Еркежан АЙТҚАЗЫ
Еркежан АЙТҚАЗЫ«Egemen Qazaqstan»
183 материал табылды

Білім • 02 Сәуір, 2020

QWANT білім беру жобасы ашылады

Цифрлық өнім мен қызметтер нарығының қазақстандық сегментіне арналған бағдарламашылар мен әзірлеушілерді дайындайтын QWANT білім беру жобасы 15 сәуірде ашылады.

Экономика • 02 Сәуір, 2020

Мұнайдың орташа бағасы 20 доллар межесінде бекітілді

Жыл басынан бері мұнай бағасы 65,7%-ға, металдар орта есеппен 15,6%-ға, әлемдік биржалық индекстер орта есеппен 20,9%-ға төмендеді. Биылғы 1-ші сәуірдегі жағдай бойынша мұнай бағасы бір барреліне 22 долларға дейін төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен жиында Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов айтты. 

Қоғам • 02 Сәуір, 2020

Кәсіпкер індетпен күреске 200 млн теңге бөлді

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкері, «AITAS KZ» АҚ басшысы Серік Толықпаев медициналық жабдықтар мен препараттар сатып алуға 200 млн теңге бөлді.

Қоғам • 02 Сәуір, 2020

300-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылады

Жұмыспен қамтудың жаңа жол картасын іске асыруға 1 трлн теңге қарастырылған. Бағдарламада 7 мыңнан астам жоба қамтылады деп күтілуде. Олардың 300-ден астамы жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек. Бұл туралы бүгін кезекті Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов хабарлады.

Экономика • 02 Сәуір, 2020

Банктер қолұшын созуға дайын ба?

Қаржы нарығын реттеу агенттігі шағын және орта бизнестің несиелерін өтеу мерзімін ұзарту, төлемді қайта қарастыру мәселелері бойынша банктермен, басқа да қаржы ұйымдарымен жұмыс жүргізуде. Осы мәселеге жеке тоқталып өткен жөн. Көптеген кәсіпкер төтенше жағдай кезінде несиенің пайыздық үстемеақысын есептемеу үшін банктерге тапсырма беруді сұрап отыр. Мұндай қадам банктерді шығынға ұшырататынын түсінуіміз керек. Олар да біздің экономикамыздың ажырамас бөлігі. Дегенмен, мен тағы да екінші деңгейлі банктерден азаматтық жауапкершілік пен түсіністік танытуды сұраймын. Банктер қиын жағдайға тап болғанда мемлекет оларға айтарлықтай көмек берді. Қазір сіздер халыққа және отандық бизнеске қолдау көрсетулеріңіз керек. Президент Қ.Тоқаевтың мәлімдемесінен

Қаржы • 01 Сәуір, 2020

Салық салмақ салмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлер салықтық жүктемені азайтуға қа­тысты қосымша қолдауға мұқтаж екенін айтып, бұл бағытта да кешенді шаралар қолға алынатынын жеткізді. Экономист С.Жобаевтың айтуынша, еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындар жұмыс істесе де, істемесе де мемлекетке төлеуі тиіс салықтары бар. Мысалы, мүлік салығы, жұмысшыларға төленетін жеке адамдардың табыс салығы, қосымша құн салығы сынды 11 салық түрі міндеттелген. Осының барлығы төленуі тиіс.

Қаржы • 01 Сәуір, 2020

Банктер халыққа көмек қолын созуға дайын ба?

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасады. Бұған дейін шағын және орта бизнесті қол­дау­ға арналған іс-шаралар кешені жарияланған болатын. Шағын және орта кәсіпкерлер үшін салық жеңілдіктері қарастырылып, азаматтарға несені өтеу мерзімі кейінге шегерілді. Президент әсіресе, үнемі мемлекеттің қолдауына зәру екінші деңгейлі банктердің ендігі халыққа көмек қолын созар уақыты келгенін айтып, несиеның үсеме пайызын төмендету сынды шараларды қабылдауға кеңес берді. Бұл бастама отандық сарапшылар тарапынан қос қолдап қолдау табуда.

Қазақстан • 01 Сәуір, 2020

Шағын кәсіпорындар шығынға батпауы тиіс

Елдегі төтенше жағдай кезінде мемлекеттің экономиканы қолдау шараларына қандай? Ұлттық банк елде төтенше жағдай енгізілген кезеңде ұлттық валюта бағамын тұрақтандыру және экономика салалары мен секторларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін халық пен кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын қолдау шараларын қабылдады. Бұл мақсатқа ел экономикасына 1 трлн теңгеден астам қаржы көзделді.

Қаржы • 01 Сәуір, 2020

Доллардың бәсі артып келеді

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 13-27 наурыз аралығында теңгенің нарықтық бағамы 10%-ға (405,46-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 445,84 теңге деңгейінде қалыптасты деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Қазақстан • 01 Сәуір, 2020

Жұқпалы індеттен қайтыс болған адамдардың мәйітін жерлеу тәртібі жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі өте қауіпті жұқпалы туляремия, эбола, коронавирус, оба, т.б. аурулардан қайтыс болған  адамдардың мәйіттерін жуындыруға және жерлеуге қатысты қандай шаралар жүзеге асатынын жариялады.