Темір ҚҰСАЙЫН
Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
392 материал табылды

Қазақстан • 21 Мамыр, 2020

Жүк көліктерін қалаға кіргізбеу үшін...

Ақтөбе қаласының іргесіндегі Елек өзенін қиып өтетін айналма көпірдің құрылысы жүргізілуде. Аталған гидроинженерлік нысан құрылысының толық аяқталуы республикалық бюджеттен қосымша бөлінетін қаражатқа байланысты болып отыр.

Руханият • 21 Мамыр, 2020

Қасірет

Ақтөбе облысы – тау түгілі, төбесі жоқ дерліктей қазақтың кең жазық даласындағы өңірлердің бірі. Дегенмен, аймақ аумағында шоқылар мен жоталар жетерлік. Ақтөбе қаласының маңындағы осындай шоқылардың бірін жергілікті тұрғындар Түйетөбе деп атап кетіпті. Сонау өткен ғасырдың отызыншы жылдар жаңғырығы дәл осы тұстан елес беріп тұрғандай. 30-жылдары Ақтөбе өңірінде 8 мыңнан астам адам саяси қуғын-сүргінге тап болып, олардың екі мыңнан астамы ату жазасына кесілген екен. Көпшілігінің мүрдесі осы Түйетөбе сайында жатыр.

Таным • 21 Мамыр, 2020

Ақтөбеде мемлекеттік тілді еркін меңгергендер көбейіп келеді

Ана тілін еркін меңгеруі арқылы өскелең ұрпақ бо­йында туған жері мен елін шексіз сүйе білу дағдылары қалыптасады. Оның терең иірімдеріне бойлай білу – сана­лы азамат болып қалыптасуды қалайтын жастар мен студенттердің басты парызы болмақ.

Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Ақтөбеде мемлекет-жекеменшік әріптестік үлесі артқан

Пандемиядан алынатын сабақтың бірі мемлекет-жекеменшік әріптестігінің (МЖӘ) арақатынасын одан әрі кеңейту болып отыр. Әрі мұндай тәсіл босап қалған бюджеттің бір жақ шығыс-кіріс бөліктерінің орнын толтырудың басты бір жолы да. Өзге өңірлермен салыстыра қарағанда бұл бағыттағы тәжірибе Ақтөбеде тереңірек орнығып келгенін ешкім жоққа шығара алмайды. Қазіргі күні осындай пайдасы мол істің екінші толқынының екпіні айқынырақ естіле бастады.

Қоғам • 18 Мамыр, 2020

Ана тілі – арым дейтін жастар көп

Өткен жылы Ақтөбе қаласында ҚР-ның «Тіл туралы» Заңының қабылданғанына 30 жыл толуына орай түрі мен мазмұны үйлесім тапқан көптеген іс-шаралар жүзеге асты. Осы орайда бір мәселе айқын деуге болады.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Ауыл – ұлттың ұйтқысы

Қазіргі кезде еліміздің шалғай аудандары мен ірі елді-мекендерінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында өрелі өзгерістер болып жатқанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Әйтсе де «Көрмес түйені де көрмес» дегендей, мұндай өміршең жобалар мен ауқымды істерді көргісі, елегісі келмейтін адамдар да жоқ емес. Керісінше ел ішіндегі жақсылықтар мен жаңалықтарды жаны сүйетін, оны мақтан тұта алатын ой-өрісі жоғары, парасат-пайымы биік азаматтар да жетерлік. «Егеменнің» Ақтөбе қаласындағы тілші қосынына шалғайдағы Темір ауданынан арнайы келген ақсақал, қаржы саласының ардагері Мұхит Қабылұлын дәл осы қатарға қоюға әбден болады ау деген ойға келдік. Өйткені ол «Егеменге» жеке бастың қамымен емес, ел ішінде атқарылып жатқан сан-алуан істер мен тыңдырымды жұмыстар жөнінде айтуды қажет деп тауыпты.

Ақтөбе • 16 Мамыр, 2020

Ақтөбеде жаңа тұрғын үй ауданының жобасы жасалды

Ақтөбе қаласының бас жоспарына сәйкес облыс орталығының оң түстік батыс аумағында Батыс-3 деп аталған көп қабатты тұрғын үй массивы бой көтермек. Оның жалпы аумағы 863 гектар аумақты құрайды.

Ақтөбе • 16 Мамыр, 2020

Сүт өнімдерін ұлғайту үшін...

Күнделікті тұтынатын тағамның бірі – сүт. Әйтсе де дүкен сөрелерінде бұл бағыттағы отандық өнім түрлері жиі кездесе бермейді. Мұның өзі өзара бәсекелестікте ресейлік, беларуссиялық және украиналық тауар өндірушілерге есемізді жіберіп жүргеніміздің белгісі болып жүрмесін. Қалай дегенде де бүгінгі күні отандық сүт өнімдерінің бәсекеге қабылеттілік деңгейін көтеру ісі өткір күйде тұрғаны жасырын емес.

Аймақтар • 16 Мамыр, 2020

Қой өсіруден түсетін табыс мол

Көктем болашақ мол егін мен астықтың негізі қаланатын кез ғана емес, сонымен бірге мал төлдеп, қорада шу болатын қарбалас шақ. Осы арада Ақтөбе облысында қой өсіруге қатысты кейбір мәселелерді ортаға салғанды жөн көрдік.

Аймақтар • 13 Мамыр, 2020

Гуманитарлық жүк тиеген көліктер Ақтөбеден Мақтааралға аттанып кетті

Түркістан облысында техногендік сипаттағы төтенше жағдай орын алғаннан кейін ақтөбеліктер қиын жағдайға тап болған мақтааралдықтарға қолдау көрсету қажет деп тапты. Сөйтіп олар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, қысқа уақыттың ішінде Оңтүстік өңірге жіберілетін гуманитарлық көмек қорын жасақтады.