Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6490 материал табылды

Президент • 22 Ақпан, 2024

Президент «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады. Президентке ұлттық компанияның былтырғы атқарған жұмысының есебі беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 22 Ақпан, 2024

Ұлттық ұлан жауынгерлері 160 литрден астам қан тапсырды

Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің 350-ден астам әскери қызметшісі қан тапсырды. Ұландықтар мүмкіндігінше көмекке мұқтаж науқастардың өмірін сақтап қалу үшін донорлық қан банкін 162 литрге толтырды. Донорлық рәсімі Қаракемер кентіндегі қалалық қан тапсыру орталығында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 22 Ақпан, 2024

Тасымалдау кезіндегі су шығыны 25%-ға дейін азаяды - министр

Астанада су технологиялары мен ресурстары бойынша I халықаралық «Global water» форумы өтіп жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға Президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев, Delivery Unit кеңсесінің су ресурстары блогының басшысы Арман Тұрлыбек, сондай-ақ бейінді мемлекеттік органдардың, бизнестің, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Австрия, Израиль, Финляндия, Франция және басқа мемлекеттердің су саласының жетекші сарапшылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 22 Ақпан, 2024

Сенатор қазақ тілінің мәртебесін арттырудың маңызы туралы айтты

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы, «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының жетекшісі Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 22 Ақпан, 2024

Елімізде еңбекке қабілетті азаматтардың 20%-ында проблемалық несие бар

Еңбекке қабілетті жастағы Қазақстан азаматтарының 20%-дан астамы несие төлеу мерзімін 90 күннен астам уақыт кешіктіріп отыр. Бұл «AMANAT» партиясы ұйымдастырған «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасы аясында жүргізілген зерттеуде анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 22 Ақпан, 2024

Бұдан бұлай блогерлер желідегі жарнаманы таңбалауға міндеттеледі

Осы жылдың 2 наурызынан бастап инфлюенсерлер (блогерлер) коммерциялық немесе шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнаманы таңбалауға тиіс. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 22 Ақпан, 2024

Мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау сыныптары ашылды

Биылғы оқу жылынан бастап Біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді. Бағдарлама өскелең ұрпаққа адамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиені күшейту мақсатында әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат • 22 Ақпан, 2024

Сенаторлар бизнеске әкімшілік жүктемені азайту туралы заңды қарады

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар бизнес жүргізу мәселелері бойынша заңды қарады және депутаттық сауалдарын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент • 22 Ақпан, 2024

Президент сауд халқына бақ-береке тіледі

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясы Корольдігінің негізі қаланған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім • 22 Ақпан, 2024

Еліміздің 20 колледжінде «Business startup» орталықтары жұмыс істейді

Кәсіпкерлік бойынша қолайлы орта құру және білім алу, бизнес стартаптарды дамыту мақсатында былтырдан бері колледждерде «Business Startup» студенттік орталықтары ашылды. Бүгінде олардың саны 20-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.