Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1174 материал табылды

Айбын • 18 Қаңтар, 2024

Генерал тағылымы

Әскери өмірдің айнасына айналған айбынды тұлға Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына биыл 100 жыл. Ел тарихында есімі алтын әріппен қашалған қайрат­кер тәуелсіз Отанымыздың тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы, ел тыныштығын күзетіп сапта тұрған сан мың сарбаздың үлгі тұтар тұлғасы.

Ән • 25 Желтоқсан, 2023

Үздік күйші-термешілер анықталды

Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музейде XIX ғасырдағы жыраулық поэзияның көрнекті өкілі, күйші, композитор Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Қайран, Нарын...» Алматы қалалық күйшілер мен термешілер сайысының марапаттау рәсімі өтті.

Қоғам • 20 Желтоқсан, 2023

AlmaU-дың айрықша жинағы

Алматы менеджмент университетінде «Алаш қай­раткер­лерінің озық идеялары» атты ғылыми жинақ­тың тұсаукесері өтті. Жинақ университеттің 35 жылдығына орай шығарылып отыр.

Алматы • 15 Желтоқсан, 2023

Үш жылдың бюджеті бекітілді

Елдегі ең үлкен мегаполистің әлеуметтік дамуына баса мән берілмек. Кезектен тыс сессияда мәслихат депутаттары Алматы қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетіне қатысты негізгі бағыт­тар­ды саралады. Сессия жұмысына қатысқан Алматы әкімі Ерболат Досаев, депутаттар мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары шаһардың алдағы үш жылға арналған бюджетін бекітті.

Алматы • 14 Желтоқсан, 2023

Алматыдағы ақын кеші

Алматыда Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы­ның орынбасары, көрнекті ақын, белгілі ғалым Бауыржан Жақып­тың «Күлімсіреп аспан тұр» атты әдеби сазды кеші өтті. Жырға құмар жүректерді М.Әуезов атындағы «әкемтеатрға» жинаған жып-жылы жүздесуде сыршыл ақынның поэзия әлеміне саяхат жасадық.

Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2023

Алматыда Таймас Нұртаевтың фотокөрмесі ашылды

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде фотосуретші, саяхатшы Таймас Нұртаевтың «Жер шары: бұл әлем қандай ғажап!» атты жеке фотокөрмесі ашылды.

Алматы • 01 Желтоқсан, 2023

Қауіпсіздік ережесі ескерілмеген

Бейсенбінің таңы жайсыз хабармен басталды. Алматыдағы Әди Шәріпов көшесі, 86 мекен-жайында орналасқан ғима­рат­тың жертөлесінен шыққан өрт салдарынан 13 адам қайтыс болды. Төменгі қабаты мен жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабат­ты тұрғын үйдің басқа да тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланып, 2 азамат қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді.

Әдебиет • 29 Қараша, 2023

Оразақ Смағұлдың жаңа кітабы жарық көрді

Еліміздегі антропология саласының негізін қалаушы, қазақ ғылымының абызы – Оразақ Смағұлдың «Өмірімнің мәні мен сәні» деп аталған кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мирас • 28 Қараша, 2023

Бала шешендер бәсекесі

Бүгінгі технократия дәуірінің жеткіншектері көркем шығармаларды көз майын тауыса оқиды дей алмассыз. Жаңа буын жас ұрпақты рухани тәрбиеге баулудың бір тетігі – олардың бойына ана тілдің қадір-қасиетін сіңіру. Алматыдағы республикалық Абай мектебінде дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Ділмар» шешендік өнер байқауы – жас ұрпақтың жаңа сапасын қалыптастыруға серпін беретін бірегей жоба.

Қылмыс • 23 Қараша, 2023

Қаскүнемдер қолға түсті

Тұрғындардың ақылды камераларды жаппай орнатуының арқасында, кейінгі бірер жылда пәтер ұрлығы едәуір азайған. Дей тұрғанмен, өзгенің несібесіне қол сұққан қаскүнемдер әлі де болса мегаполис тұрғындарының мазасын қашырып тұр. Күні кеше алматылық полицейлер пәтер тонаумен айналысқан Тәжікстан азаматтарын қолға түсірді.