Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1181 материал табылды

Қазақстан • 05 Қазан, 2021

Әр тасы тұнған тарих, сырлы шежіре Әулиеата

Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығына орай рес­публикалық «Egemen Qazaqstan» және «Ка­зах­станская правда» газет­терінің бас­та­­масымен өңір­лер­де «Ата­мекен» ақпа­рат­тық-танымдық экспедициясы бастау алған болатын. Аталған экспедиция Жамбыл облысында да жалғасын тапты.

Қазақстан • 01 Қазан, 2021

«Атамекен» экспедициясы Жамбыл облысында жалғасуда

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінің бастамасымен өңірлерде «Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы бастау алған болатын.

Коронавирус • 30 Қыркүйек, 2021

Жаппай екпе алып жатыр

Жаһанды жайлаған коронавирус індетімен күрес өз нәтижесін беріп, бүгінде Жамбыл облысы «қызыл» аймақтан шықты. Сондай-ақ тұрғындардың қауіпті індеттен қорғануы үшін вак­цина салу көрсеткіші де жоғары.

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2021

Шекарадағы ауылда шешілмеген мәселе көп

Әдетте түрлі жиын кездерінде әкімдер қай ауылда қандай шаруа­лардың атқарылып жатқанын жіпке тізгендей етіп баяндап береді. Бірақ күрделі мәселесі күрмеулі күйінде қалып келе жатқан ауыл­дардың шындығы туралы шенділердің аузынан есту қиын. Еліміз егемендік алып, еңсесін тіктеп, алтын бесігімізге қайта бақ қонған уақытта, әлі де болса, көпшіліктің көкейінде қалып келе жатқан мәселелер бар.

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021

Еңбекпен есейген ер

Елімізде еңбекпен есейген, саналы ғұмырын еңбек жолына арнаған жандар баршылық. Халқымыз ежелден жас ұрпақты аянбай еңбек етуге баулып келе­ді. Қарапайым халықтан шығып, өзінің табан ақы, маңдай терімен еңбек етіп, биікке көтерілген азаматтардың бәрі де – жастарға үлгі. Сондай жанның бірі – Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров. Ол – қырық жыл ғұмырын еліміз­де­гі химия өндірісіне арнаған, оның дамуына айтарлықтай үлес қосқан тұлға.

Қоғам • 22 Қыркүйек, 2021

«Кіші Бауыржан Момышұлы» атанған қазақ

Әйгілі қаламгер Әбу Сәрсенбаев өз естеліктерінде майдан даласында бірге болған көптеген қаруластарының есімдерін атай келіп, Ратай Сұлтанбековке ерекше тоқталады. Ол жаумен шайқаста ерлікпен қаза тапқан есіл ер ретінде суреттеледі. Жалпы, Ратай Сұлтанбеков небәрі 21 жасында батальон командирі болып, «Кіші Бауыржан Момышұлы» атанғаны туралы жиі айтылады.

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021

Жамбыл өңірінде жомарт жандар марапатталды

Жамбыл өңірінде игі бастамаларға барынша қолдау көрсетіп, қолда барын көпшілікпен бөлісіп келе жатқан азаматтар баршылық. Қоғамда қайырымды жандарға құрмет те бөлек. Аймақтағы Атымтай Жомарт азаматтарды көпшілікке үлгі ету мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында төртінші жыл қатарынан «Жомарт жүрек» сыйлығы тапсырылып келеді. «Жомарт жүрек» қайырымдылық саласындағы бұл сыйлық Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге елімізде қайырымдылық қызметін дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарды іздестіру және көтермелеу, оларға қоғам назарын аудару мақсатында тағайындалған.

Әдебиет • 19 Қыркүйек, 2021

Шерхан Мұртазаның үйі

Әйгілі Шер-ағаның, Шерхан Мұртазаның туған топырағы туралы толғанған туындылары көрнекті жазушының тағдырымен біте қайнасқан дүниелер. Өзі жазғанындай, түсіне жиі енетін Мыңбұлақ, кең арналы, келбеті көркем, кеңістігі шексіз Көксай, бәрі де қаламгердің тамырында тулаған, қаламын тербеген қасиеті мол мекендер.

Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2021

Жамбыл өңірінде жомарт жандар марапатталды

Жамбыл өңірінде игі бастамаларға барынша қолдау көрсетіп, қолда барын көпшілікпен бөлісіп келе жатқан азаматтар баршылық.

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2021

Зардап шеккен нысандар қалпына келтірілуде

Биыл тамыз айында Жамбыл облысының Байзақ ауданында орын алған төтенше жағдайдың зардаптарын жою жұмыстары жалғасуда. Бұл оқиғаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударып, жарылыс салдарынан қайтыс болған азаматтардың отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін, қираған нысандардың қалпына келтірілетінін айтқан болатын.