Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6530 материал табылды

Тағайындау • 15 Қараша, 2023

Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметке тағайындалды

Ақтоты Райымқұлова Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 15 Қараша, 2023

Президент Ішкі істер министрлігіне «Бишімбаев ісін» ерекше бақылауға алуды тапсырды

Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовпен, Бас прокурор Берік Асыловпен, Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевпен, сондай-ақ басқа да салалық ведомстволардың басшыларымен кездесіп, консультациялар өткізді. Мемлекет басшысы заңның сақталуына, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға қатысты мәселелерге баса мән берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аймақтар • 15 Қараша, 2023

Шымкентте қараусыз қалған мәдениет үйі мемлекет меншігіне қайтарылды

Шымкенттегі «Фосфоршылар» мәдениет үйі Жастар сарайына айналады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 14 Қараша, 2023

Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Мемлекет басшысына сот жүйесінің қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әдебиет • 14 Қараша, 2023

Сафуан Шаймерденовтің «Ит ашуы» повесі қалай жазылды?

«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында аға тілші Азамат Есенжолдың «Көркем шығарма қалай жазылады?» атты мақаласы жарық көрді. Автор бұл мақалада жазушылардың шығармасы қалай дүниеге келетінін жазған. 

Денсаулық • 14 Қараша, 2023

Қазақстанда 5 мыңнан астам бала қант диабетіне шалдыққан

Бүгін − дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Халықаралық диабет федерациясының (IDF) мәліметінше, әлемде қант диабеті диагнозы қойылған шамамен 537 миллион адам бар. 2045 жылға қарай олардың саны 783 миллионға дейін артуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туризм • 10 Қараша, 2023

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режім күшіне енді

Бүгін Қазақстан Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 10 Қараша, 2023

Дәрігерлер Қуандық Бишімбаевтың марқұм әйелі туралы түсініктеме берді

Мейрамханада әйелін соққыға жыққан бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Оның әйелі жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осы іске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 09 Қараша, 2023

Бердібек Соқпақбаев пен Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

2024 жылы халықаралық деңгейде жазушы Бердібек Соқпақбаевтың, 2025 жылы әйгілі композитор, күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтіледі. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 09 Қараша, 2023

Елордалықтар «JOLTAP» жобасы аясында тегін білім ала алады

«Халық» қайырымдылық қоры Астана қаласы әкімдігінің «JOLTAP» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру жөніндегі бастамасын  қаржылай қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.