Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1245 материал табылды

Музей • 06 Қыркүйек, 2023

Құнды жәдігерлермен толықты

Музей төрінен орын алуға тиіс маңызды жәдігерлердің белгілі бөлігі ауқатты адамдардың жеке коллекцияларында сақталып, тіпті кейде көлеңкелі айналымда қолдан-қолға өтіп жүре бере­тіні белгілі. Күні кеше Алматыдағы Мемлекеттік орталық музей­дің қоры осындай тарихи маңызы зор 360 жәдігермен толықты.

Өнер • 05 Қыркүйек, 2023

Жанға жылу сыйлаған

Оралбек Қабөке шығармалары отбасы құндылықтарының қадір-қасиетін тереңнен сезінуге шақырады. Оның қаламынан тамған сырлы бояулар жаныңа өзгеше жылы ұшырайтыны сондықтан. Суретші өз картиналарына тақырып іздеп, қиядан асып, ел шетіне шығып кетпейді. Өмір мен болмыстың заңдылықтарын ата дәстүрден, ұлттық тұрмыстың ғасырлар бойы сыннан өтіп, дәлелденген қарым-қатынасынан, адам жан-дүниесінің ырғақтарынан іздейді.

Басылым • 04 Қыркүйек, 2023

Қытай медиа холдингі – «Қазақ газеттерінде»

«Қазақ газеттері» ЖШС алматылық басылымдарының басшылары Алматыдағы Достық үйінде ҚХР Шаньдун провинциясынан келген әріптестермен кездесті. Қытай делегациясын Шаньдун партия комитеті ақпарат министрінің орынбасары Си Яньчунь бастап келді. Делегация құрамында Шаньдундағы ең ірі медиа холдинг саналатын «Dazhong Newspaper Group» компаниясының оннан астам өкілі бар.

Алматы • 24 Тамыз, 2023

Алматы қоқыс алаңына айналмасын десек

Әлемнің әр қиырында сәт сайын жиналып жатқан миллиондаған тонна қалдықпен бірнеше көлді толтыруға болады десе сенесіз бе? Бұл қоршаған ортаны тұрмыстық һәм өндірістік қалдықтан қорғау ғаламдық экологияның өткір мәселесі екенін көрсетеді. Өндіріс өркен жайған жаңа мүмкіндіктер дәуірінде де бұл проблема өзектілігін жоймай отыр. Әсіресе халық тығыз орналасқан алып мегаполистерде қалдық қорының шамадан тыс ұлғаюы, енді 20-30 жылдан кейін бұл проблеманы тіптен күрделендіре түсетінін айтып мамандар дабыл қағуда.

Музей • 09 Тамыз, 2023

Музей ісінің көшбасшы мамандары Алматыға келді

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Еуразия көшпенділерінің мәдениеті: дәуірлер, есімдер, оқиғалар» атты ғылыми-танымдық кездесу өтіп, тағылымды шараға алыс-жақын шетелден келген ғалымдар мен археологтар, музей саласының жетекші мамандары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қоғам • 07 Тамыз, 2023

Қамкөңіл жандарды тегін тасымалдайды

Қамкөңіл жандарды қолдау – қоғамға ортақ міндет. Қыркүйек айынан бастап Алматыда ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған «Инватакси» жобасы кең ауқымда іске қосылады. Бастапқы екі айда қанатқақты жоба ретінде жүзеге асатын бастама мұқтаж жандарға үлкен көмек болғалы тұр.

Қоғам • 03 Тамыз, 2023

Салғырттықтың салдары

Алматының «Ақкент» тұрғын үй кешенінде болған өрт салдарынан 43 адам зардап шегіп, 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Өкінішке қарай, 31 жастағы әйелді ажалдан арашалау мүмкін болмады. 16 қабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерлер жалынға оранып, 200-ден астам тұрғын эвакуацияланды.

Қоғам • 02 Тамыз, 2023

Ашық қоғамның алғышарты

Қоғамның өз талап-тілегін ұжымдық өтініш арқылы жеткізу үрдісі – әлемнің дамыған елдерінде әлдеқашан қалыптасқан дүние. Технология өрістеген жаңа мүмкіндіктер дәуірінде халық үнін өркениетті түрде білдірудің тиімді тәсілі біздің қоғамнан да көрініс таба бастағандай.

Қоғам • 01 Тамыз, 2023

Сәулет пен сапа үйлесімі

Алматының өткенінен сыр шертетін тарихи нысандар замана сыпатына сай сән түзеген зәулім ғимараттардың тасасында қалмауы қажет. Мемлекет басшысы көне шаһардың тарихи келбетін сақтау «бармақ басты, көз қысты» қарайтын мәселе емес екенін қала билігіне шегелеп тапсырған болатын.

Қоғам • 21 Шілде, 2023

Сот жүйесінің ілгері қадамы

Биылғы наурыз айында Мемлекет басшысы сот жүйесі мен судьялар мәртебесіне өзгеріс енгізуді көздейтін Конституциялық заңға қол қойғаны мәлім. Сот төрелігіндегі реформалар Алматының заң қызметкерлеріне қалай әсер етті әрі мегаполис тұрғындары әділет саласының өкілдеріне қаншалықты сенім артады?