Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1181 материал табылды

Спорт • 04 Маусым, 2021

67 жастағы желаяқ

Талас ауданы, Тамды ауылы­ның 67 жастағы тұрғыны Жақсылық Мамырбекұлы жұртты таңдан­дыруда. Ол әлі күнге дейін жүгі­руден жа­рыстарға қатысып, жеңім­паз атанып жүр. Бір қы­зығы – ол жеңіл атлетикамен зейнет жасына шыққаннан соң ғана айналыса бастапты. Содан бері спортты жанына серік еткен ауылдағы желаяқ жастарға да үлгі көрсетіп келеді.

Әдебиет • 04 Маусым, 2021

Өз ой-дұшпаныңды жеңе біл...

Әйгілі жазушы Төлен Әбдіктің «Оң қол» деген шығармасы бар. Қаламгер Алма деген қыздың тағдыры арқылы күрделі мәселені көтере отырып, көп жағдайда адамның өз ойы мен әрекеті өзіне дұшпан екенін жеткізеді. Адамның болмысында бұғып жатқан алапат сезім кезі келгенде атойлап алға шығып, ақырында пендені еркінен айыруы мүмкін. Қоғамда орын алып жатқан кейбір қайғылы жағдайлардың негізі де адамның өзін өзі түсінбеуінің салдарынан болады.

Медицина • 04 Маусым, 2021

«Остеосаркома» қатерлі ісігіне алғаш рет операция жасалды

Жамбыл облысының дәрігерлері өңірде алғаш рет «Остеосаркома» қатерлі ісігіне күрделі операция жасады.

Әдебиет • 04 Маусым, 2021

Өз ой-дұшпаныңды жеңе біл...

Әйгілі жазушы Төлен Әбдіктің «Оң қол» деген шығармасы бар. Қаламгер Алма деген қыздың тағдыры арқылы күрделі мәселені көтере отырып, көп жағдайда адамның өз ойы мен әрекеті өзіне дұшпан екенін жеткізеді. Адамның болмысында бұғып жатқан алапат сезім кезі келгенде атойлап алға шығып, ақырында пендені еркінен айыруы мүмкін. Қоғамда орын алып жатқан кейбір қайғылы жағдайлардың негізі де адамның өзін өзі түсінбеуінің салдарынан болады.

Қоғам • 03 Маусым, 2021

95 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек беріледі

Бүгінде көпбалалы және аз қамтыл­ған отбасыларға мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілуде. Жыл сайын тағайындалатын атаулы әлеу­мет­тік көмек те тұрақты түрде беріліп келеді.

Аймақтар • 03 Маусым, 2021

«Жомарт түлек» жобасының шарапаты

Биыл Жамбыл облысында осы өңірден шығып, бүгінде түрлі салада жетістікке жеткен танымал түлектерді жастарға таныту және үлгі ету мақсатында «Жомарт түлек» жобасы қолға алынған еді.

Аймақтар • 02 Маусым, 2021

Қажымұқанның жолын қуған

Қазақта «Күш атасын танымас» деген сөз бар. Ұлы даламызда егеулі найза қолға алып жауға шапқан батырлар да, алысқанын алып жыққан балуандар да өткен. Сол тектілердің жалғасындай болған азаматтар арамызда бүгін де бар. Қазіргі заманның Қажымұқаны деуге тұрарлық Айбар Ержанов бұл күнде ауыр жүк көліктерін жалғыз өзі сүйреп, көпті таңдандыруда. Ол әуелі жол талғамайтын жапондық үш «Джип» автокөлігін қатарынан жалғыз тартып көптің ықыласына бөленсе, жуырда салмағы 15 тонна болатын ауыр жүк көлігін тағы да жалғыз сүйреп ерекше қабілетін танытты.

Аймақтар • 01 Маусым, 2021

Жамбыл облысында есірткі қылмысымен күрес жалғасуда

Қазіргі кезде есірткі қылмысының алдын алу, оны болдырмау аса маңызды. Сондай-ақ Жамбыл облысының аумағында есірткіні дайындау, тасымалдау деректерін анықтау және жолын кесу мақсатында да түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 01 Маусым, 2021

«Денсаулық саябағы»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Таразға тарту» жобасы аясында Тараз қаласының «Қарасу» алабынан «Денсаулық саябағы» салынуда. Бүгінде аталған алаптағы каналдың жағалауы тазартылып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Саябақтың аумағы бес гектарды құрайды. Бұл қала халқының тынығуына, саламатты өмір салтын сақ­тауына қолайлы орталық болады деп жоспарланған.

Аймақтар • 01 Маусым, 2021

Қала көркін ашатын «Таразға тарту»

Бүгінде өңірде Тараз қаласын абаттандыру мақсатында «Таразға тарту» жобасы қолға алынып, барлық аудан әкімдіктері қаладағы тиісті орындарды абаттандыруға жауапты болып бекітілген. Осы орайда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралап, қаладағы құрылыс, жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.