Аймақтар • 07 Қараша, 2023
«Маңғыстау жастары»: баспаналы болуға қадам
Жастардың баспаналы болуы оңай емес. Осы орайда Маңғыстау облысында мемлекеттік секторда қызмет етіп жүрген жастарды қолдау мақсатында іске қосылған жаңа бағдарламаның маңызы зор.
Аймақтар • 06 Қараша, 2023
Елімізде қанатқақты жоба ретінде тұңғыш рет әкімі сайланған 42 ауданның бірі – Бейнеу. Ауданда орналасқан сайлау учаскелері жұмысын таңғы сағат 7-де мемлекеттік әнұран орындаумен бастады.
Баға • 02 Қараша, 2023
Маңғыстау облысы: Жағдай тұрақты
Маңғыстау облысы – сұйытылған газдың ірі тұтынушысы. Ай сайын өңірде 18 мың тонна шамасында газ пайдаланылады. Жаңаөзен қаласындағы «Қазақгазөңдеу зауыты» ЖШС айына 17 мың тонна газ өндіріп ішкі нарықты қамтамасыз етсе, қалған 1 мың тонна газ қосымша «Атыраумұнайөңдеу зауыты» ЖШС-нан алынады.
Көрме • 29 Қазан, 2023
Суретшілерге шабыт берген экспедиция
Маңғыстауда мың бояулы сурет әлемінің шеберлері аз емес. Талай додалардан жүлде алып, туған елдің өткені мен бүгінін, ел мен жерді, ұлттық құндылықтар мен тұрмыс-тіршілігімізді қаз-қалпында көз алдыңа көрікті картина етіп ұсынып жүрген суретшілер – тарихты қылқаламмен хаттаушылар.
Аймақтар • 24 Қазан, 2023
Жаңа үйлер жасыл желекпен абаттандырылады
Отбасы банктің Маңғыстау облыстық филиалы ұжымы Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған ағаш отырғызу акциясына қатысты.
Жануарлар • 24 Қазан, 2023
Маңғыстаудың маң даласының сәнін келтіретін аңдардың бірі – арқар. Пір Бекеттің асырауында болған түлік саналатындықтан өңір тұрғындарының ұғымында арқарға деген құрмет айрықша. Бір жылдары әртүрлі себеппен саны азайған арқардың басы қазір қайта көбейіп келеді.
Шаруашылық • 24 Қазан, 2023
Шаруасын дөңгелетіп, өзімен бірге өзгелердің де нәпақа айыруына сеп болып отырған шаруашылықтың бірі – «Құлжановтар» қожалығы. Маңғыстау ауданының «Нысап» жерінде мал өсіріп, егін егумен айналысып келе жатқан шаруашылықтың жұмысы жолға қойлыған.
Аймақтар • 19 Қазан, 2023
Жаңаөзен қаласындағы мәселелер толықтай шешімін тапты деуге әлі ерте. Жылдар бойы қордаланған зәруліктерді аз ғана жылдың аясында шешудің оңай емес екенін ескере отырып, бүгінде істеліп жатқан жұмыстарға қанағат етуге тиіспіз. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласына үш күндік іссапармен барып, Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі сияқты қала маңындағы ауылдарда есептік кездесулер өткізді. Жұмыс сапарының соңғы күні аймақ басшысы Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесіп, пікірлесті.
Егемен Қазақстан • 16 Қазан, 2023
Басылымдардың басты байлығы – оқырман
Баспасөзге жазылу жалпының ісі болғанымен әлеуметтің газет-журнал оқудан сырт айналғанына біраз болғаны белгілі. Бұл ақпарат саласында қызмет істейтіндердің ғана шаруасы ретінде бағаланып жүр. Соның салдарынан жыл сайын мерзімді басылымдарға жазылу мәселесі қиындық туғызып келеді.
Аймақтар • 16 Қазан, 2023
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 5 қарашаға тағайындалған аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу шеңберінде Маңғыстау облысына инспекциялық сапармен барды.