Амангелді ҚҰРМЕТ
Амангелді ҚҰРМЕТ«Egemen Qazaqstan»
64 материал табылды

Қоғам • 28 Тамыз, 2019

Браконьерлер азаймай тұр

Жуырда Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлінің төңірегінде ұзақ уақыт бойы браконьерлікпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл топ көлдегі майқан балығының уылдырығын заңсыз жолмен жинап, саудалап келсе керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасына орай ІІМ қызметкерлері бұл топты құрықтау үшін арнайы операция өткізді.

Қоғам • 22 Тамыз, 2019

Күзетшіге мұқтаж елміз

Әдетте қазақ жастары туралы сөз қозғағанда зиялы қауым өкілдері олардың күзетші болып жүргенін жиі айтатыны бар. Мұны кейде біздің мініміз ретінде де бағалап жатамыз. Бірақ ол да кәсіп, әрі еңбек нарығындағы сұраныс мүлдем бөлек.

Қоғам • 21 Тамыз, 2019

Астың дәмін тұз келтірсе де...

Жуырда Қоғамдық денсау­лық сақтау ұлттық орталығы мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық уни­вер­ситеті арасында ынты­мақ­тастық туралы мемо­ран­­думға қол қойылды. Ме­мо­­рандумның мақсаты – дұ­рыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және жастар­дың денсаулығын нығайту үшін нан және нан-тоқаш өнім­дерінде тұзды кезең-кезеңмен азайту. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, тамақ өнімдеріндегі тұз мөлшерін азайтуды жаппай тұтынылатын өнім ретінде наннан бастаған тиімді. Сондықтан осындай меморандум жасалса керек.

Руханият • 13 Тамыз, 2019

Игеру мен игілігін көрудің айырмасы

Ел ішінде «баяғыда Абылай хан Ер Жәнібек, Райымбек тәрізді батырларына «Өзеннің басын алмай өзегі сенікі болмайды» деп Ертіс пен Іленің бастауы­на қарай қоныстануды тапсырыпты-мыс» дейтін әңгіме бар. Кәсіби тарихшылар ештеңе демегенімен, бұл аңыз бұқараның арман-аңсарын, империя болып жүрген кезге деген сағынышын, жерге иелік етіп, қоныстанудың маңызын сездіреді. Қысқасы, жердің иесіз болмайтынын тұспалдайды. Бізді ежелгі жұрттың түкпір-түкпірін қоныс қылу мәселесі қызықтырады. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде күнгейден теріскейге бағытталған көштің жайы өзекті.

Қазақстан • 02 Тамыз, 2019

Білім гранттары қалай бөлінді?

Сонымен, ұл-қыз өсіріп, олардың белгілі бір мамандық иесі болуын тілеген ата-ананың көптен күткен сәті де келіп жетті. 2019 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарық көрді. Биыл 53 785 білім гранты бөлініпті. Конкурсқа 64 452 түлек қатысты. Сөйтіп алдағы қыркүйектен бастап мыңдаған бойжеткен мен бозбала студенттер қатарын толықтыратын болады.

Қоғам • 29 Шілде, 2019

Қоритын дүниеміз бөлек еді...

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Африкадан келген азаматқа тұрмысқа шыққан отандасымыздың қадамын талқыға салып, сан-саққа жүгіртіп жатқандар көбейіп кетті. Көбі намыстанатын сыңай танытып жатыр. Бойжеткеннің таңдауын өзінің жеке ісі десіп жатқандар да жетерлік. Әркімнің өз дегені өзіне жөн болып тұрған жайы бар.

Руханият • 29 Шілде, 2019

Түгел түркіге керегі – «Томирис» пен «Күлтегін»

«Көп түрік енші алып тарасқанда» (М.Жұмабаев) қасиетті қарашаңырақты ұстап қалған біздің ел түбі бір туысқан халықтардың рухын оятатын ортақ құндылықтарды насихаттау ісінде де бірегей қадамдар жасап отыр. Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев түсірген «Томирис» фильмінің алғашқы ресми трейлерінің түркі дүниесінде зор қызығушылық тудырғаны соның айғағы деуге болады. Трейлер түрік тіліндегі субтитрімен жарияланған соң, бір күннің ішінде интернет қолданушылары миллион рет көріп үлгеріпті. Шамасы бауырлас жұрт түбі бір халықтардың көне тарихынан сыр шертетін көркем туындыға сусап жүрсе керек. Біздің де шөліміз қанбады. Бірақ біз көне тарихымыз жайлы көркем туындылар жасау ісін бастадық.

Қазақстан • 22 Шілде, 2019

Қауіпсіздік сертификатынан туған ой

Әңгіме «қауіпсіздік» жайлы ХХІ ғасыр­дың өзіндік сын қатері бар екенін бұқара жақсы біледі. Соның ішінде ақ­парат­тық тұрғыда да түрлі қатер төнуі мүм­кін екенін мойындаймыз. Мемлекет елдің ақ­парат­тық тұрғыдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барын салып жататыны бар. Бірақ соң­ғы бір­неше күндегі оқиғалар ақпараттық қауіпсіз­дігі­мізге қатысты шаралардың азаматтар мен ел мүд­десіне қызмет мақсатында емес, қалың бұ­қа­ра­ның не оқып, нені тың­дап жүргенін тұтас­тай бақылауға бағыт­талған­дай көрінгені бар. Өйт­кені байланыс опера­тор­лары аяқ астынан «қауіпс­іздік сер­ти­фи­катын орнатыңдар» деп жар сала бас­тады. Ал мұнысы «сасқан үйрек арты­мен сүң­гидінің» кері тәрізді көрінген. Себебі ақпараттық қауіпсіздік мәселесінде салғырт­тық танытқан бұқара емес, мемлекеттік құрылымдар еді.

Қоғам • 19 Шілде, 2019

Өмір сапасы – әлеуметтік мемлекет кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында атқарушы билікке бірқатар нақты тапсырма берген-ді. Солардың арасында ел азаматтарының өмір сапасын жақсарту мәселесі бар. Президент халықтың әл-ауқатын жақсартуды өзінің ең басты мақсаты ретінде қарастыратынын айтқан.

Әлем • 15 Шілде, 2019

Газ қорынан туған дау

Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде тағы да шу шықты. Ежелден бері түрлі саяси ойындар мен шиеленістердің «мәңгілік мекеніне» айналған теңіздегі айқай-шу осы жолы Кипр аралы төңірегінде болып тұр. Себебі бұл аймақта табиғи газдың қоры табылған болатын. Ал Түркия мамыр айында Кипрдің батыс тұсынан бұрғылау жұмыстарын бастаған еді. Кейін аралдың шығыс жағындағы қайраңға түріктің «Явуз» бұрғылау кемесі келіп, барлау жұмыстарына дайындық жасай бастады. Сөйтіп аймақтағы өз мүдделерін қорғауға бекінген елдердің арасында дау-дамай басталды.