Темір ҚҰСАЙЫН
Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
392 материал табылды

Сұхбат • 02 Сәуір, 2020

Тұмаудан отыз есе тез жұғады

Қ.Г.Сүлейменов М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті уралогия кафедрасының оқытушысы. Көп ізденіп, көп нәрсеге зейін қойып медицина ғылымы мен саласындағы кейінгі құбылыстар мен өзгерістерге ой жүгірте жүретін азамат. Біз осы ЖОО оқытушысына төрткүл әлемнің 177 мемлекетіне тараған коронавирус инфекциясына қатысты бірер сауал қойған едік.

Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Минералды су шығару зауытының мүмкіндігі мол

Биылғы жылдың наурыз айында Шалқар қаласында екі кезеңнен тұратын инвестициялық жоба толық көлемінде жүзеге асты. Сөйтіп мұнда «Минеральные воды Казахстана» ЖШС «Шалқар Premium-2» минералды су құю зауыты ашылып пайдалануға берілді. Оның өндірістік қуаты мен әлеуеті және өнімдер шығару мүмкіндігі мол деуге толық негіз бар. Атап айтқанда жаңа зауыттың конвейрінен айына сыйымдылығы 1,5 литрлік шалқар емдік асханалық суының 2,4 млн және 0,25-0,5 литрлік 1,5 млн боклашкасын шығару көзделген.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Ақтөбе облысы: Бағаны негізсіз көтергендерді автоматты жүйе айқындайды

Биылғы 2020 жылдың қаңтар айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» ҰКП «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық талдау жүйесін құрғаны мәлім. Сөйтіп, бұдан үш ай бұрын аталған жүйе өз қызметін бастап кеткен-ді. Осы уақыт аралығында жүйеде жүргізілген мониторингтер жоғары сапалық деңгейге ие бола бастағаны белгілі болып отыр.

Өнер • 31 Наурыз, 2020

Ақтөбеде Димаштың қатысуымен «baqytty bala» фестивалі мәресіне жетті

Ақтөбе аймағында адам баласының балалық шағын бақытты етудің барлық бағыттары белгіленген. Мұндай әкелік қамқорлық олардың жан-жақты өсіп жетілуіне ықпалын тигізуде. Осы өңірде тұсауы кесілген «Baqitty bala» атты балалардың ашық вокалдық фестиваль байқауы - «Бұлақ көрсең, көзін аштың» басты көрінісі. Қазіргі кезде дәстүрге айнала бастаған жас жеткіншектердің ән сайысы өңір брэндіне айналып келеді.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Ақтөбе облысы: Әлеуметтік осал топтарға жәрдемақы тағайындалады

Коронавирус індетінің таралуына байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай мен ірі қалалардағы карантиндік кезең әлеуметтік осал топтарға қаржылай көмек көрсетуге тосқауыл қоя алмады. Бұл міндет атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар қатарын да қамтыды.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Ақтөбе облысы: Шалғай ауылдар интернет жүйесіне қосыла бастады

Сәуір айының алтыншы жұлдызында республика мектептеріне қашықтан оқыту үдерісі енгізілмек. Бүгінгі күні оған жан-жақты әзірлік жұмыстыра жүргізілуде. Жаңа істің тетігі оңайлықпен қолға ұстата бермейтіні белгілі. Бұл орайда бүгінгі күні басты проблеманың бірі – интернеті жоқ ауылдарды жаңа форматтағы оқыту жүйесіне тарту екендігі аян.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Вирус жұқтырмаудың басты жолы - оқшаулану

Ақтөбе облысының әкімі О.С.Оразалиннің Үндеуінде осы мәселеге басымдық берілген.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Ақтөбеде халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары белгіленді

Ақтөбе облысы мен онымен көршілес Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында коронавирус инфекциясы таралып отыр. Соған байланысты Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева пандемияның кеңінен таралу қаупінің алдын алу үшін арнайы Қаулы шығарды. Мұнда тұтастай өңір мен Ақтөбе қаласы аумағында халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жан-жақты қамтылған.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Қайырымдылық акциясының ауқымы кең

Коронавирус ошағын жою мен ауыздықтауға байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай халықтың осал топтарын қолдауға қатысты жұмыстарды жүргізуге тұсау сала алмады.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Салық төлеуге қатысты жеңілдіктер мен қолдау пакеті белгіленді

Қазіргі коронавирус кезеңі республика өңірлерінің қаржы-экономикалық жағдайына теріс әсерін тигізбей қоймайтыны кәміл. Бұлай болатын себебі бұған дейінгі қалыпты кезеңдегідей емес, жергілікті бюджеттерден қаражат көлемінің белгілі бір көлемі коронавирусқа қатысты іс-шараларды жүргізуге бөлінетінінде.