Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
688 материал табылды

Білім • 16 Желтоқсан, 2023

Білімге құштар ұлт

Қазақ ерте кезден баласын оқытуға, сауатын ашуға тырысқан. Қорадағы соңғы малын сатса да перзентіне білім есігін ашуға барын салатын әдет, әлде үрдіс сонау бағзыдан қалыптасты. Бұл сөзімізге өткен ғасырларда-ақ білімге бойлаған, жырақтан ілім іздеген қазақтар дәлел бола алады.

Білім • 12 Желтоқсан, 2023

Ауыл баласы қайтсе сапалы білім алады?

Қолданыстағы «Білім туралы» Заңда еліміздегі барлық баланың тұрған жеріне, жағдайына қарамастан, сапалы орта білім алуға құқылы екені анық жазылған. Бірақ «Ауыл баласы мұндай мүмкіндікке ие ме?» деген сұрақ туындайды. Себебі шалғай елді мекендегі білім ошақтарының материалдық-техникалық базасының деңгейі қала мектебінен әлдеқайда төмен екені ақиқат. Ауылда кадрдың тапшы екені де белгілі. Қайтпек керек? Қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасы мен мүмкіндіктер теңсіздігін қалай жоямыз?

Университет • 10 Желтоқсан, 2023

Гонконг университетінің филиалы ашылады

Алматыдағы Қ.Сәтбаев университетінің жанынан Гонконг CityU қалалық университетінің филиалы ашылмақ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

Ғылым • 29 Қараша, 2023

Зерттеу университеті: Жаңа мәртебе ғылымды дамыта ма?

Шетелдерде ғылым негізінен уни­вер­ситеттерде жасалады. Мас­са­чусетс технологиялар институты, Кембридж университеті, Оксфорд университеті секілді жоғары оқу орындарында жүргізілген зерттеулер соны айғақтайды. Ал біздің университеттерде ғылым шетелдердегідей дамуы үшін қан­дай қадам жасалды? Қазір еліміздегі бірнеше жоғары оқу орны зерттеу университеті мәртебесін алды. Мұндай мәртебе университеттегі ғылымды, жалпы отандық ғылымды дамытуға шынымен де ықпал ете ала ма? Ғылымы да, соған сай экономикасы да дамыған елдерде ғылымды дамытудың әбден дәлелденген, нәтижелі бағыттары қалыптасқан, нақты жолға қойылған. Мұның бәрі, әлбетте, көпжылдық тә­жірибемен келеді. Өйткені жоғарыда аталған, болмаса аты аталмаған небір мықты университеттердің басым бөлігі көп жыл бұрын, тіпті кейбірі бір ғасыр бұрын құрылған. Ал біздің осыншама көп жылды жүріп өтуімізді күн сайын қарыштап дамып жатқан технология заманы, заманның талабы күтіп тұра алмайды. Сол себепті қалыптасқан ше­телдік, халықаралық ұйымдардың тә­жірибесін алу, еліміздің жағдайына қарай бейімдеу өте маңызды. Осының маңызын қалай ұғып, іс жүзінде қаншалықты жүзеге асыра алып жүрміз?

Пікір • 20 Қараша, 2023

Аударманың әуресі

Өткенде жақыны қайтыс болған бір танысымызға көңіл айтуға жиналдық. Ба­ғы­тымызды білу үшін жалма-жан ха­бар­лан­дырудағы мекенжайға үңілдік. Көшесі мен нөмірі көрсетілгеннен кейін «Пәлен» мейрамханасы, деп жазылыпты.

Медицина • 16 Қараша, 2023

«Өмір сүргім келеді»

Перзентхана. Бұл сөзді естігенде ойымызға әр нәрсе келуі мүмкін. Бірақ біздің көз алдымызда осы сөзді, сөйлемді теріп тұрған тұста перзентханадағы жүректі қаттырақ дүрсілдететін бөлімнің есігі ашылды. Бұл – жансақтау бөлімі. Иә, перзентханада да мұндай бөлім бар. Өйткені жаңа ғана шыр еткен шақалақтардың ішінде де туа сала өмір үшін күресетіндері болады. Әсіресе, әлсіз туғандары соншалықты қатты күресетіндей көрінеді.

Университет • 14 Қараша, 2023

Университеттегі ғылымның әріптестік әлеуеті

Әр салада табысты өнім өндіру үшін сол бағытта іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілуге тиіс. Ал зерттеуді жүргізетін ғалымдар негізінен жоғары оқу орнында, анығы жоғары оқу орнынан кейінгі білім сатысында қалыптасады. Магистранттар мен докторанттарды, яғни болашақ ғалымдарды даярлау ісі жемісті болу үшін университеттер маман даярлайтын саладағы өндіріс орындарымен зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «достасуы» керек-ақ. Себебі университеттегі ғылымның әлеуеті өндіріс орындарымен әріптестіктің әлеуетіне тікелей байланысты.

Білім • 10 Қараша, 2023

Балабақшаға қабылдаудың жаңа тәсілі

Қоғамда балаларды балабақша кезегіне қоюға қатысты шағымдар жиі айтылады. Бұл туралы кезінде газетімізде жарияланған «Кері кеткен кезек» атты мақалада ашып жазғанбыз. Балабақшаға қабылдау кезінде қағаз құжаттар жинау да жұмысбасты ата-ана үшін оңай шаруа емес-ті. Бірақ енді бәрі басқаша болмақ. Өйткені мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама берудің, кезекке қою мен есепке алудың бірыңғай базасы құрылады.

Қоғам • 08 Қараша, 2023

Халің қалай, бөбекжай?

Осыған дейін 3-6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізгенімізге қуандық. Алайда балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен 2 жастан қамту мәселесі алға шықты. Өйткені мектеп жасына жетпеген балалары бардың басым бөлігі – жас отбасы, ал бас қосқанына көп болмаған ерлі-зайыптылардың көбі ипотекаға байланған. Мұндай жағдайда оларға ұзақ жыл 1 адамның жалақысымен күн көру қиын. Сол себепті де аналар арасында декреттік демалыста ұзақ отырмау, баласын ерте жастан балабақшаға беру үрдісі белең алып барады. Бірақ елімізде сәбилерді қабылдайтын мектепке дейінгі ұйымдар тапшы.

Мектеп • 06 Қараша, 2023

Ауыл мектебінің әлеуетін арттыру

Еліміздің әр өңірінен, әсіресе ауылдардан, алыс-жақын шетелдерден келген білім саласының қызметкерлері Астанаға ат басын бұрды. Мұның себебі «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырған «Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан өздеріне керегін алып, тың тәжірибесін бөлісу еді.