Еркежан АЙТҚАЗЫ
Еркежан АЙТҚАЗЫ«Egemen Qazaqstan»
183 материал табылды

Қоғам • 16 Сәуір, 2020

42 500 теңгені 3 миллионнан астам адам алды

Төтенше жағдай кезінде табыстан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін 42 500 теңге әлеуметтік төлемді 127 млрд теңгеден астам сомаға 3 миллионнан астам адам алды. 5,9 млн жолданған өтінімнің 2,15 миллионы немесе 37%-ы тұрғысында бірқатар себептерге қатысты төлем тағайындалған жоқ. Өтінім берушілердің ішінде 157 мыңға жуығының жеке бас дерегі дұрыс көрсетілмеген.

Экономика • 16 Сәуір, 2020

Бюджеттің бүйірі қалай толады?

Жаһанды шарпыған коронавирус пандемиясы әлемдік экономиканың кежегесін кейін тартып, дамушы, дамыған елдерді де жаппай шығынға ұшыратуда. Қазына қаражаты шикізатқа тәуелді елдердің жағдайы тіптен тығырыққа тірелді.

Экономика • 15 Сәуір, 2020

ОПЕК+ жаңа келісімінен кейін мұнай қымбаттай ма?

ОПЕК + елдері екі ай ішінде мұнай өндіру көлемін тәулігіне 9,7 млн баррельге дейін қысқартуға келіскен болатын. Бұл келісімге келу үшін тараптар бейсенбі күні 10 сағат уақыт жоғалтып, тіпті келіссөз демалыс күндері де жалғасқан. Бұл жолғы келісімге АҚШ алғаш рет қосылып отыр. Бұл ел тақтатас мұнайыныңарқасында әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілердің бірі саналады.

Бағдарламалар • 15 Сәуір, 2020

QWANT онлайн бағдарламасы іске қосылды

QWANT онлайн мектебінде бағдарламашыларды даярлауға арналған алғашқы білім бағдарламасы іске қосылды. Осы іс-шараның арқасында Қазақстанның цифрлік өнімдер мен қызметтерінің нарығы клиенттік және серверлік дайындалған бағдарламалық жасақтама әзірлеушілер легіне қол жеткізеді.

Экономика • 14 Сәуір, 2020

Кәсіпкерліктің хәлі нешік?

Covid-19-дың таралуының алдын алу мақсатында елдерде өнеркәсіптік өндіріс қысқарды. Карантин режіміне көшкен сәттен бастап шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын көптеген компаниялар қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болды. Қызметкерлері қысқартылды немесе ақысыз демалысқа жіберілді. Бұған дейін де елдегі шағын және орта кәсіпкерлік саласының мейманасы тасып тұрған жоқ еді.

Экономика • 14 Сәуір, 2020

Бюджетке түсетін түсім азайды

Жаһанды шарпыған коронавирус пандемиясы әлемдік экономиканың кежегесін кейін тартып, дамушы, дамыған елдерді де жаппай шығынға ұшыратуда. Қазына қаражаты шикізатқа тәуелді елдердің жағдайды тіптен тығырыққа тірелді. Елімізде қара алтын бағасының төмендеуі мұнай компанияларынан мемлекеттік бюджетке түсетін төлемдері 3 есеге қысқартып отыр. Бұл ретте, бюджетке түсетін барлық түсімдердің 40%-ы мұнай-газ секторына тиесілі. Мемлекетке бас аяғы 30 ірі салық төлеп отырған компания барын ескерсек, солардың 18-і  мұнай және газ өндірумен айналысады. Былтырғы бұл компаниялардың қазынаға аударған төлемдері 4,3 трлн теңгеден асақан. Биылғы төлемдер бұл көлемге жетеқабыл болуы екіталай... 

Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда айлық жол жүру тарифтері келесі айға ауыстырылады

Қоғамдық көліктегі айлық жол жүру тарифтері келесі айға жарамды болады. 

Қазақстан • 14 Сәуір, 2020

Инвестиция көлемі 5,1% өсті

Елімізде қаңтар-наурыз айларында жалпы ішкі өнімнің өсуі 2,7% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5,1%-ға өсті. Жылдық инфляция 6,4% құрады. Бұл туралы кезекті Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

Қоғам • 10 Сәуір, 2020

Карантин кезінде алаяқтарға алданып қалмаңыз

Fingramota.kz коронавирусқа байланысты түрлі ақша табу жолдарын қолға алған алаяқтардың саны артып келетінін ескертеді. Алаяқтар интернетте және әлеуметтік желілерде COVID-19 диагностикасы бойынша қызмет көрсету, әуе және теміржол билеттерінің, театр және концерттер билеттерінің құнын қайтару, 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік көмекті қоса алғанда, әртүрлі жәрдемақы алу туралы хабарландырулар таратып, өз арам пиғылдарын іске асыруды көздейді.

Қазақстан • 09 Сәуір, 2020

Карточкаларға онлайн тапсырыс беру қызметі іске қосылды

Бүгінгі төтенше жағдай кезінде төлем карточкасына банктердің бөлімшелеріне бармай-ақ жылдам әрі тегін тапсырыс беруге болады.