Аймақтар • 19 Наурыз, 2020
Кәріз суы ма, жер асты суы ма?
Маңғыстауда Каспий теңізі мен су айдынына қатысты алуан мәселе оқтын-оқтын бой көрсетіп келеді. Ақпан айында суы қызыл түске еніп тұрғындарды бір дүрліктірген теңіз жағалауында көктемде тағы бір мәселе «бас көтерді». Бұл – жағалаудағы ғимараттар маңайын су басуы. Мұны тұрғындар теңіздің суы емес, кәсіпорын, мекемелердің кәріз суы деп қабылдады.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2020
Жыл басынан бері із-түзсіз жоғалған маңғыстаулық 14 адам үйлеріне оралды
Маңғыстау облысы бойынша Криминалдық полиция басқармасының қылмыстық іздестіру қызметкерлері 2020 жылдың 18 және 19 наурыз аралығында «Іздеу» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2020
Ақтау: Қоғамдық көліктер екі сағат сайын тазаланып жатыр
Ақтау қаласында алты бағыт бойынша 70-ке жуық қоғамдық көліктерге дезинфекция жұмыстары күнделікті әр екі сағат сайын жүргізілуде. Тазалық жұмыстарын көлік жүргізушілері мен жолсеріктер хлор препараттарын қолданып істейді. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2020
Жаңаөзенде полицейлер мұнай мекемесі басшыларымен кездесті
Жаңаөзен қаласының Полиция басқармасында мұнай ұйымдарының, кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өтті. Мақсаты – салынған әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы заңды түсіндіру. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2020
Маңғыстауда сауда орындары өзгертілген режимде жұмыс істейді
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Мұстапаева Венера Тұранқызы мәлім етті.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2020
Төтенше жағдай: Вахталық жұмыс кестесі қалай реттелетіні анықталды
Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы Еңбек инспекциясының басшысы Әлігер Іңкәров мәлімдеді.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2020
Ақтаулық студенттер қашықтан оқытыла бастады
Ақтаудағы іргелі мемлекеттік оқу орны - Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті короновирусқа байланысты қашықтан оқытуға көшті. Университетте Жоғары оқу орны үшін бұл тәсіл жаңалық емес, сондықтан қандай да бір қиындық туғызбаған. Өйткені, студенттердің қашықтан білім алуына жол ашқан «Универ» ішкі LMS жүйесі бірнеше жылдан бері қолданыста бар.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2020
Маңғыстаулық кәсіпорындар үздік жүздікке енуге ынталы
Дүниежүзілік банк қаржыландыратын Қазақстандағы өнім тасмалдаушыларды дамыту бағдарламасын іске асыруға Ұлттық экономика министрлігі мүдделі. Жоба «Qazaqindustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен жүзеге асырылады. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Маңғыстау облыстық филиалы баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2020
Маңғыстауда көшелерге жол қауіпсіздігіне орай билбордтар ілінді
Ақтау қалалық Полиция басқармасы кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында жүргізушілерді жолда сақ болуға шақыратын билбордтар орнатты. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2020
Маңғыстау: Ардагер тергеушілер құрметке бөленді
Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары тергеу қызметінің құрылғанына 57 жыл толуы қарсаңында Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Амангелді Досжановтың төрағалығымен ПД Тергеу басқармасының тергеушілері мен анықтаушылары осы салада көп жылдар бойы қызмет еткен ардагерлер ағаларымыз Қуандықов Жұмағали, Сарин Қайрат, Саулебаев Рашид, Нсанбаев Хайролламен кездесті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.