақ ол менің сөзіме сен­бей қойды. Ал екінші жүргі­зуші шырт ұйқыда. Көп кідіруге бол­майтындықтан оны оятуға тура келді. Осыдан кейін ғана ол автобусты тоқтатты. Ал қай­тадан орныма келсем, қызыл жа­лын біршама жерді шарпып үлгеріпті. «Жанып жатырмыз» деп айқайласам адамдар үн қатпайды. Сөйтсем автобустың артқы бөлігінде отырғандардың көбі көк түтінге уланып үлгерген екен. Ал кейбірі не болғанын түсінбей, аңырып қарап отыр. Тіпті жүргізуші автобустың есі­гін де ашпады. Содан кейін екі есік­ті тепкілеп, итеріп жартылай­ аштым. Алдымен балаларды да­лаға шығардым. Көтеріп алып, бірі­нен кейін бірін лақтыра бер­дім. Өйткені өрт күшейіп барады. Ал жүргізуші өрт сөндіру құ­ралымен тілсіз жауды сөндіріп жат­ты. Бірақ қызыл жалын дес берер емес...».

Аймақтар • 08 Маусым, 2020

ШҚО: Ортағасырлық қала жұртының орындары табылды

Археологтың айтуынша, екі қалашық орнының аралығы бір-біріне жақын.

Туризм • 08 Маусым, 2020

Мәдени туризмге мән беретін кез

Әлемді шарпыған пандемия бізге көп нәрсенің қадірін ұғындырған секілді. Карантинде біраз уақыт үйде қамалып отырып, кейін таза ауада серуендеуге рұқсат берілгенде, «Шіркін, өз еліміздің табиғатына, өз жерімізге жетер дүние жоқ екен ғой», десті талай жұрт.

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Шығыс Қазақстандағы қай ауылдарға интернет қосылады?

Осы 928-дің 150-і - Шығыс Қазақстанға тиесілі елді мекендер.

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Шығыс Қазақстан: Коронавирус инфекциясы 9 адамнан анықталды

Сауығып шыққандар саны – 57.

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Марқакөлде күзет күшейтілді

Қазір Марқакөлде жағдай тұрақты.